Аудан экономикасы еліміздің біртұтас экономикалық кеңістігінің құрамдас бөлшегі. Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне жылдан-жылға артығымен қол жеткізілуде.
Жалпы ауданымыздағы шығарылған ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығы саласының үлесі жобамен 59,1 пайызды құрап, ауыл шаруашылығы саласының нақты көлем индексі 36,468 млн теңгеге жетті. (2020 жылы 35,1 млн тн, 102,7 пайыз). Орындалуы 101%.
Оның ішінде егін шаруашылығы бойынша 17,9 млн тн (98,0%), мал шаруашылығы 18,5 млн тн (104%).
2021 жылдың өнімі үшін 59 090 га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 2020 жылмен салыстырғанда 2208 гектарға артық егілді.
Масақты дәнді дақылдыр 39 174 гектарға егіліп, (2020 жылы 37 424 га) әр гектардан алынған орташа өнімділік 12,6 ц/га, жалпы түсімі 49 359 тонна.
Оның ішінде: күздік бидай 10 098 га, орташа өнімділік 13,0 ц/га, жалпы түсімі 12 925 тонна. Жаздық арпа 29 076 га, орташа өнімділік 12,5 ц/га, жалпы түсімі 36 434 тонна.
Майлы дақылдардың - 22 071 гектарға егіліп, орташа өнім 8,7 цн/га құрап, жалпы түсім 19 201 тонна.
Картоп – 2 660 гектарға егіліп 64 638 тонна жиналды, орташа өнім 243 цн/га құрайды.
Көкөніс – 707 гектарға егіліп 17 887 тонна жиналған, орташа өнім 253,8 цн/га құрайды.
Тұқым. Алматы және Красноводопад ғылыми институттары арқылы 85 тонна күздік бидайдың, 40 тонна арпаның және 12 тонна мақсарының элиталы тұқымдары алынып, арнайы дайындалған жерлерге егіліп, жоғары репродукциялы тұқымдар алынды.
Техника. Ауданда 1596 дана ауыл шаруашылығы техникалары бар. 2021 жылы 1 126,4 млн. теңгеге 160 дана техника алынып, жаңару көрсеткіші 10 пайызды құрады. Оның ішінде 1 астық комбайны, 54 дана трактор және 105 дана басқа да техникалар.
Жанар-жағар май бойынша 2021 жылдың көктемгі дала жұмыстарына 1553 тонна қажетті кепілдендірілген дизель отыны бөлініп, шаруаларға 1 литрі 188 теңгеден таратылса, күзгі дала жұмыстарына 1690 тонна кепілдендірілген дизель отыны шаруаларға «Ақ қайың» ЖШС-гі арқылы толығымен таратылды.
Минералды тыңайтқыш. 2021 жылға 4056 тонна минералды тыңайтқыш алу жоспарланып, 318 шаруа қожалық тарапынан 4 925,8 тонна минералды тыңайтқыш алынып, 36745 гектар егіс алқабына себілген. (Жоспар 121,4%-ға орындалды.) (2020 жылы 3881 тонна алынған).
Мал шаруашылығы: Мүйізді ірі қара 48 507 басты, (2020 жылы 46641 бас) қой-ешкі 204 922 басты, (2020 жылы 197845 бас), жылқы 14 052 басты, (2020 жылы 13092 басқа), құстар 82 205 басты, (2020 жылы 80593 бас) құрап, жоспар 104 пайызға орындалса, мал төлдету барысында 100 бас аналықтан алынған төлдер саны; төл бұзау - 87 бас, қозы - 105 бас, құлын – 77 бас. Жалпы алынған төл бұзау – 17922 бас, қозы – 101 258 бас, құлын - 3855 басты құрады.
Мал шаруашылығының өнімдерінің индикаторлық көрсеткіштері ет тірі салмақта 14075 тоннаға жоспарланып, 14780 тоннаға орындалды (105%), сүт 44631 тонна жоспарланып, 47309 тоннаға орындалды (106%), жұмыртқа 8 046 мың дана жоспарланып, 8 288 мың данаға орындалды (103%).
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция, нақты көлем индексі жылдық жоспары бойынша 143,0 млн. теңге бүгінгі күнге өндеуші кәсіпорындары арқылы 544,8 млн. теңге инвестиция салынды.
Ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестициясының нақты көлем индексі 12 айдағы жоспар 1 162,7 млн тенге. Орындалғаны 1 165,0 млн. теңге (2020 ж 837,4 млн. тг.) көлемінде, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 115% жоғары.
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру пилоттық жобасы негізінде:
Бүгінгі күнге нақты 368 млн. теңгеге 79 құжат СПК Таразға өткізіліп, мақұлданды. Оның ішінде 10 жоба 5 ші бағыт бойынша.
Сыбаға бағдарламасы бойынша 14 шаруашылық 149 млн. теңге қаржыға 3689 бас мал сатып алды.
Аудан орталығында орналасқан «Жуалы несие серіктестігі» аясында «Агротехника», «Агробизнес», Кең Дала», «Іскер» бағдарламалары және Жұмыспен қамту орталығы арқылы барлығы 187 адам 919,2 млн. теңге несиеге қол жеткізді.
Су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша СПК Тараз арқылы барлығы 25 барабанды жаңбырлатып суғару қондырғылары алынды. Ауданда су үнемдеу технологиялары 2640. гектар жерге орналасқан (100%), бұл жоспардағы суғармалы жердің 31,2 пайызын құрайды.
Су тоғандары бойынша 2021 жылы ауданда орналасқан 11 каналға барлығы 47,0 млн. теңге (облыстық бюджеттен 33,9 млн тенге) бөлініп, 55 шақырым каналдар тазаланып, су берілді. Нәтижесінде барлығы 6 елді мекендердің жеке қосалқы шаруашылықтары және 280 га егістік жерлер сумен қамтамасыз етілді.
Егістік алқабын ұлғайту және әртараптандыру бойынша: жоспар 20,4 га танқурай, орындалғаны 25 га, (122%), жоспар 1,6 га құлпынай, орындалғаны 2 га, (125%), жоспар 483,2 га алма, орындалғаны 483,2 га, (100%).
Суармалы жерлер алқабын арттыру бойынша: жоспар 590га, орындалғаны 590га, (100%).
Ет экспорты: жоспар 40 тонна, орындалғаны 287 тонна, (717%).
Статистикалық деректерге сәйкес 2021 жыл қортындысымен аудан көлемінде 5 136 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 2 орта, 225 шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар), 2397 жеке кәсіпкерлер және 2512 шаруа қожалықтар, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік субъектілері 4,1 пайызға артқан. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілер саны 4 757 былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға артып отыр. Осы кәсіпкерлік субъектілерінде барлығы 9552 адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 244 адам орта кәсіпорындарда, 2925 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте 3415 адам, шаруа қожалықтарында 2 968 адам жұмыс жасайды.
«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламаның бірінші (скоринг – айналымдағы қаражатты толықтыруға кепілсіз 5,0 млн. теңгеге дейін кепілсіз несие) бағыты бойынша 288,9 млн.теңгеге 73 жоба қаржыландырылып, жалпы 235,2 млн.теңгеге «Даму» КДҚ» АҚ-мен кепілдендірілді. (2020 жыл қорытындысымен 5 жоба болған) яғни, 2021 жылдың 12 айының қорытындысын 2020 жыл қорытындысымен салыстырғанда 15 есеге артып отыр.
Екінші бағыты «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша 292,0 млн. теңгеге 55 жоба қаржыландырылды. (2020 жыл қорытындысымен 9 жоба болған) яғни, 2021 жылдың 12 айының қорытындысы 2020 жыл қорытындысымен салыстырғанда 6,1 есеге артып отыр.
Аудандағы өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 12 254,0 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2020 жылдың 12 айында 11 293,8 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 101,0 пайызға орындалды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 8 065,1 млн. теңгені құрап, (2020 жылы 7 725,0 млн. теңге), 2020 жылмен салыстырғанда 104,3 пайызға орындалды.
Негізгі капиталға салынған инвестициядағы меншікті қаражаттың үлесін арттыру бағытында, ауданда бүгінгі таңда 2 инвестициялық жобалармен жұмыстар жүргізілуде:
1) Жалпы құны 4,8 млрд. теңгені құрайтын, ірі инвестициялық жобалардың бірі «Қаралма» тау-шаңғы базасының құрылысы. Инвесторы «Таразстрой-2004» ЖШС-ның «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өндірістік инфрақұрылым (сумен жабдықтау және кәріз жүйесін) жүргізу мақсатында құжаттары толығымен жинақталып, аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралып, оң шешімін алды. Бұдан әрі, жобаны респбуликалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында тиісті басқарма басшыларымен ҚР ҰЭМ-де жобаның тиімділігі қаралады. Инфрақұрылым құрылысы жобасының құны 583,4 млн.теңгені құрайды, мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, нәтижесінде 424,0 млн.тг «Таразстрой-2004» ЖШС-гі жеңімпаз атанып бүгінгі инфрақұрылым құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2) «Бурный сүт компаниясы» ЖШС-гін кеңейту және өндіріс көлемін арттыру мақсатында еншілес кәсіпорыны «Бастау-Агромарт» ЖШС-нің жоба құны 2,0 млрд. теңгені құрайтын 600 бас мүйізді ірі қара малына арналған сүт тауарлы фермасының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаны мемлекеттік қолдау аясында жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 1 400,0 млн.теңгеге екінші деңгейлі банктерден және 600,0 млн.теңге көлемінде жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылуы жоспарланған болатын, бүінгі күнге құрылыс жұмыстары басталды.
Қайта қаралатын жобалар «Ақсай» каналының бойынан қуаттылығы 18 мВт. құрайтын кіші су электр станциясының құрылысы, аудан әкімдігінің 13.12.2019 жылғы №655 қаулысына сәйкес су электр станцияларының құрылысын жүргізу құқығы берілген. Инвесторы ТОО «Аксайская ГЭС АянКо», жалпы жоба құны 21,0 млн. АҚШ доллары құрайды.
«Көксай» каналының бойынан қуаттылығы 18 мВт. құрайтын кіші су электр станциясының құрылысы, жоба құны 5,2 млрд. теңге, толықтай аяқталу уақыты 2022 жыл болатын. Инвесторы «ҚазГидроОперейтинг» ЖШС-гі осы аталған жобаны толықтай іске қосылу уақыты 2022 жыл болатын дегенмен серіктестік тарапынан инвестициялық жоба толықтай іске асырылмауына байланысты, заң талаптарына сәйкес, аудан әкімдігі тарапынан жобаның жай-күйін қарап тиімділігін зерделеуге, Жамбыл облысы әкімдігінің Аймақтық үйлестіру кеңесіне жобаны қайта қарауға ұсынылды.
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында, бүгінгі таңда аудан көлемінде 5 шағын нвестициялық жобалармен жұмыстар жүргізілуде:
1) Шақпақ ауылдық округі, Шақапақата ауылында «Samurai» ЖШС-нің сүт өңдеу цехын іске қосу жобасы, жоба құны 100,0 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 4 000 тонна, жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу цехын іске қосу бойынша құрылыс жұмыстары 80%-аяқталған. Түркия мемлекетінен 25,0 млн.теңгеге құрал - жабдықтары сатып алынып, сүт цехы жеке қаражаты есебінен орнатылды. Бүгінгі таңда 5 адам жұмыспен қамтылды. Сынама өнімдері шығарылуда.
2) Ақсай ауылдық округі, Қайрат ауылында «Бақдаулет» АӨК-нің сүт өңдеу цехын іске қосу жобасы, жоба құны 200,0 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 2 000 тонна. Сүт цехы жеке қаражаты есебінен іске асырылды. 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі уақытта сынама өнімдері шығарылуда.
3) Б. Момышұлы ауылында «НЫСАНОВА К.М.» ЖК-нің сүт өңдеу цехын іске қосу жобасы, жоба құны 50,0 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 1 000 тонна, Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары аяқталып. Ресей мемлекетінен 20,0 млн.теңгеге қондырғылары сатып алынып іске қосылды (Сипаратор, Охладитель). Сүт өңдеу цехын жеке қаражат есебінен іске асырылып, 3 адам тұрақты жұмыспен қамтыды. Күндігіне 1 тн дейін сүт өнімдерін өндіруде.
4) Қызыларық ауылдық округі, Сұрым ауылында «МОЛ ДАМУ» АӨК-нің сүт өңдеу цехын іске қосу жобасы, жоба құны 300,0 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 7 000 тонна. Бүгінгі күні сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу цехын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, жер мәселесін аукционсыз шешу мақсатында индустрияландыру картасына енгізуге Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарлама индустрияландыру карта аясында жер алуға ұсыныс берілді.
5) «Жамбыл облысы халқының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасын іске асыру аясында құрылған Ақтөбе ауылдық округі, Бәйтерек ауылында «Атамекен Бастау» АӨК-нің сүт өңдеу цехын іске қосу жобасы, жоба құны 50,0 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 1 000 тонна. «Жамбыл облысы халқының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасын іске асыру аясында құрылған Ақтөбе ауылындағы «Атамекен Бастау» АӨК-нің сүт өңдеу цехын іске қосу жобасының құрылыс жұмыстары басталды. Қаржыландыруы және сүт өңдеу құрал-жабдықтарын алуға «Тараз» ӘКК» АҚ-ның қарауына ұсыныс берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 27 қаңтардағы №32 қаулысына сәйкес, 2020-2025 жылдарға арналған Жамбыл облысының кәсіпкерлікті қолдау картасына 2021 жылға ауданнан 2 жоба ұсынылып, өңірлік үйлестіру кеңесінде оң шешімін тауып, индустриалды картаға енгізілді:
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру бойынша: Ауданда бүгінгі күнге 4 шағын микрокредиттік ұйымдар кәсіпкерлік субъектілеріне несие тарату қызметімен айналысады. 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында осы ұйымдар барлығы 3394 адамға 2 920,6 млн. теңге несие берілді.
Ауданның туризмін дамыту бағытында 2021-2023 жылдары, жалпы соммасы 10 800,0 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады:
3) Берікқара шатқалындағы «Тау самалы» туристік комплексінің құрылысы, жоба құны 800,0 млн. теңге. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылым жүргізуге құжаттары қайта жинақталуда.
Азық-түлік тауарларларының бағасын тұрақтандыру мақсатында: «Тараз» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тарапынан аудан көлемінде азық-түлік тауарларының бағасын төмендету үшін Б. Момышұлы ауылы, Б.Үсенов көшесі бойынан «Әлеуметтік дүкен» павильоны ашылып, ел игілігіне папйдалануға берілді.
Құрылыс жұмыстары бойынша:
1.Білім саласы бойынша:
«Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөліміне қарасты екі мектепке №6 А.Пушкин атындағы ОМ, №19 Д.Қонаев атындағы МГ күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Республикалық бюджеттен Дихан ауылына 180 орындық және Алатау ауылына 100 орындық мектептерінің құрылыстары басталып, 2022 жылы пайдалануға берілу жоспарлануда.
Нұрлыкент ауылынан 180 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталып ел игілігіне пайдалануға берілді.
Қайрат және Көлбастау ауылдарынан 180 орындық мәдениет үйінің жобасы әзірленіп, жобаның сметалық қорытындысы алынып, облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінімі берілді.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылы Б.Момышұлы ауылынан 18 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер, «Бином» ЖШС-і мекемесі 28.09.2021 жылы бастап, құрылыс жұмыстары жаңа жыл қарсаңында аяқталып құжаттары рәсімделуде. Сонымен қатар, 3 қабатты 18 пәтерлі 2-ші үйдің және Б.Момышұлы ауылында 5 қабатты 60 пәтерлі 10 үйдің жобалық сметалық құжатының сараптама қорытындысы алынып, облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінімге ұсыныс берілді.
Б.Момышұлы ауылынан спорт кешенінің құрылыс жұмысы басталып, бүгінге құрылыс-монтаждау жұмыстары 47% орындалған. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы мерзімі 2022 жылға өтпелі болуына орай үстіміздегі жылы аяқталып ел игілігіне ұсынылады.
Қайрат және Кәріқорған ауылдарындағы спорт мектептерін реконструкциялау жобасының сараптамалық қорытындылары алынып, облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді.
Қазіргі таңда аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер алуға кезекте тұрған 3285 азамат бар. (Б.Момышұлы – 1914 (58,7%), Ақсай а/о -235 (7,21%), Боралдай а/о - 18 (0,55%), Нұрлыкент а/о - 335 (10,3%), Көкбастау а/о – 380 (11,7%), Шақпақ а/о -102 (3,13%). Мыңбұлақ а/о – 275 (8,44%). Ауданымыздағы кезекте тұрған азаматтарға берілетін жер телімдерін арттыру мақсатында бас жоспарларға сәйкес «2021-2024 жылға дейін дамыту картасы» әзірленді.
Даму картасына сәйкес, 2022 жылға 220,0 млн. теңгеге 3 алқапта 6 жоба(ИКИ) инженерлік инфрақұрылым жүргізуге өтінім берілген. (40,0га,186 жер учаске)
Оның 3 жобасы (ИКИ)сумен жабдықтау (98,9 млн) ал қалған 3 жоба (ИКИ) нысаны газбен жабдықтау (121,1 млн). Аталған жұмыстар орындалған жағдайда, нәтижесінде 186 кезекте тұрғандарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін учаскелер беруге дайын болады.
Одан бөлек, бүгінгі күнге бекітілген бас жоспарға сәйкес Көлбастау ауылында 220 га алқабын инженерлік коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірленуде. Бұл өз кезегінде іске асырылған жағдайда кезекте тұрған 1300 азматтарды инженерлік коммуналдық инфрақұрылымы дайын жер телімімен қамтылады.
6.Сәулет және қала құрылысы саласы бойынша:
Бас жоспар (Егжей – тегжейлі жоспарлау ПДП) әзірлеу
Жуалы ауданы Т.Дүйсебайұлы, Түктібай, Нұрлыкент, Жұрымбай және Ақбастау ауылдарының қазіргі бас жоспарына түзету енгізе отырып, қызыл сызықты нақтылап, жаңа алқап жер телімдеріне жобалау-егжей-тегжейлі жоспарларын жобалау жұмыстары жүргізіліп аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылады.
7.«Қызыл сызық» нормасын бұзып салынғандар бойынша:
Аудан аумағында құрылыс салу шекарасы «қызыл сызық» нормаларын бұзып жүргізілген нысандарға зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында Б.Момышұлы ауылынан 6 нысан анықталды, оның ішінде 1 нысан алынып, қалған «қызыл сызық» нормаларын бұзып отырған 5 нысанға жергілікті әкімшілік тарапынан ескерту берілді.
Аудан бойынша 2021 жылы атқарыған құрылыс көлемінің индикаторы – 5766,0 млн. теңге, 2020 жылдың нақты орындалған 5461,0 млн. теңгесімен салыстырғанда – 103,3 пайызға артық орындалды. 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына пайдалануға қабылдау жоспарланған тұрғын үй құрылысы көлемінің межесі – 17378 м2, 2020 жылдың нақты орындалуымен салыстырғанда – 13 448 м2 болып, (128,8%) орындалды.
Ауданда жергілікті әкімшіліктердің ұйымдастыруымен барлығы 14 тұрғын үй жоспарланған (2020 жылы 10 тұрғын үй), оның ішінде салынатын жаңа тұрғын үй құрылысына 3 тұрғын үй, сатып алынып берілетін 4 тұрғын үй, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілетіні 7 тұрғын үй жоспарланған. Қазіргі таңда ауылдық округ әкімдіктері тарапынан 14 тұрғын үй пайдалануға берілді.
ТҮКШ, ЖҚ және АЖ
Ауыз сумен қамту бойынша: 2020-2021жылдары аудан бойынша қосымша 5 елді мекенге Қошқарата, Көлтоған, Ертай, Т.Дүйсебайұлы, Шақпақ ауылдарына ауыз су құрлысы жүргізіліп, толық аяқталды. Елді мекендерге ауыз су берілді. Аудан көлеміндегі 49 елді мекен 53548 халықтың орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы 2021 жылы 31 елді мекен, ол 63,6 пайыз, тұрғындарға шаққанда 46 050 адам немесе 85,9 пайызға жеткізілді. 2021 жығы межеленген жоспардан халық санымен шаққанда 13 пайызға артық орындалды.
Ағымдағы жылы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру үшін 7 елді мекенге ЖСҚ әзірленіп жалпы құны 2286,761 млн теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды. Бүгінгі таңда Қоңыртөбе ауылына 292, 580 млн теңге қаржы бөлінді, Қалған 6 елді мекенге (Рысбек батыр, Жаңаталап-Ақтоған, Тасбастау-Кәріқорған, Бәйтерек ауылдарына) бюджеттік өтінім қаралуда.
Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша «Жуалы Су» МКК-не жергілікті бюджет есебінен 114,0 млн теңге қаралып, жалпы 6 ауыл, 22,1 шақырым (Көктөбе ауылының А.Иманалыұлы, Жамбыл және Бейсен ата көшелері 3,6 шақырым, Қосбөлтек ауылы 6,1 шақырым, Көлбастау ауылы 3,3 шақырым, Дихан ауылы 4,2 шақырым, Б.Момышұлы ауылы Мұнайшы, Қожық батыр, Бірлік, Пахомов және Аблайхан көшелерінің екі қиылысы 2,5 шақырым, Қайрат ауылының Абай, Т.Тлеукулов, А.Молдағұлова көшелері 2,4 шақырым) ауыз су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қаржылары толығымен игерілді.
Табиғи газбен қамту бойынша: Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 2021 жылдың 1 қаңтарына ауданды табиғи газбен қамту 38 елді мекен, ол 77,5 пайызды, 9280 аула, ол 89,6 пайыз, халық санымен 48160 адам немесе 89,9 пайызды құраған болса, 2022 жылы Республикалық бюждеттен 2 елді-мекенде яғни Ертай, Көлтоған ауылдарына кварталішілік газ тарту жұмыстары жүргізілді.
Ауданның табиғи газбен қамтылуы 40 елді-мекен, ол 81,6 пайызды, халық санымен 50157 адам немесе 93,66 пайызды құрайды. 2021 жылға межеленген жоспардан елді-мекен бойынша 4,1 пайызға артық орындалды.
Облыстық бюджеттен 2022 жылы 5 елді мекенге жалпы 177,4 млн теңге қаржы қаралды, яғни үстіміздегі жылы Қаратас, Рысбек батыр, Ақтасты, Қошқарата, Қызтоған ауылдарына кварталішілік газ тарту жұмыстары жүргізіледі. Билікөл ауылдық округіндегі 4 елді мекенге Қарабасатау, Әбдіқадыр, Жылыбұлақ, Дарбаза ауылдарына кварталішілік газ тартуға аудандық бюджеттен 30,1 млн теңге қаржыға ЖСҚ әзірленуде.
Автомобиль жолдары бойынша: 2021 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аудандық мәндегі Шымбұлақ ауылына кіре беріс-7,61 шқ автомобиль жолын орта жөндеу жұмысының жалпы құны 60000,0 мың теңге, оның Республикалық бюджеттен 2021 жылы 13189,0 мың теңгеге жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 2021 жылы 16,75 шақырым болатын 14 ауылішілік көшенің автомобиль жолдарына (Б.Момышұлы ауылы Сауранбек көшесі-1,107 құны 16554,9 мың теңге, Тәуелсіздік көшесі жалпы құны 27416,6 мың теңге, ұзындығы-1 шқ, Көлбастау ауылындағы Б.Момышұлы көшесінен Байтоқов көшесіне дейінгі тұйық көшені, Ковешников көшесі мен Б.Майлин көшесінен Байтоқов көшесіне дейінгі тұйық көше Жалпы құны 57449,3 мың теңге, ұзындығы - 3,41 шқ. Шақпақ ата ауылы, Қ.Тұртаев көшесінің жалпы құны–30417,2 мың теңге, ұзындығы – 1,708 шақырым, Шақпақ станциясы, Шақпақ көшесінің жалпы құны – 20306,1 мың теңге, ұзындығы – 1,438 шқ., Теріс ауылы, Баркуап қалашығына кіре беріс жалпы құны – 9988,9 мың теңге, ұзындығы - 0,59 шқ) орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті бюджеттен (Б.Момышұлы ауылы Рысбек батыр көшесі қаралған қаржы 49914,0 мың теңге 0,394 шақырым, Б.Момышұлы ауылы Сафинов көшесі қаралған қаржы 53410,2 мың теңге 1,12 шақырым, Шақпақата ауылы Оразбаев көшесі қаралған қаржы 27997,0 мың теңге 1,7 шақырым, Қайрат ауылы А.Байтұрсынов көшесі қаралған қаржы 11424,0 мың теңге 0,860 шақырым) орта жөндеу жұмыстарына 142745,2 мың теңге қаржы қаралып, жұмыстар толығымен аяқталды.
Ауылішілік жолдардың қанағаттанарлық үлесі 68,6% құрап, өсім 4,2% құрайды.
Мәдениет
Ауданда 1 аудандық, 8 ауылдық мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб, аудан бойынша 21 мәдени ошақтар халыққа қызмет көрсетуде. Ауыл ел бесігі бағдарламасы аясында аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша 2021 жылы 750 іс шара өткізіліп, 80441 көрермен қамтылды.
Білім
2021-2022 оқу жылы штаттық режимде оқытылуда. 39 мектептің арасында бала саны – 10827.
Аудан бойынша жалпы білім беретін 39 мектептің барлығы компьютермен жабдықталып, жалпы компьютерлердің саны 2800 дананы құрайды.
Аудандағы мектептер 100% телефон байланысымен қамтамасыз етіліп, кең арналы интернет желісіне қосылған. 95 интерактивті тақта, арнайы жабдықталған биология кабинеті – 20, химия кабинеті – 23, физика кабинеті – 27. Жалпы аудан бойынша 30 лингофонды-мультимедиялық кабинеттер бар. Оқыту кабинеті – 737, ондағы мұғалімдерге арналған компьютерлер – 737 (100%) құрайды.
2021-2022 оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға облыстық бюджет есебінен 229 000,0 тг. бөлініп, оқушылар оқулықтармен толық қамтамасыз етілген, ал оларды тасымалдауға 1000000 тг. қаржы бөлінді.
Білім беру мекемелері «Kundelik.kz» электронды журналына 100% пайыз еңгізілген.
Мұғалімдерді компьютермен қамту үлесі 100% құрады. 2021 жылы 206 840,0 мың тенгеге 24 жаңа модификациялық кабинеттермен (химия, биология және физика) жабдықталды. Олар 8 (№1 МГ, №15МЛ, №19 Д.Қонаев ат.МГ, №3 Қ.Қошмамбетов ат.ОМ, №6 А.Пушкин ат.ОМ, №16 С.Сейфуллин ат.ОМ, №17 Ы.Алтынсарин ат.ОМ және №18 М.Ғабдуллин ат.ОМ) мектептерге таратылды.
2020-2021 оқу жылында білім мекемелерін жылыту мақсатында 2562 тонна қатты отын алынған.
2021 жылы аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты мектептердің материалдық-техникалық базалары жақсартылды.
2021 жылы «Тау самалы» туристік кешеніне аудан бойынша әлеуметтік осал топтағы 242 бала жазғы сауықтыру лагерімен қамтылды.
Спорт
2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 18538 адамды құрады немесе жалпы халықтан 35,0%. Бұдан бөлек, аудан бойынша жалпы 7-18 жас аралығындағы балалардың 20,4 % құрап отыр.
2021 жылы спорт нысандарының саны 5-ке артып, 139-ға жетіп отыр. Оның ішінде: 1 орталық стадион, 1 спорт кешені, 12 үлкен футбол алаңдары, 86 шағын алаңшалар, 39 спорттық залдары.
2021 жылы 4 «Street Workout» Б.Момышұлы ауылында - 3, Түктібай ауылында - 1 және Жаңаталап ауылында 1 жасанды төсенішті футбол алаңшасы пайдалануға берілді
Аудан бойынша жалпы білім беру мекемелерінде 7 спорт түрі бойынша 135 үйірмелер жұмыс істеп, оларға 6516 оқушы қамтылған.
Көкпардан Қазақстан Республикасының чемпионатында Әулие ата құрама командасының сапында жерлестеріміз ересектер арасында 3 көкпаршымыз, жастар арасында 3 көкпаршымыз республика чемпионы атанды. Волейболдан оқушылар арасында аудан құрама командасы республика чемпионы атанды.
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның аймақтық жарысында Боранбек Бексұлтан І-орын иеленді.
Аудан бюджетінің кірісі Аудан бюджетінің жергілікті түсімдері мен жоғары бюджеттен алынған ресми трансферттер бойынша есепті мерзімге жоспары 15 194 424,7 мың теңге болса, нақты түсіп отырған соммасы 15 314 963,0 мың теңгені құрады. Орындалуы 100,8%.
2021 жылы барлық мемлекеттік бюджет бойынша бекітілген болжам сомасы 3400,0 млн теңге болса, бюджетке нақты түскені 3608,2 млн теңгені құрап, болжам 106,1% - ға орындалды немесе бюджетке 208,2 млн теңге артық түсті.
Аудан бюджетінің шығысы
Есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 15 625 358,7 мың теңге, кассалық атқарылуы 15 412 728,5 мың теңге, игерілмеген қаржы соммасы 212 630,2 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы есебінен немесе атқарылуы 98,6 % - ды құрады.
Әлеуметтік қамсыздандыру
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі- Бағдарлама) іске асыру қорытындысы бойынша: 2021 жылы Бағдарламаның белсенді жұмыспен қамту шараларына 3795 адам тартылып, орындалуы- 118 % құрады.
Бағдарламаның 1-бағыты бойынша, қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына жалпы 75 қатысушы оқуға жолданып, 74 түлектер оқуларын аяқтап, тұрақты жұмыстармен қамтамасыз етілді.
Бағдарламаның 2-бағыты (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға 107 әлеуетті қатысушыға шағын несиелер берілуіне жалпы сомасы 459400,0 мың теңге қаражат бөлінді.
Есепті мерзімде барлығы 154 адамға жалпы сомасы 627989,1 мың теңге шағын несиелер берілді (қатысушыларды тартудың орындалуы-143,9%).
Жаңа бизнес-идеяларды, бастапқы бизнесті іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама бойынша жоспарға сәйкес 120 қатысушыға 70008,0 мың теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілді (оның ішінде - 82 жастарға, немесе 68,3%).
«Бастау - Бизнес» жобасы аясында «Атамекен» ҰКП-ның аудандық филиалына кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жоспар бойынша 260 қатысушыларды оқыту белгіленген. Оқуға қатысқан 260 оқуларын аяқтап, тиісті сертификаттарын алды.
Бағдарламаның 3-бағыты (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) шеңберінде уақытша жұмыстарға жалпы 1047 адам жолдама алды.
Қоғамдық жұмыстарға 560 жұмыссыз адамды орналастыру жоспарланып, 568 адам жұмысқа орналастырылды (орындалуы-101,4%). Жергілікті бюджеттен бөлінген 8755,0 мың теңге қаражаты және республикалық бюджеттен бөлінген 245002,0 мың теңге қаражаты толық игерілді.
«Жастар практикасына» 145 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 286 жас маман жұмысқа жолданды (орындалуы- 197,2%).
Әлеуметтік жұмыс орындарына 188 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданды. (орындалуы-104,4%).
Республикалық бюджеттен бөлінген 30719,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен бөлінген 1266,0 мың теңге қаражаттары толығымен игерілді.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру міндеті бойынша биылғы жылы 16 отбасы (40 адам) жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударды: Солтүстік Қазақстан облысына – 8 отбасы (24 адам), Павлодар облысына- 4 отбасы (11 адам), Шығыс Қазақстан облысына - 2 адам, Қостанай облысына – 2 отбасы (3 адам).
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.
Аз қамтылған отбасылардан барлығы 5065 адамы бар 950 отбасынан өтініштер қабылданды: шартсыз ақшалай көмекке 410 адамы бар 103 отбасы, шартты ақшалай көмекке 4655 адамы бар 847 отбасы.
Шартты ақшалай көмек алушылардың ішінде еңбекке қабілетті 215 жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамту белсенді шараларымен қамтылды: тұрақты және маусымдық жұмысқа орналастырылған – 150 адам, қоғамдық жұмыстарға – 18 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 4 адам, бастапқы бизнеске қайтарымсыз мемлекеттік грант алғандар- 40 адам, Жастар практикасына – 3 адам тартылды.
2022 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аяқталуына байланысты осы бағдарламаның логикалық жалғасы ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту туралы» №728 қаулысы қабылданып, келесі 2022 жылы Ұлттық жоба негізінде ұйымдастырылып, қойылған талаптарды орындау және белгіленген мақсаттарға қол жеткізу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Ұлттық жобаның мақсаты:
- Кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету:
- халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту;
- экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену;
- кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар – бәсекелестікті кешенді дамыту болып табылады.
Құқықтық тәртіп
Аудан аумағында 124 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген (өткен жылы 149 немесе 25 қылмысқа азайған), оның 33 (26) ашылмаған, ашылуы 73,6% (80,8%) құрайды, өндіріспен 95 (122) іс аяқталды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 54 жол көлік оқиғасы тіркеліп(2020ж-56), онда 15 (2020ж-15) адам қайтыс болған және 89 (2020ж-112) адам түрлі дене жарақатын алған.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында; тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1 500 (бір мың бес жүз) еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит беру әлеуметтік қолдау шарасы 40 маманға (174 640,0 мың теңге) берілді. Оның ішінде: денсаулық сақтау саласы бойынша – 2 маман, білім саласы – 26 маман, мәдениет саласы – 2 маман, спорт саласы – 4 маман, агроөнеркәсіптік кешен саласы – 4 маман және ауыл, ауылдық округ әкімдері аппаратының мемлекет қызметшілері – 2 маманға берілді.
100 (жүз) еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы әлеуметтік қолдау шарасы 60 маманға (17 502,0 мың теңге) берілді. Оның ішінде: денсаулық сақтау саласы бойынша – 8 маман, білім саласы – 32 маман, мәдениет саласы – 3 маман, спорт саласы – 6 маман, агроөнеркәсіптік кешен саласы – 4 маман және ауыл, ауылдық округ әкімдері аппаратының мемлекет қызметшілері – 7 маман.