Меню

Страницы

Статья

Облыстық семинар-кеңес

Үстіміздегі жылдың 25 мамырында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және сайлау мәселелері бойынша басқа да заңнамалық актілерге қол қойғаны мәлім. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Жуалы аудандық сайлау комиссиясының ұйытқы болуымен «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» тақырыбында облыстық семинар-кеңес болып өтті.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен семинар-кеңеске Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Марат Әбдіре, аудан әкімі аппаратының басшысы, жауапты бөлім, мекеме басшылары, саяси партия өкілдері, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары және мүшелері қатысты.

Шараны модератор аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Нүрзия Алтыбаева ашып, сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері туралы баяндама жасады.

Нүрзия Бақтыоразқызы ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлауды енгізуге қатысты "Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына түзетулерді іс-жүзінде асыру туралы мәселесіне де тоқталды.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Қойбақов аталған сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге жергілікті атқарушы органдарының жауапкершілігі мен өзара іс-қимылы туралы баяндады.

Сондай-ақ, сайлау жөніндегі сайлау құжаттары нысандарының жобалары туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Оразбек Әбдірәсілов, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарының жобасы туралы комиссия хатшысы Бақытжан Данияров түсіндіріп өтті.

Аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің бас маманы Салтанат Бекмұрзаева сайлау науқанын қаржыландыру мәселелері туралы баяндаса, аудандық СЭС басшысы Марат Искаков пандемия жағдайында ауылдық деңгейдегі әкімдердің сайлауын өткізу туралы мәселесіне тоқталды.

Ал, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімхан Төреқұлов мүмкіндігі шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін түсіндіріп өтті.

Шараға қатысушылар тарапынан қаржылық мәселелерге қатысты сұрақтар қойылды.

Семинар-кеңесті  Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Марат Әбдіре қорытындылады.

-Облыс бойынша 159 ауылдық округ әкімінің 41-і бойынша сайлау өткелі отыр. Сайлауға 98 сайлау учаскесі жұмылдырылады. Сайлау учаскелерінде 657 мүше жұмыс істейді. Аталған сайлау учаскелерінде 119 560 сайлаушы бар.

Семинар-кеңесте айтылған барлық мәселелер талапқа сай шешіледі. Сайлау барысында карантин талаптары қатаң сақталады.

Құрметті әріптестер, жаңашылдықты дұрыс қабылдап, ұйымшылдықпен, бірлікпен өткіземіз деген сенімдеміз,- деді Марат Әбдірәсілұлы.

 

Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,

«Жаңа өмір»

Дата публикации
25 июня 2021
Дата обновления
25 июня 2021
Тип
Интервью

Сейчас читают

Информация
23 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы