Меню

Страницы

Статья

Жуалы ауданында кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы

Жуалы ауданында кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы бойынша 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында атқарылған жұмыстар туралы

2021 жылдың 01 қаңтарына аудан көлемінде статистикалық деректерге сәйкес 4 934 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 2 орта, 195 шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар), 2277 жеке кәсіпкерлер және 2460 шаруа қожалықтар, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік субъектілері 3,0 пайызға артқан. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілер саны 4 580 былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға артып отыр. Осы кәсіпкерлік субъектілерінде барлығы 9 252 адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 109 адам орта кәсіпорындарда, 694 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте 2 856 адам, шаруа қожалықтарында 5 593 адам  жұмыс жасайды.

Аудандағы өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 11 293,8 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2019 жылдың 12 айында 10 380,7 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 100,3 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 7 725,1 млн. теңгені құрады (2019 жылдың 12 айында 5 392,6 млн. теңге),2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31,5 пайызға артып отыр.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2 723,7 млн. теңгенің (2019 жылдың 12 айында 2 488,5 млн. теңге) бөлшек саудасы жасалып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,6 пайызға орындалды. Сондай-ақ, есепті мерзімге 4 027,3 млн.теңгенің (2019 жылдың 12 айында 1 606,1 млн. теңге) көтерме саудасы жасалып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 223,2 пайызға орындалды.

Жамбыл облысында 2019-2025 ж.ж. аралығында 2 581,1 млрд. теңгеге іске асырылуы жоспарланып отырған 70 инвестициялық жобаның ішінде Жуалы ауданына қатысты 5 инвестициялық жобалармен жұмыстар жүргізілуде.

1) 2019 жылы бастау алып, қазіргі кезде құрылысы жалғастырылып жатқан, жалпы құны 4,8 млрд. теңгені құрайтын, ірі инвестициялық жобалардың бірі «Қаралма» тау-шаңғы базасы. Тау-шаңғы базасы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінен 8 шқ., Тараз қаласынан 70 шқ., Шымкент қаласынан 90 шқ. қашықтықта орналасқан.Қазіргі кезде құрылысы жүргізіліп жатқан «Қаралма» тау-шаңғы кешенді туристік базасы көлемі, көрсетілетін қызмет түрлері, сапасы жағынан облыстағы алғашқы ірі туристік нысан. Жыл бойы жұмыс істеуге бағытталған демалыс базасындағы арқан жолының ұзындығы 2 500 метр, бугель жолының ұзындығы 350 метр. Кешен құрылымында Еуропалық үлгідегі 20 коттедж, 70 орындық мейрамхана, шолу алаңы, қызмет орталығы, автотұрақ кіреді. Бұдан басқа, кешен аумағында арнайы әзірленген табиғи туристік экскурсиялық соқпақтар бойынша тауға өрмелеу, жаяу жүру, ат және велосипед маршруттары, волейбол, баскетбол және футбол алаңдары, теннис корттары,сол сияқты, шаңғышылар мен сноубордшыларды сырғанау және оқыту қарастырылған. Теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте Батыс Тянь-Шаньның, Талас жотасының солтүстік беткейінде орналасқан туристік база - облыстағы алғашқы көп салалы (спорттық, демалыс) демалыс орны болып табылады. «Қаралма» тау-шаңғы спорт кешенінің инвесторы «Таразстрой-2004» ЖШС-ның өндірістік инфрақұрылым (сумен жабдықтау және кәріз жүйесін) жүргізу  мақсатында құжаттары толығымен жинақталып, өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралып, оң шешімін алды. Бұдан әрі, жобаны респбуликалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында тиісті басқарма басшыларымен ҚР ҰЭМ-де жобаның тиімділігі қаралады. Инфрақұрылым құрылысы жобасының құны 583,4 млн.теңгені құрайды.

2) «Гамбург» ЖШС-гі, жоба құны 1 млрд. теңгені құрайтын 1200 бас мүйізді ірі қара малына арналған сүт тауарлы фермасының құрылысын жүргізуге қаражат сұраған болатын, кепілі жеткіліксіз болуына байланысты екінші денгейлі банктер тарапынан 160,0 млн.теңгеге ұсынылып, «Гамбург» ЖШС-гі сұратылған қаражат жеткіліксіз болуына байланысты бүгінгі танда жоба іске асырылмай тұр. Бүгінгі таңда кәсіпорын өз қаражатымен жобаны жүзеге асыруда.

3) Берікқара шатқалындағы«Тау самалы» туристік комплексінің құрылысы, жоба құны 800,0 млн.теңге іске қосылу уақыты 2020 жыл соңына дейін біту керек болатын, індетке байланысты жұмысы тоқтап тұр, газ кіргізу мәселесі шешілсе жоба жалғасын табады.

4) Билікөл ауылдық округіндегі күн сәулесінен электр энергиясын өндіру жобасының құрылысы, жоба құны 38 000,0 млн.теңге, іске қосылу уақыты 2021 жыл. Короновирус індеті зардабынан инвесторлар келе алмауларынан жоба жүзеге асырылмай тұр.

5) «Көк сай» каналының бойынан қуаттылығы 18 мВт. құрайтын кіші су электр станциясының құрылысы, жоба құны 5 200,0 млн.теңге, толықтай аяқталу уақыты 2022 жыл. Инвесторы «ҚазГидроОперейтинг» ЖШС-ның өндірістік инфрақұрылым жүргізу  мақсатында құжаттары жинақталуда.

Үдемелі индустриалды-инновация бағдарламасы бойынша ақпараты

1) Жуалы ауданы, Шақпақ ауылдық округіне қарасты, Амансай бөлімшесіндегі таулы аймақтан әк тасты жыныс, долмит және минералды ұнтақтар шығаратын өндіріс орны «SOUTH ROAD» ЖШС-гі жоба құны 507,0 млн.теңгені құрайды, жоба іске қосылу үшін аудан әкімшілігі тарапынан жер учаскесі ұсынылып, Алматы қаласындағы «ЮжКазНедра» АҚ-мен жер қойнауындағы қордың мөлшерін анықтау және өндірістің жобалық сметалық құжаттамаларын дайындап беру туралы келісімшарт жасалынды. Жанадан ашылатын жұмыс орнының саны 30 адам тұрақты. Жоба іске асқан жағдайда 2021 жылы ауданға 72,0 млн.теңге салық төленеді. Келесі 5 жылдықта 130 млн.теңгеге дейін өседі деп жоспарлануда. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, аталған жоба ҚР Үкіметінің 27.01.2016 жылғы №32 қаулысымен бекітілген «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» бағдарламасындағы, өндеу өнеркәсібіндегі 14 басым бағыттың ішіндегі, құрылыс материялдарын өндіру (Әк және құрылыс гипсін өндіру) тармағына сәйкес жоба ұсынылып, бүгінгі таңда «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылым жүргізу үшін тиісті құжаттары ұсынылып, бүгінгі таңда құжаттарын жинақтауда. 

2) «ШақпақДорсервис» ЖШС-нің «Битум зауытын қайта жаңғырту» жобаларын іске қосылып, бүгінгі күнге «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорынды орта жөндеуден өткізу үшін сонымен қатар құрал-жабдықтарын жаңарту үшін құжаттарын жинақтауда.

3) 2019 жылы сынама ретінде іске қосылған сүт өнімдерін шығаратын жаңа кәсіпорын («LF СOMPANY» ЖШС-гі) ағымдағы жылы модернизацияланып, қосымша цехтар соғылып, ауданға тіркелу жұмыстары  толықтай тіркеліп аяқталды. ҚР Үкіметінің 27.01.2016 жылғы №32 қаулысымен бекітілген «Жобаларды индустриаландыру картасына және өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу» бағдарламасындағы, өндеу өнеркәсібіндегі 14 басым бағытының ішіндегі, азық-түлік өнімдерін өндіру бағыты бойынша кәсіпкерлік картасына енгізу бойынша облыс әкіміне (№2873, 21.09.2020ж) ұсыныс хат жолданды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру: Ауданда бүгінгі күнге 4 шағын микрокредиттік ұйымдар  кәсіпкерлік субъектілеріне несие тарату қызметімен айналысады. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында осы ұйымдар барлығы 3 491 адамға 2 661,3 млн. теңгеге несие таратты, (2019 жылдың осы мерзімінде 4 501 адамға 2 628,9 млн. теңге, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда адам саны да, берілген қаражаттың сомасы да артқан) оның ішінде:

«KazMicroFinance» ЖШС-ның Жуалы ауданындағы бөлімшесімен 2 679 адамға 1 924,3млн. теңге несие берілді.

«Жуалы несие серіктестігі» ЖШС-мен 34 адамға 282,2 млн. теңге несие берілді.

«Азия несие қоры» ЖШС-гі 488 адамға 193,7 млн.теңге несие берді.

«Арнұр-Кредит» ЖШС-гі микрокредиттік ұйымымен 290 адамға 261,1 млн. теңге несие берілді.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшері субсидияланатын несие алу бағытында нақты 6 жобамен жұмыстар жүргізіліп, «Даму» КДҚ» АҚ-мен келісімге отырып, пайыздық мөлшері субсидияланатын барлығы 270,0 млн. теңге несиеге қол жеткізілді.

Олар: «Атамекен» сауда өндірістік компаниясы» ЖШС-гі 2 келісім негізінде жалпы 102,0 млн теңге, 60,0 млн.теңге құрал-жабдықтар сатып алуға және 42 млн.теңге қаражат айналымын толықтыруға;

«Злиха» ШҚ-ғы жаңа картоп өнімін сатып алуға 25,0 млн. теңге;

ЖК «Мешелова З.Е.» пастерленген сүт өнімдерінің өндіру линиясы және айран өндіруге 60,0 млн.теңге;

«Сахад» ЖШС ауылшаруашылығы мақсатындағы құрал-жабдықтарды толықтыруға 70,0 млн.теңге;

ЖК «Каирбекова Г.К.» мейрамхана бизнесін кеңейту 6,0 млн.теңге;

ЖК «Копбаев Бекболат Бейбитович» автокөлік бөлшектері дүкеніндегі айналым қаражатын толықтыру 7,0 млн.теңге.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жаңа өндіріс құруға, жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғыртуға және кеңейту бағытында 2 жоба қолдау тапты. Олар: Билікөл ауылдық округінен «Береке» ШҚ-ның өндірістік инфрақұрылым (электр желісі) жүргізу  мақсатында құжаттары толығымен жинақталып, өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралып, оң шешімін алды. 2021 жылдың облыстық бюджеттен қаржысы қарастырылды. Жоба құны 27,8 млн.теңгені құрайды.

«Қаралма» тау-шаңғы спорт кешенінің инвесторы «Таразстрой-2004» ЖШС-ның өндірістік инфрақұрылым (сумен жабдықтау және кәріз жүйесін) жүргізу  мақсатында құжаттары толығымен жинақталып, өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралып, оң шешімін алды. Бұдан әрі, жобаны респбуликалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында тиісті басқарма басшыларымен ҚР ҰЭМ-де жобаның тиімділігі қаралады. Жалпы жоба құны 583,4 млн.теңгені құрайды.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстық комиссияға ауданнан 44 жоба ұсынылып, оның ішінде 2 жеке кәсіпкер мемлекеттік грантты жеңіп алды. Олар: ЖК «Бектурганов» Бектурганов Бакытжан Омирзакович 5,0 млн.теңге және ЖК «Ахмадбекова А.Ж» Ахмадбекова Айнакул Жумабековна 3,0 млн.теңге жалпы 8 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие алу мақсатында жалпы сомасы 584,8 млн.теңгені құрайтын нақты 23 жобамен жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 21 жоба «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен келісімдері жасалып, жалпы құны 479,8 млн.теңгені құрайтын несиеге толық қол жеткізілді. Қалған  2 жоба бойынша ЖК «Малибекова» 65,0 млн.теңгеге және «СМТС» ЖШС 40 млн.теңгеге несиелендіру құжаттары екінші деңгейлі банктердің қарауында.

Дата публикации
18 марта 2021
Дата обновления
18 марта 2021
Тип
Полезная информация

Сейчас читают

27 августа 2026
27 августа 2026
25 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы