Меню
Страницы

В соответствии с Указом Президента РК от 3 марта 2022 года «о проведении встреч акимов с населением», аким района Жалгас Муртаза встретился с жителями Нурлыкенского сельского округа.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 03 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, аудан әкімі тұрғындармен кездесулер өткізіп, проблемаларға қанығу үстінде.

Аудан әкімі Жалғас Мұртаза өңірдің күнгейінде орын тепкен Нұрлыкент, Қызыларық және Ақтөбе ауылдық округтеріне барып, аталған ауылдық округтерде атқарған жұмыстарының барысымен танысып, үстіміздегі жылы атқарылатын жұмыстардың да жай-жапсарына қанықты. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтары мен мұң-мұқтажына назар аударып, олардың тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Өткен жылы Нұрлыкент ауылдық округінде бірқатар жұмыстар атқарылған. Биылғы жылыда жалғасын табуда.

Мысалы, Нұрлыкент ауылындағы Е.Байғазиев, Болашақ, Шапағат, Бектаев, Ынтымақ көшелеріне «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 201 178,0 мың теңге бөлініп орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Түктібай ауылында «Бином» ЖШС – і №12 М.Әуезов орта мектебіне оқу кабинеттерінің (150 орын), спорт залының, асхананың қосымша құрылысын салу және қолданыстағы мектеп ғимаратын қайта жаңарту жұмыстарын атқаруда. Сондай-ақ, Түктібай ауылында жаңа ауыз сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы жүруде.

Тұрғындардың ортақ талап-тілегін ортаға салған Назар Қалдан Жунісбайұлының көтерген мәселелерінің барлығына аудан басшысы Жалғас Мұртаза жауап беріп, олардың назарға алынғанын жеткізді.

Социальные медиа
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы