Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу жеңілдеді
Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, жемқорлыққа қарсы әрекеттік және мемлекеттік органның қызметіне азаматтардың сенімділігін арттыру үшін бірінші кезекте халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қазіргі таңда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Халықтың сұранысын жылдам әрі сапалы орындау үшін бүгінде мемлекеттік қызметтер электронды жүйеге көшіріліп, тиімділігі артқан. Әр саладағы мемлекеттік қызметтерді цифрлы форматта алу үшін тұрғындар оның жолын білуі тиіс.
Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» және мемлекеттік қызметтердің орындалу мерзімдері мен тәртіптері мемлекеттік қызмет көрсету алгоритмдері ережемен бекітілген, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшіріліп, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы «Бір терезе» қағидасы бойынша және «Е – лицензия», «ИИС – ЦОН» жүйесі арқылы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 39/НҚ бұйрығына сәйкес тізілімге (реестрге) жер қатынастарын реттеу саласында 10 мемлекеттік қызмет түрі енгізілген. Олардың 7 түрі «е-gov» электрондық үкімет порталы және «Е–лицензия» жүйесі арқылы болса, электронды/қағаз түрінде 2 қызмет, 1 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетілуде.
Атап айтқанда:
9.Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
10.Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 9 түрі тегін көрсетілетін болса, 1 қызмет (Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру) ақылы. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беруге құқылы болмақ.