Меню

Страницы

Статья

Жамбыл ауданы әкімінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындармен есептік кездесулер, есептер барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

Жамбыл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 ақпандағы №44 қаулысымен бекітілген

 

Жамбыл ауданы әкімінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындармен есептік кездесулер, есептер барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы (2021 жылдың 1 шілдесіне)

 

№

Іс-шаралар (көтерілген ұсыныстар мен ескертпелер бойынша)

Орындалуына жауаптылар

Орындалуы

1

Тоғызтарау ауылдық округінде көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізу

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі М.Шайдаев

Тоғызтарау ауылдық округі Жаңаөткел ауылының Ж.Садықов көшесін жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 4 млн 600 мың теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Қаражат қаралып, жұмыс тамыз айында жүргізілетін болады. Орындалу үстінде.

2

Өрнек ауылдық округіне қарасты егістік жерлерді ағынсумен қамтамасыз ету, канал мен лотоктарды жөндеу

«Қазсушар» РМК Аса өндірістік бөлімшесінің басшысы Е.Қалдыбеков (келісімі бойынша),

 Өрнек ауылдық округінің әкімі А.Мәнтеев

Суармалы суды тиімді пайдалану және гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайын жақсарту мақсатында «Казсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалының «Аса» өндірістік бөлімшесінде «Саза» су жүйесінде «Павлодарский речной порт» АҚ жөндеу жұмыстарын жүргізуде. «Саза», «Айтақ», «Көгой» каналдарында жөндеу жұмыстарын жүргізді, жоба бойынша канал профильдері қалпына келтірілуде. Р-2 каналында лоток жүйесін демонтаждау жұмыстары жүргізілуде, сәуір айынан шаруа қожалықтардың егістік алқаптарына ағынсу кестеге сәйкес берілуде. Негізгі жөндеу жұмыстары 2021 жылы аяқталуы тиіс. Орындалу үстінде.

3

Шайдана медици­на­лық пунктіне интер­нет желісін тарту

Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері А.Сауруков, Қарасу ауылдық округінің әкімі С.Селеубаев

«Қазақтелеком» АҚ тарапынан интернет желісі тартылып, орнатылды. Орындалды.

4

Шоқай ауылында мектеп құрылысын жүргізу

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы аудандық білім бөлімінің басшысы Р.Қожамжарова, аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Тілеубаев, Ақбастау ауылдық округінің әкімі Н.Дүзеева

Ақбастау ауылдық округі Шоқай ауылындағы 150 оқушыға арналған орта мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары ведомстводан тыс кешенді сараптама қарауынан өтіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда жобаның құнын төмендету мүмкіндігін қарастыруға ЖСҚ-сы облыстық «Сәулеттік бюро» КММ-не ұсынылды. Алдағы уақытта құны оңтайландырылған жағдайда білім нысандарының тапсырыс берушісі облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы болып бекітілуіне байланысты бюджеттік өтінім басқарма тарапынан тапсырылатын болады. Орындалу үстінде.

5

Шайқорық, Танты ауылдарының кіреберіс, шығаберістеріне бейнебақылау орнату

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Б.Садырбаев

Шайқорық, Танты ауылдарының кіреберіс, шығаберістеріне 3 дана бейнебақылау орнату үшін аудандық бюджет есебінен 3 млн 585 мың теңге қарастырылып, 2021 жылдың 2 сәуірінде мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Жеңімпаз «Бағлан» ЖК анықталды. Жұмыстар толығымен аяқталды. Орындалды.

6

Бектөбе ауылынан тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру

Аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Тілеубаев, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Тоқтасынов, Қаратөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы С.Жанысбаев

Бектөбе ауылында жаңа тұрғын үй алқабында 143 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері, электр және газ желілері жүргізілуде. Мердігер мекеме «ТАРАЗСТРОЙ-2004» ЖШС болып анықталып, ағымдағы жылдың 12 сәуірінде құрылыс жұмыстары басталды. Ағымдағы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда (4 ай). Газ және электр желісінің жалпы конкурстық құны – 248 799,85 мың теңге. Техникалық қадағалаушы – «Индустрой Инжиниринг» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «BS ARCHI GROUP» ЖШС. Орындалу үстінде.

7

Айшабибі ауылдық округінен тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру

Аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Тілеубаев, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Тоқтасынов, Айшабибі ауылдық округінің әкімі Д.Дәулетов

Айшабибі ауылында жаңа тұрғын үй алқабында 382 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері – электр және газ желілері жүргізілуде. Мердігер мекеме ЖШС «Арайстроймаркет-2003» болып анықталып, ағымдағы жылдың 8 сәуірінде құрылыс жұмыстары басталып, ағымдағы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда (4 ай). Газ және электр желісінің жалпы конкурстық құны – 375801,09 мың теңге. Техникалық қадағалаушы – «Құрылыс-Жоба Инжиниринг» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «Күмбез-Тас» ЖШС. Бұдан бөлек Айшабибі ауылында жаңа тұрғын үй алқабын ауызсумен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 52012,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мердігері анықталуда. Орындалу үстінде.

8

Айшабибі ауылы Жібек жолы көшесінің бойына тротуар орнату

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Айшабибі ауылдық округінің әкімі Д.Дәулетов

Айшабибі ауылы Жібек жолы көшесінің бойына тротуар орнату үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, аудандық бюджеттен қаражат қарастырылып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу арқылы ашық конкурс өткізуде. Конкурс шілде айының 10-на дейін аяқталады. Жеңімпаз анықталып, жұмыс жалғасын табатын болады. Орындалу үстінде.

9

Бесағаш ауылынан спорт кешенінің құрылысын жүргізу

Аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Ержігітов, Бесағаш ауылдық округінің әкімі Б.Нигматуллаев

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында спорт кешені құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге жергілікті бюджеттен 4 млн теңге қаржы бөлінді. Құрылыс бөлімі арқылы ЖСҚ әзірлеу үшін «Бақыт-Таңы» ЖШС мердігері болып анықталып, жобаның болжамды құны 331 млн теңгені құрады. Қазіргі таңда «Сырымбет-Сараптама» ЖШС сараптамашы мекемемен келісімшарт жасалып, сарапшылар тарапынан жоба қаралуда. Сараптама қорытындысын ағымдағы жылдың маусым айының аяғына дейін алу күтілуде. Орындалу үстінде.

10

Пригородное ауылындағы Қ.Пірімқұлов көшесінің жолын жөндеу

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Қарой ауылдық округінің әкімі Т.Тапжанов

Жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, 44 млн 206 мың теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Қазіргі таңда қаражат қарастырылып мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс жүргізілуде. Конкурс шілде айының 10-на дейін аяқталып, жеңімпаз анықталған жағдайда жұмыстар жүргізілетін болады. Орындалу үстінде.

11

Пригородное ауылындағы Д.Әлімбетов көшесіне ауызсу жүргізу

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Қарой ауылдық округінің әкімі Т.Тапжанов

Пригородное ауылындағы Д.Әлімбетов көшесіне ауызсу жүйесін жүргізу ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығына жоспарланған. Мемлекеттік сатып алу порталынан ашық конкурс тәсілімен конкурс жарияланып, мердігер «Еди-мар» ЖШС-гі жеңімпаз болып анықталып, жұмыстарды толығымен аяқтады. Орындалды.

12

Жалпақтөбе ауылдық Мәдениет үйінің алды­нан Еңбек арда­гер­лері мен Құрметті азаматтарға арналған ескерткіш тақта орнату

Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Байдалиев, Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Е.Данаев

Жалпақтөбе ауылдық Мәдениет үйінің алдынан Еңбек ардагерлері мен Құрметті азаматтарға арналған ескерткіш тақта орнату үшін ауыл тұрғындарымен келіссөздер жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсыну жоспарлануда. Орындалу үстінде.

13

Қызылқайнар ауы­лы­­нан тұрғын үй құры­лысын жүргізу үшін берілетін жерлерге ауызсу жүйесін дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету

Аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Тілеубаев, Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі Р.Исаев

2020 жылы Қызылқайнар ауылын ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жобалық құны 740 млн 760 мың теңгеге 24800 метр су құбыры толық жүргізілді. Сонымен қатар жоба бойынша елді мекенмен қоса жаңа тұрғын үй алқабында 222 жер теліміне су желісі жүргізілген. Қазіргі таңда электр желілерін тарту, көшелерге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалды.

14

Аса ауылдық округіндегі «Қуат», «Қошан» каналдарын тазалау

«Қазсушар» РМК Аса өндірістік бөлімше басшысы Е.Қалдыбеков (келісімі бойынша), Аса ауылдық округінің әкімі Б.Қалшымбетов

Аса ауылдық округінде орналасқан «Қуат» каналын тазалау жұмыстары жүргізілуде. «Қошан» каналының 9,1 шақырымы жөнделді. Тазалау жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде.

15

Бесағаш ауылдық округіне ауызсу құрылысын жүргізу

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Бесағаш ауылдық округінің әкімі Б.Нигматуллаев

Бесағаш-Түрксіб елді мекендерін ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындылары алынды. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім ұсынылып, 2021 жылға 754 млн теңге қаражат қаралды. Бүгінгі күнге облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы ашық конкурс жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталады. Жобаның жалпы құны 1 млрд 503 млн теңгені құрайды. Орындалу үстінде.

16

«Аса-Тараз» тас жолы бойындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Т.Татенов (келісімі бойынша),

Жамбыл ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы Б.Жамбылбекқызы

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап күнделікті «Аса-Тараз» тас жолының бойында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстық жол-полиция батальонының 2 патрульдік автокөлігі қызмет көрсетуде. Аудандық полиция бөлімі тарапынан бақылауға алынды. Орындалу үстінде.

17

Көлқайнар ауыл­дық округі Еңбек ауылын­дағы көшелерге жол жылдамдығын төмен­дететін белгі орнату

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Көлқайнар ауылдық округінің әкімі А.Қонаров

Жамбыл ауданы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық полиция бөлімінен келіп түскен ұйғарымдарға сәйкес 2021 жылға жергілікті бюджеттен 10,0 млн теңге қаражат қарастырылып, бүгінгі күнге аудан көлемінде 70 жол белгісі орналастырылды. Оның ішінде 10 жол белгісі Көлқайнар ауылдық округі аумағында орнатылды. Орындалды.

18

Гродеково ауылындағы Ақжол көшесіне тротуар орнату

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Кеңесбеков, Гродиково ауылдық округінің әкімі Б.Қожабеков

Жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылып, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қаражат қаралып, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы конкурс жүргізілуде. Орындалу үстінде.

 

Дата публикации
01 июля 2021
Дата обновления
01 июля 2021
Тип
Информация для населения

Сейчас читают

21 октября 2026
Информация
20 октября 2026
Печатные СМИ.
Информация
20 октября 2026
Интернет СМИ.

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы