Тараз қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді
Тараз қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді
2025 жылғы 1 сәуірден бастап кезекші халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгереді. Қызметтер Абай көшесі, 232 А мекенжайында, яғни №3.ХҚКО-да көрсетіледі. Ал, Алатау ықшамауданы, 16А мекенжайында орналасқан ХҚКО әдеттегі жұмыс тәртібіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Естеріңізге сала кетейік, кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ке дейін қабылдайды.
9
Жарияланған күні
27 наурыз 2025 15:34
Жаңарту күні
27 наурыз 2025
Түрі