Эхинкоккоз – зоонозды тгвазиялық жұқпалы ауру. Эхинококкоз кезінде инвазияның (қоздырғыштың) айналымы мына схема арқылы жүзеге асырылады:
Инвазияның (ауру қоздырғыштың) көзі (түпкі/бастапқы тасымалдаушысы) → етқоректі ит тұқымдастар мен жұмыртқалар мен паразиттің құрттарымен ластанған қоршаған орта → яғни аралықтағы/ортадағы тасымалдаушылар/таратқыштар (ауылшаруашылығы жануарлары, адамдар). Адам – аралықтағы/ортадағы тасымалдаушы биологиялық тұйықтаушы болып саналады.
Иттер ауруды ауылшаруашылығы жануарларының ларвоцисттермен зақымданған органдарымен/ағза мүшелерімен тамақтандырған кезде жұқтырады. Эхинококктың ұзынша, ересек құрты қасқырлар мен иттердің ішектерінде жұмыртқалайды. Содан кейін жұмыртқалар нәжіс арқылы сыртқа шығады. Ортадағы тасымалдаушылардың (жануарлардың, адамдардың) жұқтыру жолдары да әр қилы, ауылшаруашылығы жануарлары жұмыртқаны, гельминттің мүшелерін/бөлшектерін көк шөппен, кепкен шөппен, сумен жұтқан кезде, сонымен бірге зиянкестермен зақымданғаниттердің нәжісі арқылы жұқтырады.
Ал адамдар түктерінде, жүні мен құйрығында жұмыртқа мен эхинококк тізбектерінің қалдығы ұялаған немесе жабысқан иттерді ұстағанда зақымданады.
Белгілері: Адамдарда оң қабырғасының астында, көкірек қуысында (дернәсілдердің/құрттардың орналасқан жеріне байланысты) түрлі дәрежеде ауырсыну, әлсіздік, белсенділіктің төмендеуі, шаршау, сарғаю, кейде аллергиялық реакциялар байқалады. Жануарларда ауру симптомы байқалмайды, қандай да бір клиникалық белгілері болмайды.
Алдын алу шаралары:
-сойылған ауылшаруашылығы жануарларының өнімдерімен (зақымданған бауырымен немесе өкпесімен) иттерді тамақтандыруға тыйым салынады.
-тоқсан сайын үй иттерін зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қаңғыбас иттерді аулау керек.
-иттерге қатысты жеке гигиена ережелері талаптарын қатаң сақтау керек.
Емдеу:
Адамдарды емдеу, әдетте, қиынырақ және соған сәйкес емдеу де күрделі: хирургиялық жолмен емдеу, дәрілік терапия, иттерді зарарсыздандырғыш дәрілерімен зиянкестерден арылты (дегельминттеу). Ауылшаруашылығы жануарларын емдеу экономикалық тұрғыдан тиімсіз.