Тазалық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтті

Тазалық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтті

 Тараз қаласында тазалық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтті.

Іс-шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары мен қала тұрғындары белсене қатысты.

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековте тазалық жұмыстарымен танысты.

Қатысушылар «Телемұнара» және «Гидрокешен» аумақтарында көшелер мен аулаларды қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Қала әкімінің қаулысына сәйкес шаһардағы сенбілік жұмыстары 15 қарашаға дейін жалғаспақ.