Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясында ұлттық мереке қарсаңында салтанатты жиналыс өтті


Ағымдағы жылғы 24 қазанда Орталық сайлау комиссиясында өткен «25 қазан - Республика күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шараға Тараз қаласынан №68 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Асабай Қалтай Арынұлы арнайы шақырумен қатысып қайтты.
Іс - шара барысында, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров қатысушыларды еліміздің мемлекеттілігі мен тәуелсіздігінің нышаны «25 қазан - Республика күні» мерекесімен құттықтап, сайлау органдарының бірқатар қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті. Олардың арасында Тараз қаласының №68 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Асабай Қалтай Арынұлы да бар.
Асабай Қалтай Арынұлы еліміздің сайлау жүйесіндегі жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
31 қазан 2023
Кеңес