Семинар-кеңес ұйымдастырылды


Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 10 қазаны күні Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының №22 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты семинар - кеңес өткізілді.
Аталған семинар-кеңеске №22 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутаттыққа тіркелген кандидаттар, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі М.Сембеков, Тараз қалалық аумақтық, №22 округтік, №74, №80, №81, №82 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері және жергілікті атқарушы орган мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының өкілдері қатысты.
Семинар-кеңес барысында кандидаттарға сенімді өкілдерді тіркеу, оларға қойылатын талаптар, байқаушылардың міндеттері мен кандидаттардың үгіт жұмыстарын жүргізуге және есеп - шот пен қор ашуға қойылатын талаптар түсіндірілді. Кандидаттар сайлауға байланысты өздерін толғандырып жүрген ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.
12 қазан 2023
Семинар