Меню

Страницы

Статья

Положение клуба молодых избирателей при Таразской городской территориальной избирательной комиссии

Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы

жас сайлаушылар клубының

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының
    Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі – Клуб) Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Тараз қалалық АСК) жанындағы жас сайлаушылар клубы форматында диалог алаңдары және өзге де жастармен өзара іс-қимыл нысандарын ұйымдастырушы орган болып табылады.

Осы Ереже клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

  1. Клуб өз қызметін жүзеге асыру кезінде Тараз қалалық АСК мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды және өзге ұйымдармен іс-қимыл жасау барысында Клубтың оң имиджін қалыптастыру қажет.
  2. Клубтың Ережесі Тараз қалалық АСК қаулысымен бекітіледі.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері

 

  1. Клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру және жас сайлаушылар форматында диалог алаңдары және өзге де жастармен өзара іс-қимыл жасау нысандары болып табылады.
  2. Клубтың негізгі міндеттері:

1) жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді Тараз қалалық  жолдарын айқындау;

2) жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеу;

3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау;

4) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру;

5) сайлауды және референдумдарды ұйымдастырушы жастар арасынан кадрлардың кәсіби резервін қалыптастыру;

6) Дүниежүзілік сайлау күніне арналған жыл сайынғы өткізілетін іс-шараларға қатысу;

7) саяси партиялардың өкілдерімен, кандидаттармен, олардың сенімді білдірген адамдарымен (электоралдық кезеңде) кездесулер ұйымдастыру;

8)  сайлаушыларды сайлауға шақыру, шақыру қағазын тарату кезеңінде «Есіктен-есікке» акциялары аясында тұрғындармен кездесу, Конституциялық құқықтарын түсіндіру.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының құрамы мен мүшелерінің құқықтары

 

  1. Клубтың қатысушылары жас сарапшылар мен ғалымдар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері (келісім бойынша) және колледждер мен Тараз қалалық ғарғы оқу орындарының білімгерлерінен тұрады.
  2. Жас сайлаушылар Клубының мүшесі ретінде 15-35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматы бола алады (кәмелет жасқа толмаған жастар, заңды өкілдерінің келісімі бойынша).
  3. Клуб мүшелері Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
  4. Клуб қатысушылары құқылы:

1) Тараз қалалық   АСК Төрағасы мен мүшелеріне ұсыныстар жасауға;

2) Клуб қатысушыларының өзге пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға құқылы, ол Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Клубтың қызметі әртүрлі форматтағы отырыстар түрінде жүзеге асырылады, оның ішінде: жастар арасында дәрістер, дөңгелек үстелдер, пікір-сайыстар, акциялар, конкурстар, викториналар, блиц-турнилер, ғылыми конференциялар, баяндамалар, талқылаулар, іскерлік ойындар өткізу.
  2. Клубтың отырыстарын Тараз қалалық АСК Төрағасы қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде екі рет шақырады және өткізеді.
  3. Клубтың қызметін, іс-қағаздарын жүргізуді және отырыстардың дайындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін Тараз қалалық АСК мүшесі болып табылады.
  4. Жас сайлаушылардың элекоратты мәдниетін Тараз қалалық ғарлату мақсатында Клуб мүшелерінің арнайы дайындық курстарын Тараз қалалық ғары тұрған сайлау комиссиялары ұйымдастырады.
  5. Сайлау науқаны барысында оқу-курстарынан өткен Клуб мүшелері (келісімдері бойынша) сайлаушылар сұрақтарына жауап беру ретінде құрылған Call-орталықтарының жұмысына тартылуы мүмкін.
  6. Жұмыс органы:

1) отырыстарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады;

2) Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өтетін күні мен күн тәртібі туралы оны өткізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді;

3) Клуб қызметін ұйымдастыруға жауаптылар саны Тараз қалалық   АСК мүшесін қосқанда 7 адамнан тұрады;

4) Клуб жетекшісі, жетекшінің орынбасары және хатшысы бірінші отырыста ашық дауыс беру арқылы айқындалып, хаттамамен бекітіледі;

5) Клуб отырысында талқыланған ұсынымдарды отырысқа қатысып отырған Клуб мүшелерінің жартысынан астамы қолдаған жағдайда, олар қабылданады;

6) Клуб отырсының күн тәртібіндегі әр тармағын Клуб жетекшісі талқылау форматында өткізеді;

7) Клуб отырысы аудио-бейнежазба құралдарын пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін;

8) Күн тәрібіндегі тармақтар Клуб отырысының хаттамасына енгізіледі және Тараз қалалық   АСК жіберіледі

 

  1. Қорытынды ережелер

 

  1. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Тараз қалалық АСК қаулысымен енгізіледі.
  2. Клуб қызметі Тараз қалалық АСК Төрағасының қаулысымен тоқтатылады.
Дата публикации
22 сентября 2025
Дата обновления
22 сентября 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
20 октября 2026
Интернет СМИ
Информация
20 октября 2026
Печатные СМИ
Информация
20 октября 2026
Пользователи онлайн платформ

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы