10 қыркүйек 2025 жыл Қаулы №10
Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан
Жас сайлаушылар клубын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының
14 бабының 11-1)-тармағына және 12)-тармағына сәйкес, Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан жас сайлаушылар клубы форматында диалог алаңдары және өзге де жастармен өзара іс-қимыл нысандары құрылсын.
- Жас сайлаушылар клубының жұмысын жоспарлап, үйлестірудегі мемлекеттік мекемелер келісімі №1 қосымшаға сәйкес рәсімделсін.
- Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылатын жас сайлаушылар клубы туралы Ереже №2 қосымшаға сәйкес бекітілісін.
- Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлескен жылдық шаралар кешені жоспарлары әзірленсін.
- Жас сайлаушылар клубын құру туралы қаулының орындалуын бақылау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Арын Ильясұлы Асқарбековке жүктелсін.
- Осы қаулы Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсына орналастырылсын.