|
№ |
Іс-шаралар (көтерілген ұсыныстар мен ескертулер бойынша) |
Орындалу мерзімі |
Орындалуына жауаптылар |
Орындалуы (орындалды, орындалуда, орындалмайды нақты себептерімен) |
|
Қаратау қаласы |
||||
|
1. |
Қаратау қаласының ішінен өтетін Тамды Әулие өзенінің бойына күл қоқыс тастағандарға айыппұл салу үшін бейнебақылау камерасын орнату бойынша зерделеніп, ұсыныс беру |
2022 жылдың мамыр айы |
Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Қаратау қаласының әкімі Д.Баймбетов |
2022 жылға Қаратау қаласы аумағында бейне бақылау камераларын орнату мақсатында аудандық бюджеттен 91 млн. теңге бөлінді. Алайда, аталған қаражат бейне бақылау камераларын алу, орнату және оған қызмет көрсету үшін жеткіліксіз болуына байланысты қайта қосымша қаражат сұралуда. Демек, «Тамды» өзенінің бойына бейне бақылау камерасын орнату жоспарлануда.
|
|
2. |
«Жартас» көліне шомылушыларға арналған демалыс орындарын ашу бойынша ұсыныс беру |
2022 жылдың 1 маусым |
Қаратау қаласының әкімі Д.Баймбетов |
Қаратау қаласы «Жартас» көлінің аумағын абаттандыруға және шағын демалыс орындарын ашу мақсатында аудандық бюджеттен 7 млн. 500 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда «Қаратау саябақтары» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізілуде.
|
|
3. |
Қаратау қаласының ішінде қараусыз жүрген мүйізді ірі қара және жылқылардың иелеріне шара қолдану |
тұрақты |
Қаратау қаласының әкімі Д.Баймбетов |
Қаратау қаласының ішінде қараусыз жүрген мүйізді ірі қара және жылқылардың иелеріне шара қолдану барысында, 1 жеке тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, ол ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабы 1 тармағымен кінәлі деп танылып, қысқартылған түрде 4594,5 теңгені құрайтын айыппұл салынды. Аталған бағытта жұмыс тұрақты түрде жүргізілетін болады.
|
|
4. |
Қаратау қаласындағы ірі сауда орындарында қоғамдық әжетханалар ашу бойынша ұсыныс беру |
2022 жылдың мамыр айы |
Қаратау қаласының әкімі Д.Баймбетов, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Тауасаров |
Қаратау қаласындағы ірі сауда орындарында қоғамдық әжетханалар ашу бойынша «Диас», «Дәмді себет», «Фиркан» сауда орталықтарына арнай хат жолданды. Нәтижесінде «Диас» сауда орталығында қоғамдық әжетхана қойылды. «Дәмді себет» және «Фиркан» сауда орталықтары жұмыстар жүргізуде. |
|
5. |
Қаратау қаласының ішіндегі көшелердің қиылыстарына жаяу жүргіншілердің жол белгілерін қою, жолақтар сызу бойынша зерделеніп, ұсыныс беру |
2022 жылдың мамыр айы |
Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Қаратау қаласының әкімі Д.Баймбетов |
Жаяу жүргіншілер жолағын сызу бойынша қала көшелерінде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, зерделеу нәтежесінде және Талас аудандық полиция бөлімінің 25.03.2022 жылғы Ә.Молдағұлова көшесі мен Т.Рыұсқұлов көшелерінің қилысы (ұйғарым №36), Б.Момышұлы №8 үйдің тұсы (ұйғарым №37), Ә.Молдағұлова көшесі мен Саңрақ батыр көшелерінің қилысы (ұйғарым №28), Шахтер көшесі мен Д.Қонаев көшелерінің қиылысы (ұйғарым №34), Б.Момышұлы көшесі мен М.Маметова көшесі қиылысы (ұйғарым №25), Ә.Молдағұлова көшесі «Фиркан» сауда орталығының алдында тас жол (ұйғарым №27) бетіндегі «Жаяу жүргінші өтпелі» жолақттары қайта жаңартылып сыздырылды. Сонымен қатар басқада көшелер бойындағы «Жаяу жүргінші өтпелі» жолақттары қайта жаңартылып сыздырылатын болады. |
|
6. |
Қаратау қаласы Ә.Молдағұлова көшесінің екінші жақ бетіндегі жолды жөндеу және көпірлерді қалпына келтіру бойынша ұсыныс беру |
2022 жылдың мамыр айы |
Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Қаратау қаласының әкімі Д.Баймбетов |
Ә.Молдағұлова көшесінің екінші жақ бетіндегі жолды жөндеу бойынша қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жүргізілуде. Сонымен қатар, қала аумағындағы 7 көпірді қалпына келтіру бойынша жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, бюджеттік өтінімге ұсыныс берілді. Жоба құны 398,7 млн. теңге. |
|
Ойық ауылдық округі |
||||
|
1. |
Ойық ауылындағы «Бейбіт би» көшесінің жолына күрделі жөндеуден өткізуге ұсыныс енгізу |
2022 жылдың мамыр айы |
Ойық ауылдық округінің әкімі Н.Мұхтаров |
Ойық ауылындағы «Бейбіт би» көшесінің жолына күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, «Ауыл – Ел бесігі» жобасына 2023 жылға ұсынылды. Жоба құны 42 млн. 559 мың теңге.
|
|
2. |
Ойық ауылдық округіндегі «Майлы көл» шабындығына су жаю үшін «Жылуан» каналына қақпа салуға бюджеттік өтінім беру |
2022 жылдың шілде айы |
Ойық ауылдық округінің әкімі Н.Мұхтаров |
«Майлы көл» шабындығына су жаю үшін «Жылуан» каналына қақпа салуға бюджеттік өтінім беру үшін жобалық- сметалық құжаттамасы әзірленуде. |
|
3. |
Ойық ауылының ауыз су жүйесіне арнайы филтр орнату бойынша қайта зерделеніп, жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу |
2022 жылдың шілде айы |
Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Ойық ауылдық округінің әкімі Н.Мұхтаров |
Ойық ауылының ауыз су жүйесіне арнайы филтр орнату бойынша зерделеніп, жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 12.04.2022 жылы аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жолданды. |
|
4. |
Ойық ауылындағы спорт алаңшасына жасанды төсеніш төсеуге бюджеттік өтінім ұсыну |
2022 жылдың шілде айы |
Ойық ауылдық округінің әкімі Н.Мұхтаров
|
Ойық ауылындағы спорт алаңшасына жасанды төсеніш төсеу жұмыстарына 10 млн. теңге аудандық бюджеттен бөлінді. Қазіргі уақытта спорт алаңшасының техпаспортын дайындау бағытында құжаттары жасалынуда. Құжаттар рәсімделіп біткен уақытта конкурсқа беріледі.
|
|
5. |
Тұрымқұл ауылындағы «Бөрібай» каналының бойынан ауыл ішіндегі шарбақтарды суғару үшін шлюз салуға ұсыныс беру |
2022 жылдың мамыр айы |
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А.Ерубай, Ойық ауылдық округінің әкімі Н.Мұхтаров, «ҚазСуШар» РМҚ Ақкөл өндірістік бөлімінің басшысы А.Ахметов (келісім бойынша) |
«Бөрібай» каналының бойынан ауыл ішіндегі шарбақтарды суғару үшін шлюз салуға меншік иесі «КазСуШар» РМҚ Ақкөл өндірістік бөлімшесіне, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне 12.04.2022 жылы арнайы ұсыныс хат жолданған. Қазіргі уақытта хатқа жауап күтілуде.
|
|
6. |
Тұрымқұл ауылындағы «Жаңатұрмыс» негізгі мектебінің ескіруіне байланысты жаңа мектептің құрылысы бойынша облыс әкімдігінің білім басқармасына ұсыныс беру |
2022 жылдың мамыр айы |
Талас аудандық білім бөлімінің басшысы М.Қазанғапов (келісім бойынша) |
Тұрымқұл ауылынан 50 орындық модульдік үлгідегі мектеп салу 2025 жылға жоспарланған. Облыс әкімдігінің білім басқармасына мектеп құрылысы жұмыстарын 2023 жылға жылжыту бойынша (9 ақпан 2022 жылы №04-175) ұсыныс хат жолданды. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне ауылдық округтің бас жоспарына сай сұралған жер учаскесінің жер таңдау актісімен келісілген сызбасына 13.04.2022 жылы сұраныс хат жіберілді. Тұрымқұл аулынан 50 орындық мектеп салуға 1,2 га жер және Сейілбек аулынан 50 орындық мектеп салуға 1,2 га жер теліміне сұраныс берілді.
|
|
Кеңес ауылдық округі |
||||
|
1. |
Бөлтірік шешен ауылындағы С.Шәкіров көшесін жөндеу бойынша ұсыныс беру |
2022 жылдың мамыр айы |
Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Кеңес ауылдық округінің әкімі Е.Тәттібай |
Бөлтірік шешен ауылындағы С.Шәкіров көшесін орташа жөндеуге 50/50 бағдарламасы бойынша облыстық бюджетке 99 млн. 133 мың теңге қарастыру туралы сұраныс берілді.
|
|
2. |
Бөлтірік шешен ауылындағы Бақтымбет каналын тазалау бойынша ұсыныс беру |
2022 жылдың сәуір айы |
Кеңес ауылдық округінің әкімі Е.Тәттібай |
Бөлтірік шешен ауылындағы Бақтымбет каналын тазалау бойынша жобалық сметалық құжаттамасы дайын жоба құны 3,5 млн. теңгені құрады. Алдағы уақытта ұсыныс берілетін болады. Қазіргі таңда каналдың меншік құқығы анықталуда. Мамыр айында барлық жұмыстары аяқталып, құжаттары мен қажетті қаражат сомасы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсынылатын болады.
|
|
3. |
Көшек батыр ауылынан ауылдық клуб салу бойынша ұсыныс беру |
2022 жылдың мамыр айы |
Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Мақұлбек, Кеңес ауылдық округінің әкімі Е.Тәттібай |
2022 жылға Көшек батыр елді мекеніне ауылдық клуб соғу жоспарға енгізілмеген. Аталған ауылдағы тұрғындардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №121 бұйрығымен бекітілген мәдениет объектілеріне (халық саны 1000 жуық болу керек) сәйкес келмеуіне байланысты мәдениет нысанын соғу тиімсіз деп анықталды. Алайда, аталған мәселені қайта Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына 2022 жылдың 20 сәуірінде ұсыныс хат жолданды. Нәтижесі күтілуде. |
|
4. |
Көшек батыр ауылындағы спорттық алаңшаның жасанды төсенішін ауыстыруға бюджеттік өтінім беру |
2022 жылдың сәуір айы |
Кеңес ауылдық округінің әкімі Е.Тәттібай |
Көшек батыр ауылындағы спорттық алаңшаның жасанды төсенішін ауыстыруға 3,6 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражат бойынша мамыр айында бағалау ұсыным беріледі. |
|
Үшарал ауылдық округі |
||||
|
1. |
Бозарық көшесінің жолын жөндеу және жарық орнатуға ұсыныс беру |
2022 жылдың сәуір айы |
Үшарал ауылдық округінің әкімі Р.Айтуов |
Үшарал ауылындағы Бозарық көшесіне асфальт жабындысы бар жол салу және жарық жүйесін жүргізу мәселесіне қатысты жобалық-сметалық құжаттамасын жасатуға қажетті қаражатқа бюджеттік өтінім, зерделеніп беріледі. Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттамасын жасатуға қажетті қаражат көлемін анықтау үшін жеке кәсіпкер «Бижан Ә.О.» сұраныс хат берілді. Қажетті қаражат көлемі нақтыланса бюджеттік өтінім берілетін болады. |
|
2. |
Үшарал ауылындағы Үдербаев көшесінің жарығын қайта қарау |
2022 жылдың сәуір айы |
Үшарал ауылдық округінің әкімі Р.Айтуов |
2021 жылы Үшарал ауылындағы Е.Үдербаев көшесі бойына қойылған күннен қуат алатын жарық жүйесі 2021 жылғы 17 қараша күні орын алған қатты дауыл салдарынан істен шыққан болатын. Оны қайта орнату жұмыстарын 2022 жылы көше жарықтарын күтіп ұстау, істен шыққандарын ауыстыру жұмыстарына бөлінген қаражат есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда көше жарықтарын ауыстыру, жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша 2022 жылғы 11 сәуірде конкурс жарияланып, жеңімпаз 2022 жылғы 25 сәуірде белгілі болады. Ал көше жарықтарына қажетті заттарды сатып алу бойынша конкурс 2022 жылғы 22 сәуір күні жарияланды. Жеңімпаздар анықталғаннан кейін жоғарыда аталған мәселе бойынша жұмыстар жүргізіледі. |
|
Қасқабұлақ ауылдық округі |
||||
|
1. |
Қасқабұлақ ауылына барған мамандарға бос тұрған үйлерді сатып алуға ұсыныс беру |
2022 жылдың сәуір айы |
Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі Ж.Усейнов |
Қасқабұлақ ауылында барған мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ауылдағы бос үйлердің жағдайлары зерделеніп, Бейбітшілік көшесінде №14, №15, №18 үш бос жеке түрғын үй анықталды. Жобаның жалпы құны 3,5 млн. теңге көлемінде. Қазіргі таңда тұрғын үй иелерімен келісілуде. Нәтижесі бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 14 сәуір 2022 жылы ұсыныс хат жолданды. |
|
2. |
Қасқабұлақ ауылының ішінен автокөлік өтетін көпірді қайта жаңғыртуға ұсыныс беру |
2022 жылдың сәуір айы |
Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі Ж.Усейнов |
Көпірді қайта жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды. Жоба құны 15 млн. 480 мың теңгені құрады. Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсыныс берілді. 2022 жылы 9 наурызда аудан әкімінің орынбасары Қ.Серимовтың атына хат жолданды. Бүгінгі күнге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары ІІІ тоқсанға жоспарлануда. |
|
3. |
Қасқабұлақ ауылынан сыртынан бос тұрған үйлерді қарастырып, ветеринарлық пункт ашуға ұсыныс беру |
2022 жылдың сәуір айы |
Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі Ж.Усейнов |
Ветеринариялық пунктке лайықты ауыл сыртында орналасқан бос тұрған үйлерден ғимарат қарастыру бойынша, зерделенді. Сатып алуға жарамды бос тұрған үйлер анықталмады. 21.04.2022 жылы аудан әкімінің атына ұсыныс хат берілді. |
|
Қаратау ауылдық округі |
||||
|
1. |
Есейхан ауылының ауыз су жүйесінің сапасыз салынуы бойынша қайта зерделеніп, құзырлы органдарға мердігер компанияны жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныс беру |
2022 жылдың сәуір айы |
Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Қаратау ауылдық округінің әкімі А.Малташов |
Құрылыс жұмыстарын жүргізген Мердігер компанияны жауапкершілікке тарту жөнінде аудандық сотқа ұсыныс беру үшін материалдар жинақталуда. Жинақталған соң жолданатын болады |
|
2. |
Есейхан ауылынан спорт алаңшасын салуға ұсыныс беру |
2022 жылдың сәуір айы |
Қаратау ауылдық округінің әкімі А.Малташов |
Есейхан ауылынан Street Workout алаңшасын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жоба құны 12 млн. теңге аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсынылды. Қаржы бөлуге байланысты нәтижесі күтілуде. |
|
3. |
Есейхан ауылындағы мәдениет үйінен спорт үйірмесін ашып, құрал жабдықтармен қамтуға ұсыныс беру |
2022 жылдың мамыр айы |
Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Рысбек, Қаратау ауылдық округінің әкімі А.Малташов |
Есейхан ауылындағы мәдениет үйінен спорт үйірмесі ашылған, №31 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ш.Тұрғат қазақ күресінен үйірме жүргізуде. Үйірмеге 24 бала қатылған. Қазақ күресінің клемімен қаматамасыз етілген. Қалған құрал- жабдықтармен қамтуға сұраныс берілді.
|
|
4. |
Есейхан ауылына кіре беріс тау бөктерінде орналасқан 11 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық – сметалық құжаттамасын қайта қарап, тиісті облыстық басқармаға бюджеттік өтінім ұсыну |
2022 жылдың мамыр айы |
Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Қаратау ауылдық округінің әкімі А.Малташов |
Аудандық маңызы бар Есейхан ауылына кіре беріс 11 шақырымды тас жолды жөндеу бойынша, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген құны 426 млн. 900 мың теңге. Алдағы уақытта келесі бюджеттік нақтылауға өтінім ұсынылады.
|
|
5. |
Есейхан ауылындағы «Қарашат» су қоймасының табанын тазалау бойынша қаржы қарастыру |
2022 жылдың тамыз айы |
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А.Ерубай, Қаратау ауылдық округінің әкімі А.Малташов |
«Қарашат» су қоймасы «Жамбыл Су қоймалары» КММ-нің теңгерімінде болғандықтан, аталған мекемеге ұсыныс берілді. «Жамбыл Су қоймалары» КММ ІІІ-тоқсанда үнемделген қаражат есебінен жүзеге асыруды жоспарлап отыр. |
|
Тамды ауылдық округі |
||||
|
1. |
Тамды ауылының маңындағы жайылымдық жерлердің көлемін ұлғайту бойынша шаруа қожалықтармен қайта кеңес өткізу |
2022 жылдың сәуір айы |
Тамды ауылдық округінің әкімі Р.Асқаров
|
Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде ауыл тұрғындарының қатысуымен ауылдық мәдениет үйінде кеңес өтіп, ауыл маңындағы жайылымдық жерлердің мәселесі шешіліп, шаруа қожалықтармен меморандумдар жасалды. Нәтижесінде ауыл ішіндегі малдың жайылымы 2000 га кеңейтілді. |
|
2. |
Ауыл тұрғыны Н.Күзембаевты отбасылық жағдайына байланысты қоғамдық жұмысқа тарту бағытында ұсыныс беру |
2022 жылдың сәуір айы |
Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Г.Татимбетова |
Ауыл тұрғыны Н.Күзембаев ақылы қоғамдық жұмысқа ағымдағы жылдың 12 сәуірінен бастап, 3 айылық мерзімге қабылданды.
|
|
3. |
Ауылдық округтен жабық кішігірім спорт кешенін соғу бойынша зерделеніп, ұсыныс беру |
2022 жылдың сәуір айы |
Тамды ауылдық округінің әкімі Р.Асқаров
|
Тамды ауылынан жабық кішігірім спорт кешенін соғуға арнайы жер телімін рәсімдеуге жерге орналастыру сызбасын есептету үшін «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Талас аудандық тіркеу және жер кадасторы бөліміне хат жолданды. Нәтижесі күтілуде |
|
4. |
Ауылдық округте жөндеуден өтпеген 2 көшенің (Жұбаев, Тілепбергенов) дайын жобалық – сметалық құжаттамаларын қарап, ұсыну |
2022 жылдың мамыр айы |
Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Тамды ауылдық округінің әкімі Р.Асқаров |
Тамды ауылындағы Б.Жұбаев және М.Тілепбергенов көшелерін кезең кезеңімен жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсынылды. Нәтижесінде 2023-2024 жылдары жөнделетін болады. |
|
5. |
Ауылдан мал тоғыту алаңын салу бойынша ұсыныс беру |
2022 жылдың сәуір айы |
Тамды ауылдық округінің әкімі Р.Асқаров
|
Тамды ауылының сыртынан мал тоғыту алаңын салу үшін 3 млн. 876 мың теңге бөлінді. Шілде айында конкурсқа берілетін болады. |
|
Берікқара ауылдық округі |
||||
|
1. |
Ауылға газ кіргізу мәселесі бойынша ауыл тұрғындары арасында тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
2022 жылдың шілде айы |
Берікқара ауылдық округінің әкімі Е.Смайлов
|
Газ кіргізу мәселесі бойынша ауыл тұрғындары арасында тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру бағытында түсіндіру жұмыстары 2 рет жүргізілді. Алдағы уақытта ауыл жиындарында тұрақты хабарланатын болады.
|
|
2. |
Қожағаппар ауылындағы Қ.Қошманбетов атындағы негізгі мектебінің ескіргені туралы облыс әкімдігінің білім басқармасына ұсыныс беру |
2022 жылдың мамыр айы |
Талас аудандық білім бөлімінің басшысы М.Қазанғапов (келісім бойынша) |
Қожағаппар ауылындағы 50 орындық модульдік үлгідегі мектеп салу 2025 жылға жоспарланған. Облыс әкімдігінің білім басқармасына мектеп құрылысы жұмыстарын 2023 жылға жылжыту бойынша (9 ақпан 2022 жылы №04-175) ұсыныс хат жолданған. Қазіргі таңда Берікқара ауылдық округінің әкіміне мектеп құрылысына 1,2 га жер телімін бөлуге хат жолданды. Ауылдық округ әкімінің аппараты тарапынан Қожағаппар ауылының тұрғындарымен жерін заңдастыру мақсатында кездесіп, ескі мектептің орны болып белгіленді.
|
|
3. |
Майтөбе ауылындағы А.Даулетбеков атындағы орта мектебінің айналасын көгеріштендіру үшін мектеп жанындағы скважинаны тазалауға ұысыныс беру |
2022 жылдың мамыр айы |
Берікқара ауылдық округінің әкімі Е.Смайлов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы М.Қазанғапов (келісім бойынша) |
А.Дәулетбеков атындағы орта мектебі орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Ауыл жанындағы әуіттің суымен көгеріштендіру жұмыстары жүргізіледі. Скважинаны тазалауға немесе жаңадан скважина қаздыру бойынша демеушілер тарту бағытында тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.
|
|
4. |
Берікқара ауылдық округіне қарасты Аралтөбе егіс алқабына тікелей шығатын тас жолды жөндеу бойынша ұсыныс беру |
2022 жылдың мамыр айы |
Берікқара ауылдық округінің әкімі Е.Смайлов |
Аралтөбе тау жотасына шаруа қожалық төрағаларымен барып, тас жолдың жөнделетін (тегістелетін) жерлері келісіліп, белгіленді. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттарын дайындау бағытында жұмыстар жүргізілуде.
|
|
Көктал ауылдық округі |
||||
|
1. |
Көктал ауылының ауыз су мәселесіне қатысты «Көктал» су нысанынан тартылған су жүйесінің құрылысы аяқталып, қосылған жағдайда ауыз су тұрақты берілетіндігі бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
тұрақты |
Көктал ауылдық округінің әкімі Қ.Бейсебаев |
Көктал ауылының ауыз су мәселесіне қатысты «Көктал» су нысанынан тартылған су жүйесінің құрылысы ағымдағы жылы аяқталған жағдайда, ауыз су тұрақты берілетіндігі бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары 2022 жылы 29 наурызда жүргізілді.
|
|
2. |
Көктал ауылындағы мал ұрлығы бойынша аудандық полиция бөліміне ұсыныс хат беру |
2022 жылдың наурыз айы |
Көктал ауылдық округінің әкімі Қ.Бейсебаев |
Көктал ауылындағы мал ұрлығы бойынша Талас аудандық полиция бөліміне ауыл әкімінің атынан 2022 жылдың 01.03.2022 жылы №60 хат жолданды, жауабы күтілуде.
|
|
3. |
Көктал ауылындағы Есейхан көшесінен балалар ойын алаңын салу бойынша ұсыныс беру |
2022 жылдың сәуір айы |
Көктал ауылдық округінің әкімі Қ.Бейсебаев |
Есейхан көшесінен балалар алаңын салу бойынша жобалық – сметалық құжаттары дайындалуда, аяқталған соң аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсыныс хат берілетін болады.
|
|
Ақкөл ауылдық округі |
||||
|
1. |
Ақкөл ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны автокөлікпен қамтамасыз ету үшін ұсыныс беру |
2022 жылдың сәуір айы |
Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ж.Ратов |
Аудан әкімінің атынан Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына 2022 жылдың 30 наурызында №01-831 ұсыныс хат жолданды. Ақкөл ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға жедел жәрдем автокөлігін сатып алу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасынан 2022 жылдың 16 наурыздағы №1076 шығыс хатымен облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ағымдағы жылдың 4 сәуірінде өткен облыстық бюджет нақтылауына бюджеттік өтінім тапсырылған. Алайда, облыстық бюджет комиссиясымен қолдау таппағандығына байланысты, ағымдағы жылдың шілде айында өтетін нақтылауға қайта ұсынылатындығы хабарланды.
|
|
2. |
Ақкөл ауылынан жаңадан дәрігерлік амбулатория құрылысын салу бойынша ұсыныс беру |
2022 жылдың сәуір айы |
Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ж.Ратов |
Аудан әкімінің атынан Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына 2022 жылдың 30 наурызында №01-831 ұсыныс хат жолданып, Ақкөл ауылына жаңадан соғылатын дәрігерлік амбулатория құрылысы 2025 жылға дейін құрылыс жұмыстары жүргізілетін нысандардың тізіміне енгізілгендігі туралы хабарланды.
|
|
3. |
Ақкөл көліне 90 млн. кубқа дейін су толтыру бойынша зерделеп, ұсыныс енгізу |
2022 жылдың сәуір айы |
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А.Ерубай, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ж.Ратов |
Қазіргі уақытта Ақкөл көлінде 67 млн/м3 су бар. Аса өзені арқылы 0,5 м 3/сек, ал Қызыәуіттен 2,0 м 3/сек су келуде. Тиімді ауа-райы қалыптасқан жағдайда тиісті межеге дейін толтыру күтілуде.
|
|
4. |
Орта арық каналын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық – сметалық құжаттамалары әзірленіп, ұсыныс енгізу |
2022 жылдың мамыр айы |
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А.Ерубай, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ж.Ратов |
«Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының теңгеріміндегі Ақкөл ауылының ішінен өтетін ұзындығы 7,618 шқ «Орта арық» каналы «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының «Үнемді Қазақстан» атты 2 бағыты аясында қалпына келтірілетін нысандар тізіміне енген. Бүгінгі күні республикалық бюджеттен жұмыс жобасын әзірлеуге қаржы бөлдіру мақсатында нысандарды ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің теңгеріміне беру іс-шаралары жүргізілуде. Теңгерімге беру шаралары аяқталған соң, комитет тарапынан бюджеттік өтінім енгізілетін болады. Сонымен қатар, нысан «Қазсушар» РМК «Су шаурашылық жүйелерін автоматтандырудың 5 жылға арналған» Жоспарына енді. Бағдарламаға сәйкес, Орта арық каналының су өлшеу бекеттері қайта жаңғыртылып, автоматтандыру жүйесімен толықтай жабдықталады.
|
|
5. |
Ақкөл ауылына квартаішілік газ құбыры желісінің құрылысын салу (ЖСҚ дайын. МС №ЕО-0032/21, жоба құны 369 млн. 300 мың теңге) үшін ұсыныс енгізу |
2022 жылдың сәуір айы |
Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ж.Ратов |
Ақкөл ауылына кварталішілік газ құбыры желісінің құрылысын салу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы тарапынан республикалық бюджетке ұсыныс берілді. Алайда, бұл нақтылауда қолдау таппады. Алдағы болатын нақтылауда қайта ұсынылады
|
|
6. |
Ақкөл ауылындағы мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жобалық – сметалық құжаттамасы дайындалып, ұсыныс енгізу |
2022 жылдың сәуір айы |
Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Мақұлбек, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ж.Ратов |
«Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығына қарасты Ақкөл, Бостандық, Ойық, Үшарал ауылдық мәдениет үйлерін күрделі жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамасын алу үшін ағымдағы жылдың 25 наурыз күні №186 хатымен аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне барлығы 20 млн. 600 мың теңге қаржы бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Қазіргі таңда 8,5 млн. теңге бөлінді
|
|
7. |
Ақкөл ауылы «Ақ отау» ықшам ауданының көше жолдарын асфальттау және абаттандыру (ЖСҚ дайын, жоба құны 23 млн. 728 мың теңге) жұмыстарына қаржы қарастыруға ұсыныс беру |
2022 жылдың сәуір айы |
Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ж.Ратов |
«Ақ отау» ықшам ауданының көше жолдарын асфальттау және абаттандыру жұмыстарына қаржы қарастыру ағымдағы жылдың шілде айында өтетін нақтылауға ұсынылатын болады.
|
|
Қызыләуіт ауылдық округі |
||||
|
1. |
Қызыләуіт ауылының ішіндегі көшелерді жөндеу бойынша ұсыныс енгізу |
2022 жылдың сәуір айы |
Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі Г.Байкенжеев |
Қызыләуіт ауылының ішкі көшелерін жөндеу бойынша П.Есенбекұлы көшесіне 5 млн. 29 мың теңге, Мектеп көшесі жобалық сметалық құны 33 млн. 557 мың теңге, Есей көшесіне 53 млн. 393 мың теңге, Е.Тұрлыбайұлы көшесіне 11 млн. 167 мың теңге, А.Құнанбайұлы көшесіне 46 млн. 531 мың теңге, А.Құнанбайұлы көшесі 1 қиылысна 5 млн. 230 мың теңге, А.Құнанбайұлы көшесі 2 қиылысна 3 млн. 665 мың теңге, А.Құнанбайұлы көшесі 3 қиылысна 3 млн. 360 мың теңге және Д.Дүйсенбин көшесі 2 қиылысна 3 млн. 360 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттамалары дайындалып, аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім ұсынылған. Ағымдағы жылы жөндеуге қолдау таппады. Алдағы жылдарға кезең кезеңімен жөндеуге ұсыныстар берілетін болады.
|
|
2. |
Қызыләуіт ауылынан «Жасыл белдеу» бойынша тал егуге ұсыныс беру |
2022 жылдың сәуір айы |
Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі Г.Байкенжеев |
Қызыләуіт ауылынан «Жасыл белдеу» бойынша тал егуге арналған орынның жер учаскесі нақтыланып, мемлекеттік актісі алынып, құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 7 млн. 207 мың теңге аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім ұсынылған. Нақтылау барысында қолдау таппады. Алдағы бюджеттік нақтылауда қосымша ұсынылатын болады. |
|
3. |
Қызыләуіт ауылындағы «Әбдрасіл» әуіт су қоймасын қалпына келтіру бойынша ұсыныс беру |
2022 жылдың шілде айы |
Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі Г.Байкенжеев |
Қызыләуіт ауылындағы «Әбдірәсіл» әуіт су қоймасын қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бөджеттік өтінім ұсынылды. Жоба құны 8 млн. 235 мың теңге. Нақтылау барысында қолдау таппады. Алдағы бюджеттік нақтылауда қосымша ұсынылатын болады. |
|
Бостандық ауылдық округі |
||||
|
1. |
Бостандық ауылының ішкі көшелерін жарықтандыру бойынша жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеп, ұсыныс енгізу |
2022 жылдың мамыр айы |
Бостандық ауылдық округінің әкімі М.Рысдаулетов |
Бостандық ауылының ішкі көшелерін жарықтандыруға сметалық құжаттарын әзірлеу үшін Талас аудандық электр жүйесінің басқарушысы Н.Исаевқа 2022 жылдың 01 сәуір күні №106 шығыс хат жолданып, басқарушы Н.Исаев ауылдық округке арнайы барып, есептеу жұмыстары жүргізілетін болып, келісілді. |
|
2. |
Талапты ауылына оптикалық интернет жүйесін тарту және ұялы байланыс операторларының интернет жылдамдығын арттыру |
2022 жылдың шілде айы |
Бостандық ауылдық округінің әкімі М.Рысдаулетов |
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитеті Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша Өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы Е.Токтагулов, Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Р.Нокрабековтың қатысуымен оптикалық интернет жүйесін, ұялы байланыс интернет жылдамдығын арттыру бойынша 13 сәуір күні Бостандық ауылындағы мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының қатысуымен кеңес өтіп, тиісті мәселелер талқыланды. |
|
3. |
Бостандық ауылынан спорт кешенін салу бойынша ұсыныс беру |
2022 жылдың шілде айы |
Бостандық ауылдық округінің әкімі М.Рысдаулетов, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Рысбек |
Талас ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Жаманбаевқа спорт кешенін соғу үшін 0.6400 га жер теліміне жер таңдау актісін жасатуға 2022 жылдың 05 сәуір күні №115 шығыс хаты жолданды. Бостандық ауылына дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрлысына Жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 5 млн. теңге қаржы бөлінді.
|
|
Аққұм ауылдық округі |
||||
|
1. |
Аққұм ауылындағы Т.Рысқұлов көшесінің электр жарығын тарататын КТП-ны ауыстыру бойынша ұсыныс енгізу |
2022 жылдың маусым айы |
Аққұм ауылдық округінің әкімі Б.Ошақбаев |
Талас аудандық электр жүйесінің басқарушысы Н.Исаевқа сұраныс хат 2022 жылдың 15 сәуірінде жолданды. Жауабы күтілуде.
|
|
2. |
Аққұм ауылындағы Т.Рысқұлов көшесінің екінші бөлігіне көше жарықтарын орнату бойынша ұсыныс енгізу
|
2022 жылдың маусым айы |
Аққұм ауылдық округінің әкімі Б.Ошақбаев |
Т.Рысқұлов көшесінің екінші бөлігіне көше жарықтарын орнату бойынша жобалық сметалық құжаттары дайындалып, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 2022 жылдың 11 сәуірінде өтінім берілді.
|
|
С.Шәкіров ауылдық округі |
||||
|
1. |
С.Шәкіров ауылдық округіндегі Қазақбай су қоймасына келетін арықты тазалау және нығайту бойынша тиісті ұсыныс енгізу |
2022 жылдың шілде айы |
С.Шәкіров ауылдық округінің әкімі Р.Бекбосын |
Қазақбай су қоймасына су келетін арықты өлшеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 665 метрді құрады. Қазіргі таңда аталған арықты коммуналдық меншікке алу жұмыстары жүргізілуде. Тазалау жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарлануда. Сонымен қатар, су қойманы нығайту жұмыстары бойынша су қойманың техникалық жағдайларына зерделеу актісі жасалынған. Аталған жұмыстарды жүргізу бойынша ағымдағы жылдың 8 сәуіріндегі №63 шығыс хатымен «Жамбыл су қоймалары» КММ-не ұсыныс берілді. Мекеме тарапынан нығайту жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында жүргізу жоспарланды.
|
|
2. |
С.Шәкіров ауылындағы ауылдық кітапхана ғимаратын жөндеуден өткізу және газға қосу бойынша ұсыныс беру |
2022 жылдың шілде айы |
С.Шәкіров ауылдық округінің әкімі Р.Бекбосын |
С.Шәкіров ауылындағы ауылдық кітапхана ғимаратын жөндеуден өткізу үшін ауылдық округтен шыққан жеке кәсіпкерге сенімді басқаруға беру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Берілген жағдайда кәсіпкер тарапынан ағымдағы жөндеуден өткізіліп, газға қосу жұмыстары және келісім шартпен бекітілген уақыттан күтіп ұстау жұмыстары жүргізілетін болады.
|
|
3. |
С.Шәкіров ауылының тұрғыны Ж.Әлімбековтың азық-түлік дүкенін ашуға, тандыр нан жабуға пеш алуға грант алу мүмкіндіктерін қарастыру |
2022 жылдың шілде айы |
Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Г.Татимбетова, С.Шәкіров ауылдық округінің әкімі Р.Бекбосын |
Ж.Әлімбековтің азық-түлік дүкенін ашу үшін өтініші қабылданып, 0,6 га жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Қайтарымсыз грант алу бойынша бизнес жоспары дайындалып, ағымдағы жылдың 29 наурызда №55 шығыс хатымен Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына арнайы ұсыныс берілді, қаржыландыру күтілуде.
|