Меню

Страницы

Статья

Информация о выполнении планов мероприятий по реализации рекомендаций, содержащихся в отчете акима района за 2020 год в II квартале 2021 года.

2020 жылдың қорытындысы бойынша аудан әкімінің  есебі кезінде  айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының ІІ тоқсанында орындалуы туралы ақпарат

 

2021 жылдың 18 қаңтар – 9 ақпан аралығында қала және ауылдық округтер бойынша барлығы 28 есепті кездесулер өткізіліп, 83 ұсыныс-пікірлер қабылданды.

2021 жылдың 17 ақпанындағы «Аудан әкімінің аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы» №17 қаулысымен 26 мәселе бекітілді.

Оның: ауызсу-1, жер-5, жол жөндеу-5, әлеуметтік сала нысандарын құрылысы-5, электрлендіру, байланыс, газдандыру-4, санитарлық тазалық, абаттандыру-1, басқа да мәселелер-5.

 

№

Іс-шаралар

(көтерілген  ұсыныстар мен ескертулер бойынша)

Орындалу мерзімі

Орындалуы

(орындалды, орындалуда, орындалмайды нақты себептерімен)

 

Үшарал ауылдық округі

1.

Үшарал ауылында орналасқан Денешынықтыру және сауықтыру кешенін толық пайдалануға беру

2021 жылдың қазан айы

Үшарал ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешені Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Талас ауданындағы №33 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне берілді.

Спорт кешенінде жалпы 7 қызметкер жұмыс атқаруда. Оның ішінде: 1 шаруашылық меңгерушісі, 2 жаттықтырушы, 1 спорт нұсқаушы, 1 вахтер, 2 қарауыл, жұмыс атқаруда.

ОРЫНДАЛДЫ

 

2.

Үшарал ауылдық округіндегі шабындық жерлерді суландыру бағытында жұмыстарды ұйымдастыру

2021 жылдың мамыр айы

Ағымдағы жылы жауын шашынды болуына байланысты              2500 га. шабындық жерлер қажетті мөлшерде суландырылды. Шабындықта қысқы мал азығын жинақтау мақсатында, ору жұмыстары жүргізілуде.

ОРЫНДАЛДЫ

 

3.

Арал және Қайыр ауылдарына жол салу үшін ЖСҚ-ны мемлекеттік сараптамадан өткізіп, облыс әкімдігіне бюджеттік өтінім беру

2021 жылдың қараша айы

Арал ауылына кіреберіс 11,6 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу мақсатында 106 млн. теңгеге жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, бюджеттік өтінім тапсырылды. Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасы тарапынан 2022 жылға жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарлануда.

ОРЫНДАЛДЫ

 

Кеңес ауылдық округі

4.

Бөлтірік шешен ауылында 3 көше Т.Рысқұлов, С.Шәкіров, Нұралы, Көшек батыр ауылындағы Жақай молда көшелерін жөндеу үшін тиісті облыстық басқармаға бюджеттік өтінім ұсыну

2021 жылдың қараша айы

Бөлтірік шешен және Көшек батыр ауылдарындағы көшелерді жөндеу мақсатында 58 млн. 259 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржы қарастыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім а.ж. ақпан айында өткізілген.

ОРЫНДАЛДЫ

 

Ойық ауылдық округі

5.

Тұрымқұл ауылындағы Т.Тоқтаров көшесіне жаңадан тас жол салу бойынша ЖСҚ әзірлеп, облыстық басқармаға бюджеттік өтінім ұсыну

2021 жылдың қараша айы

Тұрымқұл ауылындағы ұзындығы 1 шақырым болатын Т.Тоқтаров көшесін жөндеуге  17 млн. 728 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім а.ж. ақпан айында өткізілген.

ОРЫНДАЛДЫ

 

Берікқара ауылдық округі

6.

Қожағаппар ауылына кіре-беріс тас жолды жөндеу бойынша облыстық басқармаға бюджеттік өтінім ұсыну

2021 жылдың қараша айы

Қожағаппар ауылына кіре беріс автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары бойынша  Жамбыл обылысы  әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан республикалық бюджеттен 15 млн. 477 мың теңге, аудандық бюджеттен 15 млн. 477 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары 16.06.2021 ж. конкурс жарияланды. Конкурс аяқталу 15.07.2021 ж. күтілуде.

ОРЫНДАЛДЫ

 

Қасқабұлақ ауылдық округі

7.

Қасқабұлақ ауылына барған мамандарға арнайы  2 пәтерлі 1 тұрғын үй салуға бюджеттік өтінім ұсыну

2021 жылдың қараша айы

Қасқабұлақ ауылына 2 пәтерлі 1 тұрғын үй салуға 49 млн. 184 мың теңгеге Жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттін өтінім ұсынылды.

ОРЫНДАЛДЫ

 

 

Қаратау ауылдық округі

8.

Есейхан ауылындағы Қарашат су қоймасының астын тазалау бойынша ЖСҚ әзірлеп, қаржы қарастыру

2021 жылдың тамыз айы

Қарашат су қоймасының астын тазалау үшін «Жамбыл су қоймалары» РМК тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, «РДК-01» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 12 млн. 683 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттарын әзірледі. Облыстық бюджеттен қаржы бөлу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

9.

Қараой ауылдық медициналық пунктін автокөлікпен қамтамасыз ету

2021 жылдың шілде айы

Қараой ауылына аудандық орталық аурухана тарапынан ағымдағы жылдың соңына дейін көлікпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша тиісті шаралар атқарылуда. Бақылауға алынды.

 

Қаратау қаласы

10.

Қаратау қаласындағы жобалық сметалық құжаттамалары дайын 42 көшені жөндеу бойынша қаржы көздерін қарастыру мақсатында облыстық басқармаға бюджеттік өтінім ұсыну

2021 жылдың қараша айы

Қаратау қаласының  42 көшесіне орташа жөндеу бойынша  1 млрд. 200 млн. теңгеге жобалық сметалық құжаттамалар дайындалып, «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаражат қарастыру мақсатында Жамбыл облысы  әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ақпан айынды жолданды.

                                                                            ОРЫНДАЛДЫ

 

11.

Қаратау қаласындағы жобалық сметалық құжаттамалары дайын 49 көшенің көше жарығын орнатуға қаржы көздерін қарастыру мақсатында облыстық басқармаға бюджеттік өтінім ұсыну

2021 жылдың қараша айы

Қаланың 49 көшесін жарықтандыру бойынша 684 млн. 782 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттамалар дайындалып, «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаражат қарастыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

 

Тамды ауылдық округі

12.

Тамды ауылында жеке тұрғын үйлердің құдықтарына су шығару бағытында көктем мезгілінде Тамды өзеніне су жіберу

2021 жылдың сәуір айы

Тамды ауылының жеке тұрғын үйлерінің құдықтарына су шығару мақсатында ағымдағы жылы «Қазсушар» РМҚ аудандық бөлімшесімен келісе отырып, Тамды өзеніне арнайы су жіберілді. Сонымен қатар, әуітке жеткілікті мөлшерде су жиналды.

ОРЫНДАЛДЫ

 

13.

Тамды ауылында ұялы байланыс операторларының интернет жылдамдығын арттыру

2021 жылдың маусым айы

Жамбыл облысы әкіміне 2021 жылдың 16 наурызында интернет жылдамдығын арттыруға байланысты Ұлттық экономика Минстрлігінің стратегиялық жоспарына енгізуге Талас ауданындағы Тамды, Бостандық, С.Шәкіров ауылдық округтерінің интернет желісінің 4G –ге ауқымын кеңейтуге ықпал ету бойынша арнайы хат жолданды.

 

14.

Тамды ауылының маңындағы жайылымдық жерлердің көлемін ұлғайту

2021 жылдың желтоқсан айы

Ауылдық округ тұрғындары мен шаруа қожалық төрағаларына жайылымдық жерлер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауыл маңына жақын орналасқан 3-5 шақырымдағы шаруа қожалықтардың тізімі аудандық жер қатынастар бөліміне өткізілді.

 

Көктал ауылдық округі

15.

Көктал ауылында ауылдық клуб салуға облыстық басқармаға бюджеттік өтінім ұсыну

2021 жылдың қараша айы

Көктал ауылдық округінде 90 орындық клуб соғу аясында 02.07.2020 жылы «КапиталПроект» ЖШС-мен келісім шарт жасалып ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба құны 116 млн. 604 мың теңге. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен салалық қорытындысы алынып, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасына  бюджеттік өтінім берілді.

ОРЫНДАЛДЫ

 

Қызыләуіт ауылдық округі

16.

Қызыләуіт ауылындағы М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінің жылу жүйесін жөндеу бойынша облыстық басқармаға бюджеттік өтінім ұсыну

2021 жылдың қараша айы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінің жылу жүйесін жөндеу бойынша аудандық білім бөлімі тарапынан бюджеттік өтінім беріліп, қаржы бөлінді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарына қатысты конкурстық шаралар жүргізілуде.

ОРЫНДАЛДЫ.

 

Ақкөл ауылдық округі

17.

Ақкөл көліне шабақ жіберу мәселесін шешу

2021 жылдың қараша айы

«Қойшыбай-Ата» шаруа қожалығы Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округінде орналасқан арнайы су қоймасына (питомник) 1,5 млн. сазан балығының шабағын өсіру бағытында жіберілген. Ағымдағы жылдың қазан айында 67 мың шабақ Ақкөл көліне жіберіледі деп жоспарлануда.

 

18.

Ақкөл ауылындағы О.Иманалиев атындағы мәдениет үйінің шатырын жөндеуге облыстық басқармаға бюджеттік өтінім ұсыну

2021 жылдың шілде айы

2021 жылы «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығына қарасты Ақкөл ауылдық мәдениет үйін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін (ғимараттың шатырын темір жабындыға ауыстыру,  2-қабатына ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу, жылу торабын жеке-жеке жылу беру үшін монтаждау) 36 млн. 856 мың теңгеге ЖСҚ әзірленіп, аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, конкурстық  рәсімдер өткізілуде. Жеңімпаз 10.07.2021 жылы анықталады.

ОРЫНДАЛДЫ

 

19.

Ақкөл ауылынан дене шынықтыру және сауықтыру кешенін соғуға облыстық басқармаға бюджеттік өтінім ұсыну

2021 жылдың қазан айы

«Ауыл ел-бесігі» жобасы аясында Дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салуға 330 млн. теңгеге Жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, қолдау тапты. Қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан ашық конкурс жарияланды.

ОРЫНДАЛДЫ

 

20.

Ақкөл ауылдық округі аумағындағы пайдаланылмай отырған жайылымдық  жерлерді мемлекет меншігіне қайтару

2021 жылдың шілде айы

2019-2021 жылдар аралығында Ақкөл ауылдық округі бойынша көлемі 3015 гектар жайылым жер учаскелері аудандық босалқы жер қорына алынған. Қазіргі таңда Ақкөл ауылдық округінің босалқы жер қорында 4674 гектар жайылым жер учаскелері тіркелген және алдағы уақытта аталған жайылым жерлер елді мекен тұрғындарының ортақ пайдалануына бекітіліп берілетін болады.

 

21.

Ақкөл ауылдық округінде орналасқан қоғам қайраткері Д.Қонаев ескерткішінің айналысын абаттандыру бойынша ЖСҚ әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну

2021 жылдың қазан айы

Ескерткіштің айналасын абаттандыру бойынша 3 млн. 200 мың теңгеге  Жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, қайта пысықталуда.

 

 

Бостандық ауылдық округі

22.

Талапты ауылына оптикалық интернет жүйесін тарту және ұялы байланыс операторларының интернет жылдамдығын арттыру

2021 жылдың қараша айы

Жамбыл облысы әкіміне 2021 жылдың 16 наурызында интернет жылдамдығын арттыруға байланысты Ұлттық экономика Минстрлігінің стратегиялық жоспарына енгізуге Талас ауданындағы Тамды, Бостандық, С.Шәкіров ауылдық округтерінің интернет желісінің 4G –ге ауқымын кеңейтуге ықпал ету бойынша арнайы хат жолданды.

 

 

Аққұм ауылдық округі

23.

Аққұм ауылына су келетін «Оң жамбас» каналы мен «Аққұм» каналының жарты бөліктерін тазалау

2021 жылдың тамыз айы

«Аққұм», «Оң жамбас» каналдарын «Казсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалы тарапынан сәуір айында 12,5 шақырым тазаланып, ауылға және шаруа қожалықтарына су берілді.

ОРЫНДАЛДЫ

 

24.

Аққұм ауылы тұрғындарының жазғы және қысқы мал жайылымдарының жерін ұлғайту

2021 жылдың тамыз айы

Аққұм ауылдық округі бойынша жыл басынан бері 282,5 гектар жайылым жерлер мемлекеттік босалқы жер қорына алынды. Қысқы мал жайылымын ұлғайту бойынша аулдық округ және орман шаруашылығы арасында орман қоры жеріндегі 2500 гектар жайылым жерлерді ауыл тұрғындарының ортақ пайдалануы бойынша келісім жасалынды. Бүгінгі күнге Аққұм ауылдық округінің босалқы жер қорындағы жайылым жерлер 735 гектарды құрап отыр. Алдағы уақытта аталған жайылым жерлер елді мекен тұрғындарының ортақ пайдалануына бекітіліп берілетін болады.

 

С.Шәкіров ауылдық округі

25.

С.Шәкіров ауылдық округіндегі ауыл іргесіндегі жайылымдық жерлерді шаруа қожалықтардан алып, мемлекеттің жер қорыну қайтару

2021 жылдың шілде айы

2021 жылы С.Шәкіров ауылдық округі елді мекендеріне жақын орналасқан көлемі 129 гектарды құрайтын жайылым жер учаскелері мемлекеттік босалқы жер қорына алынды. Қазіргі таңда С.Шәкіров ауылдық округі елді мекендерінің айналысында мемлекеттік босалқы жер қорында көлемі 1805 гектар жайылым жер учаскелері тіркелген. Алдағы уақытта аталған жайылым жерлер елді мекен тұрғындарының ортақ пайдалануына бекітіліп берілетін болады.

ОРЫНДАЛДЫ

 

26.

Тамабек ауылында ұялы байланыс операторларының интернет жылдамдығын арттыру

2021 жылдың шілде айы

Жамбыл облысы әкіміне 2021 жылдың 16 наурызында интернет жылдамдығын арттыруға байланысты Ұлттық экономика Минстрлігінің стратегиялық жоспарына енгізуге Талас ауданындағы Тамды, Бостандық, С.Шәкіров ауылдық округтерінің интернет желісінің 4G –ге ауқымын кеңейтуге ықпал ету бойынша арнайы хат жолданды.

Сонымен қатар, ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан Kcell компаниясына елді мекендерде интернет желісінің сапасын арттыру бойынша арнайы хаты жолданған. Қазіргі уақытта Kcell компаниясының өкілдерінен жауап күтілуде.

 

 

 

Дата публикации
29 июня 2021
Дата обновления
29 июня 2021
Тип

Сейчас читают

Полезная информация
21 октября 2026
ДИАЛОГ ПОЛЕЗНЫЙ КАЖДОМУ!
21 октября 2026
76,11 млн долларов США направлено казахстанцам в рамках программы «Национальный фонд – детям»
21 октября 2026
УПРАВЛЕНИЕ ПЕНСИОННЫМИ АКТИВАМИ

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы