Меню

Страницы

Статья

 Облыс әкімінің 2025 жылы (07.11.2025 ж.) Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

 Облыс әкімінің 2025 жылы (07.11.2025 ж.) Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында

айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

 

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.     

Қаратау қаласындағы «Орталық саябақты» ретке келтіру мәселесін шешу

2026 жыл

ІІІ тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары А.Әлі, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

2023 жылы Қаратау қаласындағы «Орталық саябаққа» 16,3 млн. теңге қаржы қарастырылып, абаттандыру (суландыру жүйесі жүргізіліп, келушілерге арналған әжетхана салынып, кіреберісіне субұрқақ орнатылды) жұмыстары жүргізілген.

2024 жылы саябақ ішіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жол бойы жарықтандырылды.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қоры тарапынан 400,0 млн. теңгеге 2 жобаны (Орталық саябақ ішіне Этномәдени тұрғыда абаттандыру және 5 мөлтек ауданына спорт және балалар ойын алаңшалары) іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2026 жылы аудандық бюджеттен 17,2 млн. теңге бөлініп, қала әкімдігі тарапынан «Орталық саябақтың» ішіне абаттандыру жұмыстары жүргізілуде (жарықтандыру жүйесі, саябақ ішіндегі орындықтарды ауыстыру, тал кесу және т.б.). Мердігер – ЖК «Айтбеков».

.

2.     

Қаратау қаласындағы үй кезегінде тұрған азаматтардың өз кезегімен үй алуын және кезек санын азайтуды тұрақты бақылауда ұстау

Тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары А.Әлі, «Отбасы банк» АҚ-ның облыстық филиалы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

Талас ауданында 2025 жылдың қаңтарында тұрғын үй кезегінде 1617 азамат тұрған. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастар туралы заңына сәйкес тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар бойынша түгендеу жұмыстары жүргізіліп, сәуір айына тұрғын үй кезегінде нақты 1248 адамның (көп балалы отбасылар 243, әлеуметтік осал топтағылар 596, бюджеттік қызметкерлер 408, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баламен 1)  тұрғандығы нақтыланды.    

2025 жылдан бастап «Отбасы банк» АҚ Жамбыл облысы филиалына, Бауыржан  Момышұлы көшесі №17 үй және  3 мөлтек ауданы №64 тұрғын үйді беру жоспарланып (137 пәтер) кезектегі әлеуметтік жағынан осал топтығы азаматтарға пәтер бөлініп берілуде. Отбасы Банк АҚ 2025 жылдың желтоқсан  айынан бастап Б.Момышұлы көшесі № 17 үйден  67 тұрғынға және 3 -мөлтек ауданы № 64 үйдің 46 тұрғынға қазіргі таңға келісім-шарт 113 пәтерге құжаттары жасалынып, кілттері мен құжаттары тапсырылды.  Атап айтар болсақ, Мүгедек бала асыраушы отбасы -11, қандас - 11, көпбалалы отбасы -36, толық емес отбасы - 24, асыраушысынан айрылғандар - 6, ауған соғысының ардагерлеріне - 2, ұрыс қимыл ардагерлері -2, Ұлы отан соғысының ардагерлеріне  теңестірілген - 2, жетім - 1 азаматқа пәтер берілді.

Алдағы уақытта ағымдағы жылы 2 көппәтерлі тұрғын үй берілу жоспарлануда  Б.Момышұлы №15 үй  80 пәтерлі, 3 мөлтек ауданы №25 Д үй 84 пәтерлі үй. Кезектегі әлеуметтік жағынан осал топтағы тұрған азаматтарға 164 пәтермен қамтамасыз етілетін  болады.

               .

3.     

Қаратау қаласындағы ескі «Авангард» кинотеатрын заманауи кинотеатр ретінде жөндеу мәселесін инвесторларды тарта отырып шешуді қарастыру

2026 жыл

ІІІ тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемов, облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

«Авангард» кинотеатрын қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама әзріленіп, ведомствадан тыс сараптамадан өтіп № EX01-0126/25 22.07.2025 жылы қорытынды алынды. Жобалаушы «КазЦентр Проект» ЖШС келісім шарт соммасы 5,4 млн. теңге. Сметалық құны 280 млн. 012,0 мың теңге. Облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім әзірленіп, өткізілді.

Қаржыландыру күтілуде.

.

4.     

Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасының жұмысына жан-жақты зерделеу жүргізіп, нәтижесі бойынша қысқа мерзімде ақпарат ұсыну

01.12.2025 жыл

 

Облыс әкімінің орынбасар А.Есмағамбетова, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау)

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жүргізілетін іс-шара.

5.     

Ауданда іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды бақылауда ұстау және ірі инвестициялық жобалар тарту

Тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың көлемі 2026 жылдың І тоқсанында 1,4 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 21,2%-ға орындалған, оның ішінде жеке инвестициялар көлемі 1,4 млрд.теңгені құрап, 27,5%-ға орындалған.

2026 жылдың І жартыжылдығанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 14,8 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 81,0%-ға орындалды (2025 жылы 17,4 млрд.теңге), оның ішінде жеке инвестициялар көлемі 13,5 млрд.теңгені құрап, 89,4%-ға орындалған.

А.ж. ІІ тоқсанында кәсіпорындарға құрал-жабдықтардың келуіне байланысты инвестиция көлемі 1,4 млрд.теңгеден 14,8 млрд.теңгеге дейін артты. Атап айтқанда:

- «Талас Инвестмент Компани» ЖШС - 12,5 млрд.теңге;

- «Артаза» СПК - 0,2 млрд.теңге;

- «QazaqGas барлау және өндіру» ЖШС - 0,5 млрд.теңге;

- «Каратау Кемикалс» ЖШС - 0,3 млрд.теңге.

2026 жылдың ІІІ тоқсанында негізгі капиталға тартылатын инвестициялардың жоспары 25,3 млрд.теңге, оның ішінде жеке инвестициялар 17,7 млрд. теңге. Нақты 23,0 млрд.теңгеге орындалады деп күтілуде. Атап айтқанда:

- «Талас Инвестмент Компани» ЖШС - 5,0 млрд.теңге;

- «Артаза» СПК - 0,6 млрд.теңге;

- «KARATAU LIME» ЖШС - 2,0 млрд.теңге;

- «АsiaChem» ЖШС - 0,6 млрд.теңге;

Жыл қорытындысымен 29,4 млрд. теңге инвестиция тарту жоспары толық орындалады. Атап айтқанда:

- «Талас Инвестмент Компани» ЖШС – 0,5 млрд.теңге;

- «АsiaChem» ЖШС – 4,0 млрд.теңге;

- «QazaqGas барлау және өндіру» ЖШС – 1,9 млрд.теңге.

 

6.     

Мемлекет басшысының 2025 жылы халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасының аудан аумағында орындалуын жүзеге асыру   

31.12.2025 жыл

 

Облыс әкімінің орынбасары А.Әлі,  облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

Қазіргі танда, аудан бойынша барлық 23 елді мекенге 100% орталықтандырылған ауыз су жүйесі орнатылған.

Сондай-ақ,  Қаратау қаласындағы Флора саяжайын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 308,8 млн.теңге бөлінді (2024 жылы 523,4 млн.теңге бөлінді). Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Темір-Строй Сервис и Ко» ЖШС.

 

 

7.     

Үшарал ауылдық округіне қарасты Арал, Қайыр елді мекендеріне қатынайтын жолды (11 шқ, ЖСҚ әзірленген) жөндеу мәселесін қарастыру

2026 жыл

ІІ тоқсан 

Облыс әкімінің орынбасары А.Әлі,  облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

Үшарал ауылдық округі, Арал, Қайыр елді мекендеріне қатынайтын жолдарын асфальттау жұмыстарын жүргізу үшін 176 млн. тг. ЖСҚ әзірленген. Алайда, қаражат қолдау таппауына байланысты жобаның мерзімі өтіп, жобаны қайта түзету үшін аудандық бюджеттен 1,6 млн. тг. қаражат қарастырылып, жұмыстар жүргізілді. Сметалық құны 540,6 млн. теңгені құрады. Аталған жоба бойынша 2024 жылы 2025 жылға қаражат қарастыру мақсатында облыс әкімдігінің автомобиль жолдары басқармасына тиісті  бюджеттік өтінім ұсынылған. 2025 жылы Арал, Қайыр елді мекендеріне қатынайтын жолды жөндеу жұмыстары жобасына мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық бюджеттен 77,0 млн. теңге қаражат қарастырылса, ал, қалған 463,6 млн. теңге қаражат жоғары тұрған бюджеттен бөлінбеуіне байланысты бүгінгі таңға аудандық бюджеттен бөлінген қаражат кері қайтарылды. 

Алдағы уақытта аталған жобаны қаржыландыру күтілуде.

 

8.     

Аудан аумағындағы тозығы жеткен (6 мектеп) білім ошақтарын қайта жаңғырту мәселесін қарастыру

2026-2027 жылдары

  

Облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемов, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

Талас ауданында қайта жаңғыртуды қажет ететін 6   негізгі мектеп бар. Оның ішінде, Қ.Қошмамбетов,  Ш.Сымаханұлы негізгі мектептеріне құрылыс басқармасы тарапынан жаңа құрылыс салуға жобалық сметалық құжаттары жасалып,  экспертизаның оң қорытындысы алынған.

Жаңатұрмыс,  Талас, Бозарық,  Абай негізгі мектептерінің құрылысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу үшін бюджеттік өтінім беріліп, қажетті қаражат күтілуде.

 

9.     

«Ерназар-Қойгелді» бағытындағы  автомобиль жолын жөндеу мәселесін қарастыру

2026 жыл

ІІІ тоқсан 

Облыс әкімінің орынбасары А.Әлі,  облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

 «Ерназар-Қойгелді» бағытындағы 11,7 шқ аудандық маңызы бар автомобиль жолын жөндеу үшін қайта жаңғырту жұмыс жобасы әзірленіп, («TERAN TN SERVICE» ЖШС тарапынан) сараптаманың оң қорытындысы  алынған. (Жоба құны: 890 630 мың тг, мердігер: “Нұр Жол Проект” ЖШС.)

Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына аталған жобаға қаржы қарастыру мақсатында тиісті ұсыныс берілді. Жоба қаржылай қолдау тапқан жағдайда Ерназар-Қойгелді аудандық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.

 

10.  

Ауданда потранат және асырауына алған балалардың жағдайы, жалпы жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, оның алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізу

Тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемов, облыстық полиция департаменті,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

Аудан бойынша қамқоршылық пен қорғаншылыққа және патронаттық тәрбиеге алынған 28 отбасында жалпы 53 бала (25 бала жетім, 28 бала қараусыз қалған) бар. Оның ішінде қамқоршылық пен қорғаншылыққа алынған 26  отбасындағы 45 бала, патронаттық тәрбиеде 2 отбасындағы  8 бала.

Білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында құқық бұзушылық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған 81 іс-шара өткізіліп, 1280 оқушы және «Дроп» атты қысқаметражды профилактикалық фильм аудан бойынша оқушыларға көрсетіліп түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құқық қорғау және прокуратура органдары қызметкерлерімен 27 кездесу ұйымдастырылып, оған 8–11 сыныптардың 568 оқушысы қатысты. Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп» тақырыбында 33 сынып сағаты мен 26 қауіпсіздік сабағы өткізілді.

Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында 2 мектепте «Жас сақшы» полиция сыныптары құрылып, оған 36 оқушы қамтылды.

 

11.  

Қаратау қаласының шығыс бөлігінде орналасқан (Шаңхай алқабы) 7 көше және көше бұрылыстарын жарықтандыру

2026 жыл

ІІ тоқсан 

Талас ауданының әкімі

2025 жылдың IV тоқсанында қаланың шығыс бөлігінде орналасқан Шанхай аумағына жалпы 7 (5 көше, 2 бұрылыс) көше және көше бұрылыстарына 14,9 млн. теңгеге түнгі көше жарықтары орналастырылды. Атап айтқанда, Н.Егембердиев, Ы.Дүкенұлы, Көшек батыр, М.Дулатов, Железнодорожная көшелері және Көшек батыр, Железнодорожная көшелерінің бұрылыстары. Мердігер ЖК "Айшер".

 

12.  

Қаратау қаласының шығыс бөлігіне (Шаңхай алқабы) қатынайтын қоғамдық көлік (автобус маршрутын) ұйымдастыру 

2026 жыл

ІІ тоқсан 

Талас ауданының әкімі

Қаратау қаласы бойынша №1 маршрут арқылы  қаланың шығыс бөлігіне қатынайтын қоғамдық көлік №3 кестеге сәйкес Шаңқай алқабы арқылы қатынап жүруде.

 

 

13.  

Берікқара ауылдық округі, Майтөбе ауылына дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мәселесін қарастыру

 

2026 жыл

ІV тоқсан 

Облыс әкімінің орынбасары А.Әлі,  облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

«Жамбыл облысы Талас ауданы Майтөбе ауылында Денешынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы»  сметалық құны 526,0 млн теңге болып анықталды. ЖСҚ 2024 жылы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылған. Қаржыландыру күтілуде.

 

 

14.  

Көктал ауылына газ тарату желілерінің құрылысына қаражат қарастыру мәселесін шешу

2026 жыл

ІІ тоқсан 

Облыс әкімінің орынбасары А.Әлі, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жинақтау),

 Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,

Талас ауданының әкімі

Көктал ауылының газ тарату желісінің құрылысына ЖСҚ әзірленген, жобаның құны                        1 млрд. 261,0 млн.теңгені құрайды.

Бұл жобаны іске асыру мақсатында, республикалық бюджеттен қаражат қарастыру үшін бюджеттік өтінім берілді. Қаржыландыру күтілуде.

 

 

15.  

Қаратау қаласындағы қаңғыбас ит-мысықтарды аулау және питомниктерге қамау жұмыстарын жандандыру

Тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

Талас ауданы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі тарапынан 2026 жылғы 01 сәуірдегі Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және питомниктерге қамау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында “NM Group” жеке кәсіпкерлігімен  №050240007904/260019/00 келісім шартқа тұрып, қазіргі таңда тиісті жұмыстар жұмыстар жүргізілуде.

 

16.        

«Qaz soda» зауытына қажетті су алу мақсатында Ақкөл көліндегі су көлемін толтыру мәселесін қарастыру

 

2026 жыл

І тоқсан 

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

«Қазсушар» РМК облыстық филиалы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

Ақкөл су қоймасының сиымдылығы – 264 млн.  м3, алайда нақты су көлемі 40м3 болатын.  Қазіргі таңда Ақкөл су қоймасына Аса өзені арқылы – 2,8 м3/сек, Қызыләуіт су қоймасынан Қызыл каналы арқылы – 0,2 м3/сек су келіп құйылуда. Бүгінгі күнге жиналғаны – 59 млн. м3. Жалпы су жинау науқанында 70 млн.м3 су жиналады деп жоспарлануда.

 

17.        

Қаратау қаласы Б.Момышұлы көшесінің бойындағы 4,88 шақырымды құрайтын жылу желілерін қайта жаңғырту мәселесін қарастыру

2026 жыл

ІІ тоқсан 

Облыс әкімінің орынбасары А.Әлі, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

Қаратау қаласы бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы екі желілік есептемемен 28,9 шақырымды (57,8 шқ) құрайды. Бүгінгі таңда жылу желілерінің тозу деңгейі 39,2 пайыз немесе 11,5 шқ. құрап отыр.

Жылу желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында ағымдағы жылы «Қаратау қаласындағы 4,9 шқ магистральдық жылу желісін қайта жаңғыру» жұмыстарына облыстық бюджетке 582,3 млн. теңгеге өтінім беріліп, 250 млн. теңгесі қолдау тапты. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары 30%-ға орындалды. Мердігер «Астана-Ауыл Газ Монтаж» ЖШС.

Бүгінгі күнге, жер жылу желілерінің 600 метріне демонтаж жұмыстары жүргізіліп, жері тегістеліп латокты монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, кәсіпорын тарапынан инвестициялық бағдарлама аясында квартал ішілік 1 100 метр жылу желілері ауыстырылды. 

 

 

Дата публикации
30 июля 2026
Дата обновления
30 июля 2026
Тип

Сейчас читают

Полезная информация
21 октября 2026
ДИАЛОГ ПОЛЕЗНЫЙ КАЖДОМУ!
21 октября 2026
76,11 млн долларов США направлено казахстанцам в рамках программы «Национальный фонд – детям»
21 октября 2026
УПРАВЛЕНИЕ ПЕНСИОННЫМИ АКТИВАМИ

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы