Меню

Страницы

Статья

Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2026 жылдың 3 айының атқарған жұмысы

Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2026 жылдың 3 айының атқарған жұмысы

 

Бөлімде ҚР нормативті құқықтық актілеріне сәйкес, 18 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. 3 айда 837 өтініш иесіне қызмет көрсетілді.

2026 жылы жалпы әлеуметтік көмек түрлеріне бюджетті нақтылау барысында жалпы сомасы 472062,0 мың теңге бекітілді. Оның ішінде: атаулы әлеуметтік көмекке  241726.0 мың теңге, әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жасты қоса алғанда әрбір балаға (ақшалай түрде) ай сайынғы қосымша төлем 100714,0 мың теңге, тұрғын үй көмегіне 7500,0 мың теңге, біржолғы әлеуметтік көмекке 82319,0 мың теңге, қатты отынға 34600,0 мың теңге, кемтар балаларды үйден оқытуға  5203,0 мың теңге.

2026 жылдың 2 айында әлеуметтік көмек түрлері келесідей тағайындалып төленді:

І. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТҮРЛЕРІ

 

Атаулы әлеуметтік көмек: Атаулы әлеуметтік көмекті, 1-6 жасты қоса алғанда әрбір балаға (ақшалай түрде) ай сайынғы қосымша төлем 241726,0 мың теңге жоспарланып, 2026 жылдың 3 айында 91 отбасындағы 516 адамға 24975.0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

Әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жасты қоса алғанда әрбір балаға (ақшалай түрде) ай сайынғы қосымша төлем 78 отбасындағы 152 балаға 2746.0 мың теңге тағайындалып, төленді.

  Тұрғын үй көмегі: Тұрғын үй көмегіне 7500,0 мың теңге қаралған. 2026 жылдың 3 айында 4 отбасындағы 20 адамға 96,6 мың теңге тағайындалып, төленді.

 Біржолғы әлеуметтік көмек – ағымдағы жылға 82319,0 мың теңге қаралған. 2026 жылдың 3 айында біржолғы әлеуметтік көмек 34 адамға 3265,4 мың теңге тағайындалып, төленді. Оның ішінде:

Отын сатып алу – ауылдық жердегі 1600 әлеуметтік сала маманына 34600,0 мың тг. қаралған. 2026 жылға төлем шілде айында төленеді.

      

  Аудан бойынша мүгедектер саны 1646  (І топ-86, ІІ топ-537, ІІІ топ-792, 16 жасқа дейінгілер -231).

Көпбалалы отбасылар саны –2061 адам, Батыр ана-63 адам, Ана даңқы-76 адам, Алтын алқа-358 адам, Күміс алқа-669 адам.

Мүгедектерді оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамту бойынша

2026 жылдың 3 айында  бөлімге мүгедектігі бар азаматтар  тарапынан оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамту бойынша барлығы 526 өтініш келіп түсіп, оның 286 көмекпен қамтылды, яғни 54,4 % орындалды.                              

Жалпы, мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жоспарлы түрде өз деңгейінде жүзеге асырылуда.

        Талас ауданында қарттар саны 6252 адам (Зейнетақы тағайындау мемлекеттік орталығының мәліметі). Ауданда үйде әлеуметтік қызмет алатын жалғыз басты қарттарға және мүгедектігі бар балаларға  2 Үкіметтік емес ұйымдар қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, жалғыз басты қарттар саны 75 адам. Осы қарттарға үйде күтім көрсететін қызметкерлер саны -15 адам.

Сонымен қатар, 28 мүгедектігі бар бала және 50 мүгедектігі бар кәмелет жасындағы азамат әлеуметтік қызметкерлер (16 қызметкер) тарапынан үйде күтім алады.

Жалпы, 153 мұқтаж азаматқа үйде күтім көрсетіледі, оларға қызмет көрсететін қызметкерлер саны 31 адам. 2026 жылға қаралған қаражат 90850,0 мың теңге, оның игерілгені 7881,0 мың тг.

Кемтар балаларды үйден оқыту – 34 мүгедектігі бар балаларға 856.3 мың теңге тағайындалды. А.ж. қаралған қаражат 5203,0 мың тг.

Инватакси – 31 адамға қызмет көрсетіледі, игерілген қаражат 3493.5 мың тг. А.ж. қаралған сома 15300,0 мың тг.

Дата публикации
12 июня 2026
Дата обновления
12 июня 2026
Тип

Сейчас читают

09 октября 2026
ТОО «Разведка и добыча QazaqGaz» «Проект разработки месторождения Амангельды»
09 октября 2026
Перечень востребованных специалистов для предоставления мер социальной поддержки в рамках программы «С дипломом в село» в 2026 году.
29 сентября 2026
График приема граждан руководителями местных исполнительных органов и территориальных подразделений центральных государственных органов на IV квартал 2026 года

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы