Меню

Страницы

Статья

Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарында 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы

 

 

І.   Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 78 бұйрығымен бекітілген)
37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2024 жылы 8 бақылау іс-шаралары (Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; Тамды ауылдық округі; аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі; Көктал ауылдық округі; аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі; Ойық ауылдық округі, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі; Қызыләуіт ауылдық округі әкімінің аппараты) жүргізілді.

Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 232 заңбұзушылық анықталды.

Атап айтқанда:

  • заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ онда көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетудің
    104 дерегі;
  • мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың
    17 дерегі;
  • заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 9 дерегі;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 102 дерегі анықталды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тәртіптік жазалардың саны – 1 (Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Н. Алтынкопқа – «ескерту» түріндегі жаза қолданылды).

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі рәсімдерін жақсарту бойынша 17 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.

Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген қызмет алушылардың саны – 0.

ІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Талас ауданы әкімі аппараты тарапынан ағымдағы жылдың қараша айында «Қаратау қаласы әкімінің аппараты» КММ-не мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін бұзудың 3 дерегі, ЭЦҚ-ны пайдалану мәселесінің 8 дерегі, интернет-ресурстарға және басқа да БАҚ-на ақпараттандыру бойынша 4 дерек анықталды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндіру іс-шараларын жүргізу, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша 5 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.

 Бұдан бөлек, ЖАО-лар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау негізінде «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйесінің
(«E-otinish» ақпараттық жүйесі) көмегімен жүйелі негізде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, оның ішінде «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау үшін талдау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде.

Сонымен қатар, есепті мерзім ішінде ЖАО қызмет берушілері 197 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері қызмет алушылардың біліктілік талаптарына сай келмеуі, құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы.

2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алған жоқ.

2024 жылы мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдерін бұзу фактісі орын алмаған.

Есепті мерзімде ЖАО тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 842 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

Атап айтқанда, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен қала және ауылдық округтер бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес әлеуметтік желілерде, аудандық басылымда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша мақалалар жариялады және тұрғындар арасында насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2024 жылы ЖАО-ның 13 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Атап айтқанда:

  • Талас ауданы әкімінің аппараты – 1 қызметкер;
  • Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі – 1 қызметкер;
  • Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 2 қызметкер;
  • Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі – 1 қызметкер;
  • Аудан әкімдігінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі – 1 қызметкер;
  • Қаратау қаласы әкімінің аппараты – 1 қызметкер;
  • Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 2 қызметкер;
  • Қызыләуіт ауылдық округі әкімінің аппараты – 1 қызметкер;
  • Бостандық ауылдық округі әкімінің аппараты – 1 қызметкер;
  • Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты – 1 қызметкер;
  • Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты – 1 қызметкер.

 

Дата публикации
15 января 2025
Дата обновления
15 января 2025
Тип

Сейчас читают

Полезная информация
21 октября 2026
ДИАЛОГ ПОЛЕЗНЫЙ КАЖДОМУ!
21 октября 2026
76,11 млн долларов США направлено казахстанцам в рамках программы «Национальный фонд – детям»
21 октября 2026
УПРАВЛЕНИЕ ПЕНСИОННЫМИ АКТИВАМИ

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы