І. Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2024 жылдың ІV тоқсанында 2 бақылау іс-шаралары (Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, Талас ауданы Қызыләуіт ауылдық округі әкімінің аппараты) жүргізілді.
Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 226 заңбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда:
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тәртіптік жазалардың саны – 1 (Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Н. Алтынкопқа – «ескерту» түріндегі жаза қолданылды).
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі рәсімдерін жақсарту бойынша 11 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген қызмет алушылардың саны – 0.
ІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Талас ауданы әкімі аппараты тарапынан ағымдағы жылдың қараша айында «Қаратау қаласы әкімінің аппараты» КММ-не мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін бұзудың 3 дерегі, ЭЦҚ-ны пайдалану мәселесінің 8 дерегі, интернет-ресурстарға және басқа да БАҚ-на ақпараттандыру бойынша 4 дерек анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндіру іс-шараларын жүргізу, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша 5 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.
Бұдан бөлек, ЖАО-лар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау негізінде «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйесінің
(«E-otinish» ақпараттық жүйесі) көмегімен жүйелі негізде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, оның ішінде «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау үшін талдау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде.
Сонымен қатар, есепті мерзім ішінде ЖАО қызмет берушілері 138 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері қызмет алушылардың біліктілік талаптарына сай келмеуі, құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы.
2024 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алған жоқ.
2024 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдерін бұзу фактісі орын алмаған.
Есепті мерзімде ЖАО тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 194 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.
Атап айтқанда, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен қала және ауылдық округтер бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес әлеуметтік желілерде, аудандық басылымда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша мақалалар жариялады және тұрғындар арасында насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2024 жылдың ІV тоқсанында ЖАО-ның 3 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Атап айтқанда: