Қазіргі қазақ қоғамында сыбайлас жемқорлықпен күрес – өзекті мәселеге айналып отыр.
Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік құбылыс. Сыбайлас жемқорлық – заман ағымымен бірге өсіп, қаражат бәсекесі пайда болған жерлерде тамырын жайып, жойылмай отырған дерттердің бірі. Бұл дерт біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
«Әділдік жоқ жерде пара белең алады» деген нақыл сөзді негізге ала отырып, жалпы халық болып оған тосқауыл болу – азаматтық парызымыз.
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның аяғына салынған тұсау екендігін түсінетін кез жетті. Жемқорлықтың кесірінен білімді жастар жоғарғы оқу орындарына түсе алмай, білімді жас мамандар жұмыс таба алмай, шет ел асып жатқаны жасырын емес. Сыбайлас жемқорлық болмаған жағдайда халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы көтеріліп, дүниеге келер бала саны да артатыны анық.
Қорыта келгенде, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған негізгі мәселе. Адамгершілік ар – ожданды биік ұстап, нұрлы болашақ үшін еңбек ету – нағыз адамдықтың белгісі. Мемлекетіміз гүлденіп, өркендеп өссін десек, парасат – пайым биігінен көрінуге тиіспіз.
Нұрбол Жүнісбеков
Талас ауданының әкімі