Меню

Страницы

Статья

Талас ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Талас ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

         Қаратау қаласы                                                               21 тамыз 2024 жыл                                                                                     

Ішкі талдау объектісі: «Талас ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» комуналдық мемлекеттік мекемесі.

Кезеңі: 2023 жылдың 12 айы 2024 жылдың 7 айы.                                                                    

Жауапты уәкілетті тұлға: Назарбеков Дархан Ахмедиярович – бөлім басшысы.

Талас ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Назарбеков 12.06.2024 жылғы   №04-40 өкіміне сәйкес, жұмысқа қабылданды.

         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада № 14441 болып тіркелген) жүргізілді.

         Бөлімнің құрылымы:  

Бөлімде: мемлекеттік қызметшілер саны – 5 (штат бірлігі). Келісім-шарт қызметкерлер саны – 5, барлығы – 10 қызметкер.

Бөлімде 2023 жылы және есепті кезеңде жұмыстан босатылған және жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметшілер: 2023 жылы қабылданған саны -2, босатылғандар -0. 2024 жылдың өткен кезеңі бойынша қабылданған саны -1, босатылғандар -1.

2023 жылы Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылғы 09 тамыздағы №12-Қауылысымен бекітілген аудиторлық қорытынды түскен.

2024 жылы аудандық прокуратурасынан заң бұзушылықты жою туралы (31.01.2024 ж. №2-0710-24-00124, 20.03.2024 ж.№2-0710-24-00380, 29.03.2024 ж. №2-0710-24-00434, 29.04.2024 ж.№2-0710-24-00585, 24.05.2024ж. №2-0710-24-00715)  5 ұсыным, Жамбыл облысы прокуратурасынан  заң бұзушылықты жою туралы (27.03.2024 ж.№2-07-24-03367) 1 ұсыным,  аудандық соттың жеке ұйғарым бойынша 1,  аудан әкімі аппаратынан 1 қызметтік хат (22.04.2024 жылғы №н/ж)  түскен.

Жоғарыда көрсетілген қадағалау және бақылаушы мекемелер тарапынан ұсыныстарына сәйкес кемшілік жіберген жауапты тұлғаларға заң аясында тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

         Тәртіптік жазаға тарту туралы: 2023 жылы бөлімде тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметші саны -1. 2024 жылдың өткен кезеңі бойынша – 7.

          2024 жылдың 7 айында бөлімде 7 тәртіптік жауапкершілік қаралған. Қызметкерлердің орындаушылық тәртібінде өсу тенденциясы бар.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар мен өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылды:

  1. Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын және олардың негізгі қызметін қозғайтын төмендегі нормативтік-құқықтық актілер зерделенді.

          Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша:

         Қазақстан Республикасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес бөлімде және оған ведомстволық бағынысты мекемеде 2023, 2024 жылдардың есептік кезеңдерінде мүдделер қақтығы орын алмаған.  

Қазақстан Республикасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды атқарған адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынатындығы көрсетілген.

Жоғарыда аталған адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындауы мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті екендігі ескертілген.

Мекеменің тікелей басшысы не ұйымның басшылығы жоғарыда аталған адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша төмендегі шараларды уақтылы қабылдау қажет:

          - жоғарыда аталған адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға;

          - лауазымдық міндеттерін өзгертуге;

- мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдауға міндетті.

Бөлімнің қызметкерлері арасында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

           Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетуге міндетті.

Аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметінің 4 түрі бойынша 2023 жылдың І жартыжылдығында 25 өтініш түсіп, 22 (88 %) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу түріндегі заң бұзушылық анықталды (Мерзімінен кешіктіріп тіркелгені – 21, жұмыс уақыты режимінің бұзылуына қатысты - 1).

Аталған кемшіліктер:  көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімін кешіктіріп тіркеуге жол бергені үшін сектор меңгерушісі Р.Нұрбековке «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, аудандық прокуратураның 29.04.2024  №2-0710-24-00585 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынысына сәйкес Жергілікті  атқарушы  органдармен  салық  органына  ұсынылған  мәліметтерге сәйкес аудан аумағында сыртқы  (көрнекі)  жарнаманы орналастырғаны үшін  салық төлеушілер  болып табылатын 13 бизнес субъектілері  қызметін жүзеге асырылған талдау барысында нәтижесінде бөлімнің сектор меңгерушісі Р.Нұрбеков  салық  қызметіне  бұрмаланған  ақпараттар ұсынуы  салдарынан  Талас  ауданы  бойынша  мемлекеттік  кірістер  басқармасының кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша салық жүктемесі негізсіз салынған. Аталған кемшілік сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыруы мүмкін.

Ұсыныс:

         Бақылау функцияларын іске асыру бойынша:

Бөлім өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады.

Бөлім аталған нормативтік-құқықтық актілердің ауданда және жергілікті жерлерде іске асырылуын бақылайды және ол бойынша есеп береді.

Есептік кезеңде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына бақылау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмаған.

         Ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша:        

            Бөлімде негізгі функционалдық қызметі бойынша бөлімге қарасты Аудан әкімдігінің «Игілік» ШЖҚ КМК-ны, аудан әкімдігінің «Талас таза - су» ШЖҚ КМК-ны және Аудан әкімдігінің «Таза-Талас» ШЖҚ КМК-нына бағдарлама әкімшісі және кәсіпорынның ережелеріне сәйкес басқару органы болып табылады.

             2023 жылдың қортындысы бойынша бөлімге қарасты Аудан әкімдігінің «Таза-Талас» ШЖҚ КМК-нының директорына қатысты сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстық іс тіркеліп, процессуалдық шешімдер қабылданған.

             Сонымен қатар, бөлімде қарасты кәсіпорындардың жылдық талдамалық есептері және кәсіпорынға бекітілген мүліктердң есебі қаржы айналымдары бойынша есептері жинақталмаған, теңгерімге беру және теңерімнен шығару бойынша қабылданған құжаттар жинақталмаған. Бұл басқару, орындаушылық тәртіп мәселесінің әлсірегенін және сыбайлас жемқорлық тәуекелі санатына жатады.

             Бөлімнің баланстық есебінде 1500 аса нысандар мен жылжымайтын мүліктер тіркелген. Оның теңгерімге беру және құқық беретін тиісті құжаттарының зерделеу және талдау жұмыстарын қажет етеді.

             Анықталған кемшілік: бөлімнің 2006-2022 жылдар аралығындағы номенклатуралық іс құжаттары аудандық мемлекеттік мұрағатқа мүлдем өткізілмеген және олар қалыптастырылуы қаралмады. Себебі бөлімнің 2006-2022 жыл аралығындағы құжаттарын 2023 жылы  «Сапарова» жеке кәсіпкерге қабылдау-өткізу актілері жасалмай берілген. Мұрағатқа өткізу үшін 2022 жылы бюджеттен 200, 0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген. Бұл жерде бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалғаны, тиісті жұмыстардың нақты атқарылмағыны, заң бұзушылықты қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдауды қажет етеді. Сондай-ақ, 2013-2021 жылда мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген бөлім тарапынан сақтауы қатаң есептілік құжаты болып табылатын тұрғын үй беру шарттары, тұрғын үйді жекешелендіру келісім-шарттары аудандық мұрағатқа қалыптастырылып өткізілмеген. Бұл құжаттардың көшірмелерін алу бойынша тұрғындардың бөлімге жүгінетінін ескерсек, сыбайлас жемқорлық тәуекеліне алып келуі мүмкіншілігі жоғары.

         Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар:

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша БАҚ-да 2023 жылдың 12 айында 1 жарияланым болған. 2024 жылдың 7 айында жариялым берілмеген.

         Бөлімде есептік кезеңдерінде жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтай отырып, мерзімінде жауаптар берілген.

         Алайда, бөлімнің кіріс және шығыс журналдары тігіліп, басшының қолымен және бөлімнің мөрімен бекітілмеген.

         Бұдан бөлек, мекемнің құжаттарына кіріс құжаттарын қабылдамастан өтіп кеткен мерзімдер бойынша жауап хаттар берілген бұл бойынша бөлімнің сектор меңгерушісі Р.Нұрбековке 17.07.2024 жылы «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

         Бөлімнің бақылау және ұйымдастырушылық бағытында және бөлімнің кіріс-шығыс құжаттарына басшылық тарапынан бақылауды күшейтуді және заңнама талаптарына сәйкестендіру қажет.

         Прокурорлық қадағалау актiлерi - 2023-2024 ж.ж. есептік кезеңдерінде бөлімге тіркелген прокурорлық қадағалау актісі түспеген. Қарасты кәсіпорындарға 2023 жылы 1 тексеру тағайындалған.

         Сотқа жүгіну бойынша: Бөлім тарапынан Талас аудандық сотына – 1 талап арызбен жүгінген болса Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 10 талап арызбен жүгінген. Оның 3 мемлекеттік сатып алуға байланысты болса, 1 мемлекеттік мүлікті қайтару, 1 атқару ісін ашу бойынша.

         Сот актілерін тиісінше орындау бойынша бірқатар кемшіліктер орын алған. Атап айтар болсақ, Мемлекеттік  сатып  алуға  жосықсыз  қатысушылардың  тізілімінде  тұратын сенімсіз  өнім  берушілер  сот  шешімі  заңды  күшіне  енген  күннен  бастап  24  ай аралығында мемлекеттік  сатып алуға  қатысуға  жіберілмейді деп көрсетілген. Дегенмен бөлім тарапынан  сот шешімдері («Ерлан и К» ЖШС 12.01.2024 ж., «СК Лемма» ЖШС 07.01.2024 ж.) заңды  күшіне  енген  сот  шешімдері  бойынша  тапсырыс  берушілер өнім  берушілерді  мемлекеттік  сатып  алуға  жосықсыз  қатысушылардың  тізіліміне енгізу туралы уәкілетті органға  жолдамау салдарынан кәсіпкерлермен  мемлекеттік сатып алу  туралы конкурстарға қатысып, шарттар жасауға мүмкіндік алған. Аталған заң бұзушылық 3 ай өткен соң, облыстық прокуратура тарапынан арнайы ұсыныс түскеннен дейін орындалып, бөлімнің бас маманы Е.Нурадиновке тәртіп жауапкершілікке тартылған.

         Аталған кемшілік сыбайлас жемқорлық тәуекелі ретінде бағаланады.

         Талас аудандық сотымен тағайындалған сот процесіне жауапты тұлғалардың қатыспауы бойынша бөлімнің бас маманы С.Таукееваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

         Өткізілген мемлекеттік сатып алулар саны және өткізу тәсілі, олардың қорытындылары мен келісім шарттары және орындалу мерзімдері:

          Бөлімдер бөлінген бюджет қаражаттары, өткізілген мемлекеттік сатып алулар саны және өткізу тәсілі, олардың қорытындылары мен келісім шарттары Қазақстан Республикасының заңдары аясында жүргізіледі.

            - 2023 жылдың сәуір айында 5 рет, мамыр айында 3 рет, желтоқсан айында 3 рет мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. (ҚР-ның «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабы, 7 тармағына сәйкес Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына айына екі реттен асырмай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.

   - Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына сәйкес 04.01.2023ж. №1ө бұйрығымен бекітілген, алайда бюджетті нақтылаулар кезінде өзгерістер енгізілмеген.

- Номенклатураға сәйкес 2023 жылға Еңбек ақы кітаптары, Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік жарналарын аудару, міндетті МСЖ аудару, мекеменің есебі папкаларында құжаттар жинақталмаған және тігілмеген.

- 2024 жылдың 7 айы бойынша бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы жасалған 17 келісім шарттардың 31-қосымшаға (МСА Заңының 41б, 3т-Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастыруға міндетті) сәйкес есептілігі жасалмаған.

- Талас ауданы аумағында жол бойындағы жер жырту жұмыстарын жүргізу бойынша 3 125 000 теңгеге хабарландыру беріліп, 03.07.2024ж. №12645365-ЗЦП-1 қорытынды хаттамасы шыққан. Жеңімпаз «ЯСА» ЖШС болып айқындалған. «Мемлекеттік сатып алу» Заңының 43 бабына сәйкес- Тапсырыс беруші жеңімпазға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын-баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы айқындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберуі тиіс. Алайда, бүгінгі дейін жеңімпазбен келісім шарт жасалмаған.   

Осыған орай, Заң талаптарының тиісінше орындалмағаны анықталды, сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары деңгейде қалыптасып отыр.  

Бөлім және ведомстволық бағынысты мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ағымдағы жылдың есептік кезеңінде профилактикалық және атқарылған іс-шаралар ақпараты төмендегідей:

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша бөлімдерде құқықтық оқыту бағытында жұмыстар төменгі деңгейде қалыптасқан. Құжаттардың жинақталуы және қалыптасуы бойынша шараларды қабылдауды қажет етеді.

Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін уақтылы және толық қарастырылуын қамтамасыз ету, олар бойынша шешім қабылдап, заңмен білгіленген мерзімде өтініш иесіне жауап қайтару бөлімнің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу фактілері туралы хабарламаларға жедел түрде шара қолдану мақсатында бөлім басшысы азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдауын жүргізеді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрышы мен өтініштер үшін арнайы жәшік орнатылған.

2023, 2024 жылдың 7 айында есептік кезеңдерінде бөлімнің мемлекеттік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылық фактілері орын алмаған.

Қорытындылай келе бөлімге келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу бойынша келесі іс-шаралар ұсынылады:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша жұмыстарды орындау барысында Қазақстан Республикасының еңбек, мемлекеттік қызмет заңнамаларын қатаң сақтап, басшылыққа алу және кадрлардың ауысу кезінде құжаттарды қабылдау-өткізу актілерін рәсімдеуді бақылауға алу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
  2. Мүдделер қақтығысына жол бермеу;
  3. Өткізілген іс-шараларды алдын-ала әлеуметтік желі парақшаларына салу;
  4. Өткізілген ауықымды іс-шаралар бойынша және бөлім тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы мақала жариялау жұмыстарын күшейту.
  5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы арнайы стендтің жаңалануына бақылау жасау.
  6. Мемлекеттік сатып алу және келісім шарт талаптарын орындалмаған кәсіпкерлерге қатысты сотқа жүгіну, жосықсыз қатысушы ретінде тану, арнайы тізілімге енгізу, соттардың заңды талаптарын орындау бағытында ұжымда профилактикалық шараларды қабылдау және іс-шаралар кешенін бекіту;
  7. Бөлім тарапынан көсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша нормативтік құқықтық актілерге сай жүргізу бағытында мамандарға құқықтық оқытуға ұйымдастыру және бақылау алгоритімін бекіту;
  8. Бағдарлама әкімшісі болып табылатын кәсіпорындардың ұсынуы қажет ақпараттарды сұрату, талдау және теңгерімдегі мүліктерге түгендеу жүргізіп, құжаттардың толымдылығына бақылау жасау;
  9. Бөлімнің құжаттарына түгендеу жұмыстарын жүргізіп, мұрағатқа өтуін қамтамасыз етіп, атқарылған жұмыстар бойынша тиісті актіні ұсыну;
  10. Теңгерімдегі мүліктерге түгендеуді жүргізу және қажеттілігіне талдау жасап ақпарт ұсыну.

 

Ішкі талдау жүргізген жұмысшы топ мүшелері:

 

Малкайдаров

Есенгелді Амангелдіұлы

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы, топ жетекшісі;

Онгарова

Айман Бахытқызы

 

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы, топ мүшесі;

Алжапбарова

Аян Ерболсынқызы

 

Аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы , топ мүшесі;

Өксікбай

Ақниет Жомартұлы

 

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы, топ мүшесі;

Калыкулова

Гулмира Турмаханбетовна

 

Аудан әкімінің аппаратының құжаттама және көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын бақылау бөлімшесінің басшысы, топ мүшесі;

Кеңес Мәулен Мақсатұлы

 

Аудан әкімінің аппаратының құжаттама және көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын бақылау бөлімшесінің бас маманы, топ мүшесі.

 

Дата публикации
10 сентября 2024
Дата обновления
10 сентября 2024
Тип

Сейчас читают

Полезная информация
21 октября 2026
ДИАЛОГ ПОЛЕЗНЫЙ КАЖДОМУ!
21 октября 2026
76,11 млн долларов США направлено казахстанцам в рамках программы «Национальный фонд – детям»
21 октября 2026
УПРАВЛЕНИЕ ПЕНСИОННЫМИ АКТИВАМИ

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы