2024 жылғы 9 сәуір күні Қаратау қаласы, «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет үйінде «Сайлау заңнамасының теориялық және қолданбалы білімдерін сайлау процесінде қолдану практикасын кеңейту арқылы сайлауларды ұйымдастырулардың құзыреттіліктерін кәсіби деңгейге арттыру» тақырыбы бойынша жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті.
Семинар-тренингке Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссия мүшелері, Талас аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелері, аудандық прокуратура, жергілікті атқарушы органның сайлау процесіне қатысты өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссия мүшелері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын теориялық және қолданбалы білімдерін кеңейту арқылы сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру болып табылады.
Оқыту-семинарын Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, қатысушыларды семинардың бағдарламасымен таныстырды.
Оқу барысында қатысушыларға еліміздегі сайлау құқығы мен процесінің негіздері, сайлау науқанындағы жұмыс дағдылары, нормативтік акті және әдістемелік материалдармен жұмыс істеу, саяси партиялар, бақылаушылар, БАҚ өкілдерімен өзге де сайлау процесіне қатысушылармен коммуникация орнатудың әдістері туралы дәрістер оқылды. Өз кезегінде жаңадан сайланған комиссия мүшелері дәріскерлерге сайлау науқанындағы орын алатын жағдайлар бойынша бірқатар сұрақтар қойып, ұсыныс тілектерін жеткізді. Мәселен шет елдік байқаушылар қандай сайлауға қатыса алады? Сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндігі жоқ азаматтарға комиссия мүшелері дауыс беру жәшігін апарар кезінде сайлау учаскесіне дауыс беру күні келіп тіркелген байқаушы комиссия мүшелерімен сайлаушының үйіне бірге ілесіп баруына құқығы барма деген сынды біршама сауалдар жолдады. Тыңдаушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға облыстық сайлау комиссия мүшелері заң талаптарына сай толыққанды жауап қайтарды.
Сонымен қатар, аудандық сайлау комиссиясы семинарда «Дауыс беру күні» іскерлік ойынын ұйымдастырды. Іскерлік ойында №415 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру күні комиссия мүшелерінің сайлаушылармен коммуникация орнатудың әр-түрлі ситуациялық сәттерін іс жүзінде көрсетті.
Семинар соңында жаңадан сайланған комиссия мүшелеріне сертификаттар тапсырылды.