Қаратау құрылыс-техникалық колледжінде аудандық сайлау комиссиясы мен колледждің жастар іс жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» атты тақырыпта дебат ойындары өтті. Жастардың ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлауды және өз ұстанымын білдіруді үйретуге, жастарды демократияның құндылықтарын бейімдеуге бағытталған пікірсайыста 4 фракция өзара бақ сынасты. Шешендік пен ұтқырлықты жанына жалау еткен жастар сайлау жүйесінің қалыптасуы, даму тарихы мен сайлау өткізудің негізгі принциптері сынды мәселелерді талқылап, оларды шешу бойынша өз көзқарастарын ортаға салды.
Тартысқа толы болған пікірталастың қорытындысы бойынша «Болашақ» фракциясы бас жүлде, «Тараз» фракциясы І-орын, ІІ-орынды «Albeni» фракциясы иеленсе, «Қыран» фракциясы ІІІ-орынды қанағат тұтты. Жүлделі орындардан бөлек үздік спикермен мен үздік төреші анықталды. Үздік спикер Бахытбек Айбек, ал Нұрланқызы Ақерке үздік төреші атанды. Барлық қатысушыларға диплом және арнайы сыйлықтар табысталды.