Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы және аудандық мәслихаттың VIII- шақырылым депутаты А.Абдразакова дүниежүзілік сайлау күніне орай А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жастардың білімдерін арттыру, жас сайлаушылардың демократиялық құндылықтарды ұстануын қалыптастыру және жастардың сайлауға қатысу белсенділігін арттыруға бағытталған. Кездесу барысында ҚР Конституциясы, Қазақстандағы сайлау жүйесінің даму тарихы, сайлау өткізудің негізгі принциптері жөнінде сөз қозғалды. Өз кезегінде жастар да сайлау процесін ұйымдастыру саласындағы сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Айта кетсек, 2005 жылғы 14-17 қыркүйекте Будапештте өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясы шеңберінде құрылған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасымен, 25 мемелекеттің мүшесі, арасындағы Қазақстан Республикасыда бар бұл күнді жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде аталып өтуде.