Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарындағы  нысаналы индикаторлардың Талас ауданы бойынша 2023 жылғы қаңтар-қараша айларының қорытындысымен орындалуы туралы Ақпарат

Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарындағы  нысаналы индикаторлардың Талас ауданы бойынша 2023 жылғы

қаңтар-қараша айларының қорытындысымен орындалуы туралы

Ақпарат

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №99 қаулысының (ары қарай - Қаулы) 136 тармағына сәйкес Стратегиялық көрсеткіштер картасы  мен Ұлттық жобалардағы индикаторлар енгізілген Жамбыл облысының  2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары 2021 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық мәслихаттың шешімімен бекітіліп, 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23-19 шешімімен өзгеріс енгізілген. Қазіргі таңда 2023 жылдың күтілетін қорытындысымен нақтылау  жүргізіліп, өзгерістер енгізілуде.

 

Жамбыл облысының  2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында                               3 бағыт, 12 мақсат, 127 нысаналы индикаторлар қарастырылған.

127 индикатордың ішінде Талас ауданы бөлінісінде 74 индикатор қаралған.

Анықтама үшін: Кәсіпкерлік саласына қатысты 2 индикатор жаңадан қосылып, денсаулық сақтау саласында 2 индикаторды аудандар бөлінісінен алып тастады және 31 индикатордың жоспарлы мәндеріне өзгерістер енгізілді, оның ішінде 9 индикатордың жоспарлы мәндері жоғарылады, 22 индикатордың жоспарлы мәндері төмендеді.

2023 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысымен 74 индикатордың 44 орындалды, 26 орындалу барысында, 4 орындалмау қаупі бар. Атап айтқанда:

32 тармақ. «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқудан кейін жеке ісін ашқан адамдардың үлесін ұлғайту» индикаторы бойынша жылдық жоспар 45,0% болса, 2023 жылдың 11 айында нақты орындалуы 38,2%. Жыл қорытындысымен индикатордың орындалмау қаупі бар.

Себебі: Бастау бизнеске оқу онлайн түрде жоспардан тыс оқытылуда, олардың жеке кәсіпкерлік ашу, ашпауына ықпал ету мүмкіндігі болмауына байланысты. («Мансап» орталығы тарапынан жоспарды азайту немесе алып тастау бойынша жұмыстар жүргізілуде).

35 тармақ. «Ауылда жаңа кәсіпкерлік субъектілерін құру» индикаторы бойынша жылдық жоспар 170 бірлік болса, 2023 жылдың 11 айында нақты орындалуы 73 бірлік. Жыл қорытындысымен индикатордың орындалмау қаупі бар.

Себебі: Индикатор грант беру арқылы кәсіпкерлік субъектілері құрылады деп жоспарланған. Жыл қорытындысымен 73 адамға грант берілетін болады. Алайда жоспар қаражаттың жетіспеушілігінен орындалмайды.

51 тармақ. «Нәрестелер өлім-жітімі» индикаторы бойынша жылдық жоспар 1000 тірі туылғандарға шаққанда 7,7% болса, 2023 жылдың 11 айында нақты орындалуы 10,8%. Жыл қорытындысымен индикатор орындалмайды.

Себебі: Жыл басынан қайтыс болған бала саны 8, мың тірі туылғандарға шаққанда 10,8% құрап отыр. Барлық қайтыс болған балалардың өлімі Тараз қаласында тіркеліп, қайтарымсыз болған (1 бала қатерлі ісік, 1 бала туа біткен жүрек ақауы, 6 жетілмей туылғандар).

96 тармақ. «Бөлме қоры санының ұлғаюы» индикаторы бойынша жылдық жоспар 230 төсек-орын болса, 2023 жылдың ІІІ тоқсанында нақты орындалуы 178 төсек-орын. Жыл қорытындысымен индикатордың орындалмау қаупі бар.

Себебі: Индикатор орындалу үшін жыл соңына дейін 52 төсек-орны бар қонақ үй ашылу керек.

 

Дата публикации
15 декабря 2023
Дата обновления
15 декабря 2023
Тип
Информация

Сейчас читают

Полезная информация
21 октября 2026
ДИАЛОГ ПОЛЕЗНЫЙ КАЖДОМУ!
21 октября 2026
76,11 млн долларов США направлено казахстанцам в рамках программы «Национальный фонд – детям»
21 октября 2026
УПРАВЛЕНИЕ ПЕНСИОННЫМИ АКТИВАМИ

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы