
Айтуов Рахымжан Орынбасарович 1975 жылы 19 маусымда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
1993 жылы Талас совхозында жұмысшы болып істеген.
1994-1995 жылдары Өскемен қаласында СМЧМ №6638 әскери бөлімінде аға сержант, взвод басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2001-2006 жылдары Тараз институтында оқып «Тарих және география» пәндерінің мұғалімі мамандығын алған.
2005 жыл отбасын құрған, төрт қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.
2001-2007 жылдар аралығында Абай негізгі мектебінде мұғалім болып жұмыс атқарған.
2007-2014 жылдарда Талас негізгі мектебінің директоры қызметін атқарған.
2014-2016 жылдар аралығында Бірлестік орта мектебінде директоры қызметін атқарған.
2016 жылдың 11 наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін Талас ауданы Үшарал ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда.