Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік Кодексінің 120 бабына сәйкес, қала тұрғындарының оның ішінде отбасының жиынтық табысы кедейшілік шегінен төмен болмаған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Атаулы әлеуметтік алуға өтініш білдірген отбасының жан басына шаққандағы кіріс атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық кірісті отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі.
Отбасында жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері белсенді әлеуметтік шараларға қатысу арқылы (жұмыссыздар болса - жұмысқа орналасқан жағдайда) тағайындалады.
Ақшалай көмектің көлемі адам саны мен отбасының артқы тоқсанда тапқан табысына тікелей қатысты. Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген жанұялардың отбасылық жағдайын тексеріп, зерделейтін арнайы учаскелік комиссия құрылған.
Қаратау қаласы бойынша 8 учаскелік комиссия жұмыс жасайды. Комиссия құрамы қала әкімі аппаратының мамандары, құқық қорғау органдарынан учаскелік полиция қызметкерлері, денсаулық сақтау, білім саласы және қалалық ардагерлер кеңесі мен билер кеңесі өкілдерінен тұрады.