"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазаны
№ 301 бұйрығына
14-қосымша

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке кабинет – "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі;

      3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мыналарды жолдайды:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;

      порталға:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;

      2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы талап етеді.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз тасығышта құжаттарды қабылдағанды растау олардың көшірмесінде күнін, уақытын (сағаты, минуты) көрсете отырып соғылған белгі болып табылады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарар қоюға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттарды келіп түскен күні қарайды және оларды өтініш келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысына орындау үшін жолдайды.

      9. Уәкілетті органның басшысы 1 (бір) сағат ішінде құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды.

      10. Уәкілетті органның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде кадастрлық құжаттамасы бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындайды.

      11. Уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты келіседі.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімге немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапқа қол қояды.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты тіркейді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      15. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді.

      Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 2003 жылғы 20 маусымдағы 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

 

"Жер учаскесін жеке меншікке
ақысын бірден төлеп не бөліп
төлеу арқылы сату" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

 

Нысан

 

__________________________
әкімі
(облыс, қала, аудан, кент, ауыл,
ауылдық округ)
____________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі)
____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі
____________________________
не заңды тұлғаның толық атауы,
____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі не
бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
____________________________
жеке тұлғаның немесе заңды
тұлға өкілінің жеке
____________________________
басын куәландыратын құжаттың
деректемелері,
____________________________
байланыс телефоны (бар болса),
орналасқан жерінің
____________________________
мекенжайы (заңды тұлғалар
үшін) не тұрғылықты
____________________________
мекенжайы (жеке тұлғалар
үшін))

Жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш

      ____________________________________________________________________

                        (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))

      _____________________ мекенжайы бойынша орналасқан, алаңы ___________

      гектар, __________________________________________________ арналған жер

                              (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

      учаскесін жеке меншікке бір уақытта төлеуге не бөліп төлеуге беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________

                                          (жеке тұлғаның не заңды тұлға

      ____________________________________________________________________

                  өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген жағдайда)/ Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген жағдайда)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Жер учаскесін жеке меншікке
ақысын бірден төлеп не бөліп
төлеу арқылы сату" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;
порталға:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 2003 жылғы 20 маусымдағы 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметтердің бірыңғай байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

 

 

 

 

 

 

 

Приложение 14 к приказу
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 1 октября 2020 года № 301

Правила оказания государственной услуги "Продажа земельного участка в частную собственность единовременно либо в рассрочку"

Глава 1. Общие положения

  1. Настоящие Правила оказания государственной услуги "Продажа земельного участка в частную собственность единовременно либо в рассрочку" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) статьи 10Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" (далее – Закон) и определяют порядок оказания государственной услуги "Продажа земельного участка в частную собственность единовременно либо в рассрочку" (далее – государственная услуга).
  2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) личный кабинет – кабинет пользователя на веб-портале "электронного правительства";

      2) стандарт государственной услуги – перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги;

      3) веб-портал "электронного правительства" (далее – портал) – информационная система, представляющая собой единое окно доступа ко всей консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, и к государственным услугам, услугам по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услугам субъектов квазигосударственного сектора, оказываемым в электронной форме;

      4) электронная цифровая подпись (далее – ЭЦП) – набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания.

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

  1. Государственная услуга оказывается местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, городов районного значения, акимами поселка, села, сельского округа (далее – услугодатель).
  2. Для получения государственной услуги физические и юридические лица (далее – услугополучатель) через канцелярию услугодателя, либо посредством портала направляют:

      услугодателю:

      1) заявление на продажу в частную собственность земельного участка по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) документ, удостоверяющий личность (для идентификации личности);

      3) копию акта кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка;

      на портал:

      1) заявление на продажу в частную собственность земельного участка по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП услугополучателя;

      2) электронную копию акта кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка.

  1. Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий характеристику процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей оказания государственной услуги изложен в стандарте государственной услуги "Продажа земельного участка в частную собственность единовременно либо в рассрочку" согласно приложению 2к настоящим Правилам.

      Сведения о документе, удостоверяющем личность, о регистрации (перерегистрации) юридического лица, о регистрации индивидуального предпринимателя, либо о начале деятельности в качестве индивидуального предпринимателя, подтверждающем право собственности на недвижимое имущество, о правоустанавливающих и идентификационных документов на земельный участок, об отсутствии обременении на земельный участок, истребываются услугодателем из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

  1. Услугополучателю в личный кабинет направляется статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени оказания государственной услуги.

      Подтверждением принятия заявления на бумажном носителе в канцелярии услугодателя является отметка на его копии о регистрации с указанием даты, времени (часы, минуты).

  1. Сотрудник канцелярии услугодателя в течение 15 (пятнадцати) минут осуществляет прием и регистрацию представленных документов и направляет их на резолюцию руководителю услугодателя.

      В случае обращения услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, прием документов и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются следующим рабочим днем.

  1. Руководитель услугодателя рассматривает представленные документы и направляет их для исполнения руководителю уполномоченного органа по земельным отношениям (далее – уполномоченный орган) в день поступления заявления.
  2. Руководитель уполномоченного органа рассматривает документы и определяет ответственного исполнителя в течение 1 (одного) часа.
  3. Ответственный исполнитель уполномоченного органа в течение 2 (двух) рабочих дней идентифицирует земельный участок по кадастровой документации и готовит проект решения о предоставлении права частной собственности на земельный участок либо мотивированного ответа об отказе в оказании государственной услуги.
  4. Руководитель уполномоченного органа в течение 1 (одного) рабочего дня согласовывает проект решения о предоставлении права частной собственности на земельный участок либо мотивированного ответа об отказе в оказании государственной услуги.
  5. Руководитель услугодателя в течение 1 (одного) рабочего дня подписывает решение о предоставлении права частной собственности на земельный участок либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги.
  6. Сотрудник канцелярии услугодателя в течение 15 (пятнадцати) минут производит регистрацию решения о предоставлении права частной собственности на земельный участок, либо мотивированного ответа об отказе в оказании государственной услуги, и направляет результат оказания государственной услуги услугополучателю.

      В случае обращения услугополучателя через портал, результат оказания государственной услуги направляется в личный кабинет услугополучателя в форме электронного документа, подписанного ЭЦП руководителя услугодателя.

  1. Услугодатель обеспечивает внесение данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги.
  2. В случае сбоя информационной системы, услугодатель незамедлительно уведомляет сотрудника структурного подразделения услугодателя, ответственного за информационно-коммуникационную инфраструктуру.

      В этом случае, ответственный сотрудник за информационно-коммуникационную инфраструктуру составляет протокол о технической проблеме и подписывает его услугодателем.

  1. Основаниями для отказа в оказании государственной услуги являются:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным частью шестой пункта 3 статьи 43 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателей, и (или) их должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг

  1. Жалоба на решение, действие (бездействие) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг подается на имя руководителя услугодателя, в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

  1. В случаях несогласия с результатами оказания государственной услуги, услугополучатель обращается в суд в соответствии с подпунктом 6) пункта 1статьи 4 Закона.

 

Приложение 1
к Правилам оказания
государственной услуги
"Продажа земельного участка
в частную собственность
единовременно либо в рассрочку"

 

Форма

 

Акиму ______________________
(области, города, района,
поселка, села, сельского округа)
____________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
от _________________________
(фамилия, имя, отчество
(при его наличии) физического
____________________________
лица либо полное наименование
юридического лица)
____________________________
(индивидуальный идентификационный номер
либо бизнес-идентификационный номер)
____________________________
(реквизиты документа,
удостоверяющего личность
____________________________
физического или представителя
юридического лица,
____________________________
контактный телефон (при наличии), адрес
____________________________
местонахождения (для юридических лиц) либо
____________________________
адрес проживания (для физических лиц))

            Заявление на продажу земельного участка в частную собственность

      Прошу предоставить право частной собственности на земельный участок,
единовременно либо в рассрочку, расположенного по адресу ________________________
_____________________________________________________________________________
                  (адрес (местоположение) земельного участка)

      площадью ____________ гектар, для ________________________________________.
                              (целевое назначение земельного участка)

      Согласен(на) на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах.

      Услугополучатель _______________________________________________________
                              (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
_____________________________________________________________________________
      физического лица либо уполномоченного представителя юридического лица)

      Подпись услугополучателя (при обращении в канцелярию услугодателя/Электронная цифровая подпись услугополучателя (при обращении через веб-портал "электронного правительства")

 

 

 

 

 

 

Приложение 2
к Правилам оказания
государственной услуги
"Продажа земельного участка
в частную собственность
единовременно либо в рассрочку"

Стандарт государственной услуги "Продажа земельного участка в частную собственность единовременно либо в рассрочку"

 

1

Наименование услугодателя

Местные исполнительные органы областей, городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента, районов и городов областного значения, акимы городов районного значения, поселков, сел, сельских округов (далее – услугодатель).

2

Способы предоставления государственной услуги (каналы доступа)

1) канцелярия услугодателя;
2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

3

Срок оказания государственной услуги

5 (пять) рабочих дней.

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная и (или) бумажная.

5

Результат оказания государственной услуги

Решение услугодателя о предоставлении права частной собственности на земельный участок, либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги.

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Бесплатно.

7

График работы

1) услугодателя – с понедельника по пятницу с 9.00 до 18.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года (далее – Кодекс);
2) портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Кодексу, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются следующим рабочим днем).
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на:
1) интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан: www.gov.kz;
2) на портале.

8

Перечень документов необходимых для оказания государственной услуги

услугодателю:
1) заявление на продажу в частную собственность земельного участка;
2) документ, удостоверяющий личность (для идентификации личности);
3) копия акта кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка;
на портал:
1) заявление на продажу в частную собственность земельного участка в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью услугополучателя;
2) электронная копия акта кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка.

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным частью шестой пункта 3 статьи 43 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электроннойформе

Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, а также единого контакт-центра.
Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги указаны на портале. Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 1414, 8 800 080 7777.

 

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Дата публикации
01 октября 2020