Лого

Меню

Страницы

Статья

Ұлттық спорт

Жамбыл облысында ұлттық спорт түрінің дамуы

 

Жамбыл облысында ұлттық спорт түрлерін дамыту басты назарға алынған.

Оның ішінде ат спорты, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ және құсбегілік сияқты ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға айналған спорттық шараларға басымдылықтар берілуде.

Бүгінгі күнге ұлттық спорт түрлерімен шұғылданатын спортшылар саны 23844 адамға жеткен, өткен жылмен салыстырғанда 4872 адамға өскен. Облыста ұлттық спорт түрлерінен барлығы 118 жаттықтырушы жұмыс атқаруда.

Қазақ күресі

Жамбыл облысы бойынша 10  ауданы  мен Тараз қаласында қазақ күресі спорт түрінен барлығы 68 жаттырықтырушы, 7689 споршылар шұғылданады.

Жамбыл облысы әкімдігінің  дене шынықтыру спорт басқармасы «Қазақ күресі клубы» жабылып, 2017 жылғы 24 мамырдағы №94 қаулысына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің  дене шынықтыру спорт басқармасы «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» КММ-де қазақ күресі спорт түрінен 110 спортшылар даярланады. Аталған клубта қазақ күресі спорт түрінен 5 жаттықтырушы жұмыс істейді. Атап айтсақ, біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғары санаттағы, қазақ күресінен  ҚР Еңбегі сіңгірген жаттықтырушысы Р. Мухамедгалиев, Е.Далабай, М.Жақит. Жоғарғы санаттағы жаттықтырушы Р.Дүйсенов, ІІ-санаттағы жаттықтырушы Ж.Мақұлбеков. Спортшылар жас ерекшеліктеріне қарай ересектер, жастар және жасөспірімдер тобына бөлініп жаттығады. Негізгі топта-39, қосалқы топта-71 спортшы бар. Оның ішінде спортты жетілдіру тобында – 97, оқу жаттығу тобында -13 спортшы даярланады. 6 оқу топтары бар, соның ішінде 1-ОЖТ, 5-СЖТ топтарымен жасақталған.

2019 жылы 5 спортшы Қазақстан Республикасының  «Бірыңғай жүктеме мөлшерін» орындап, оның ішінде «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына 3 спортшы, спорт шеберіне кандидат 2 спортшы даярланды.

Осы күнге қазақ күресі бөлімінде Екі спортшы - ХДСШ, алты спортшы-СШ және елу бір спортшы СШК шұғылданады.

 

Азия чемпионаты

2019 жылы 16-18 шілде аралығында Монголия Улан-Батор қаласында қазақ күресінен Азия чемпионатында Бескемпір Айдар (74кг) III-орын (жаттықтырушысы Р.Дүйсенов), Рысбай Аян (90кг) III-орын (жаттықтырушысы М.Жақит )

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының чемпионаттарында көрсеткен көрсеткіштері

2019 жылы Қостанай қаласында жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты бойынша Қырғызбек Нұрлан (82кг) І-орын (жаттықтырушысы Д.Хабибуллаев), Керимов Осман (66кг) ІІ-орын, Мырзанов Нұрболат (+55кг) ІІІ-орын (жаттықтырушысы Р.Мухамедгалиев), Федоров Данил (65кг) ІІ-орын (Е.Далабай), Сүлеймен Ернұр (60кг) ІІІ-орын,  Рысбек Азат (90кг) ІІІ-орын, Оңалбай Жұмадулла (74кг) ІІІ-орын (жаттықтырушысы Қ.Қанаев)

 

Республикалық турнирлерінде көрсеткен көрсеткіштері

          2019 жылы 17-19 мамыр аралығында Түркістан обл. Темірлан ауылында қазақ күресінен Қ.Мұңайтпасов атындағы Халықаралық турнирінде Пахридинов Даулет (90кг) II –орын, Аманшүкіров Нұр (66кг) II –орын иеленді (жаттықтырушы Р.Мухамедгалиев),

          2019 жылы 21-23 маусым аралығында Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде қазақ күресінен Республикалық турнир өтті. Турнирде спортшыларымыз Алімби Әли (42кг) I–орын, Нұғман Бейбарыс (64кг) III –орын Дүйсенбек Асылхан (46кг) I–орын (жаттықтырушы Д.Хабибуллаев), Ахметқали Әділет (51кг) II–орын (жаттықтырушы Е.Далабай), Жарылқапбаев Сұлтан (72кг) III–орын, Шұғай Нұрдаулет (+81кг) III–орын (жаттықтырушы Ж.Мақұлбеков), Жаңабек Заңғар (+81кг) III–орын (жаттықтырушы М.Изтлеуов)

2019 жылы 19-22 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында Қазақ күресінен ҚР Ұлтық спорт түрінен V Фестиваль турнирі бойынша Сазанбай Асылан(55кг) I –орын, (жаттықтырушысы Ж.Мақұлбеков), Сүлеймен Елнұр (60кг) III –орын, (жаттықтырушысы Қ.Қанаев) Айтбек Айбол (100кг) III –орын, Бескемпір Айдар (82кг) III–орын, (жаттықтырушысы  Р.Дүйсенов) Жақыпов Даулетхан (90кг) III–орын, (жаттықтырушысы  Н.Жүнісбеков , Д.Тамбиев), Әміртаева Жадыра (52кг) III–орын, Нұрмағанбетова Рауза (57кг) I –орын, (жаттықтырушысыА.Бошқай),  Мырзанов Нұрболат (66кг) III–орын, Қырғызбек Нұрлан (81кг) II-орын (жаттықтырушысы Р.Мұхамедгалиев).

                                                                                 

Тоғызқұмалақ

Жамбыл облысы бойынша тоғызқұмалақтан 22 жаттықтырушы жұмыс атқарады, оның ішінде 6-штаттық бірлікте. Облыс бойынша 6844 спортшы тоғызқұмалақ спорт түрімен шұғылданады. Облыстың спортшылары 2019 жылы Республикалық жарыстарда төмендегі көрсеткіштерді көрсетті:  

 

8-10 мамыр Жезқазған қаласында өткен А.Байменовтың жүлдесі үшін өткен республикалық турнирде командалық 2 орынға ие болды.

29.10-04.11. 2019 жылы Өскемен қаласында өткен 20 жасқа дейінгі жастар арасында ҚР командалық чемпионатында ІІ орынға ие болды.

10-18 маусым аралығында Павлодар қаласында 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында Азыралы Азиз І орынды жеңіп алды.

 

Асық ату

Ұлттық спорт түрі асық атудан 2019 жылы Жамбыл облысының 10-ауданы мен Тараз қаласы бойынша 7 жаттықтырушы жұмыс атқарады. Облыс бойынша 3425 спортшы асық атумен шұғылданады. Облыстың спортшылары 2019 жылы Республикалық, Халықаралық жарыстарға және  ҚР чемпионатына қатысып, төмендегі көрсеткіштерді көрсетті:

 

21 шілдеде Петропавл қаласында өткен 2003-2005 ж.т. жасөспірімдер расындағы ҚР чемпионатында ІІІ орынға ие болды.

6-10 маусым аралығында Щучинск қаласында өткен 2006-2008 ж.т. жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында І орында жеңіп алды.

1-4 шілде аралығында ересектер арасында Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Азия асығы» халықаралық турнирде ІІ орынға ие болды.

 

Құсбегілік

2015 жылы 28 желтоқсан №51 бұйрығымен Жамбыл облысы бойынша «Құсбегілер және тазы иттері» федерациясы ашылды. Федерация президенті болып Маратулы Дулат тағайындалды, Жамбыл облысы бойынша  9 бүркіт, 2 қаршыға, 2 ителгі, 38 тазы иттері тіркелген.

Құсбегілік спорт түрі Жамбыл облысында 3 ауданда жүргізіледі. Байзақ, Жамбыл, Меркі аудандарында және Тараз қаласында барлығы құсбегілікпен жалпы 128 спортшы шұғылданады. Облыстың спортшылары 2019 жылы Республикалық, Халықаралық жарыстарға және ҚР чемпионатына қатысып, төмендегі көрсеткіштерді көрсетті:

24-27 қазан аралығында Тараз қаласында өткен құсбегілер арасында бессайыстан Жамбыл облысы І орынды жеңіп алды. (Бабажан Бақдәулет тазы жүгіртуден ІІ орын, аударыспақтан І орын, Бүркіт ұшырудан ІІІ орын иеленді).

7-10 қараша аралығында Қарағанды облысында өткен С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған құсбегіліктен «Ұлы дала мұрасы» халықаралық турнирді Жалғасұлы Серікболсын (Бүркіт) І орынды, Бабажан Берікболсын (Қаршыға) ІІІ орынды иеленді.

 

Ат спорты

Жамбыл облысында Ұлттық ат спорты түрлерін дамыту мақсатында Байзақ ауданында 2012 жылы Көкпар спорт түрі бөлімі ашылды, жатттықтырушылар Момынов Бағдат, Құрманбай Есжан жұмыс атқарып, 4 тобында 48 спортшы шұғылданады. Жуалы ауданында №13 БЖСМ-де көкпар спорт түрі бөлімі 2013 жылы ашылып, жаттықтырушы Нарбек Данияр жұмыс атқарып, 3 тобында 43 спортшы шұғылданады.

Тараз қаласында 2012 жылы «Әулие-ата» ат спорты клубы  құрылып,«Ұлттық спорт түрлерінен «Әулие - Ата» кәсіпқой клубы болып өзгертілді.

Мекемеде ұлттық спорт түрлерінің 7 түрінен спортшылар дайындалады. Олар: Көкпар (4 жаттықытырушы, 49 спортшы), аударыспақ (2 жаттықтырушы, 20 спортшы), жамбы ату (2 жаттықытырушы, 8 спортшы), теңге ілу (1 жаттықтырушы, 9 спортшы), асық ату (1 жаттықытырушы,  10 спортшы), құсбегілік (3 жаттықытырушы, 16 спортшы), тоғызқұмалақ (3 жаттықытырушы, 63 спортшы). Спортшылар жас ерекшеліктеріне қарай ересектер, жастар және жасөспірімдер тобына бөлініп жаттығады. Барлығы 180 спортшы.

Қазіргі таңда мекемеде 4 «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», 31 «Қазақстан Республикасының спорт шебері» және 13 «Спорт шеберіне үміткер» спортшылар жаттығады.

2019 жылы мекемеде жаттығатын спортшылар төмендегідей жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізді:

Көкпардан «Әулие-Ата» ересектер командасы 2019 жылдың 19-26 мамыр аралығында Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында І орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласында өткен Ұлттық спорт түрлерінен республикалық фестивальдің жеңімпазы атанды.

«Әулие-Ата» жастар құрама командасы 2019 жылдың 16–22 наурыз аралығында Жаңақорған қаласында өткен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында І орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар Кеңес одағының 9 дүркін чемпионы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ә.Дауылбаев атындағы республикалық турнирде ІІІ орынға ие болды.

Көкпардан жастар командасының ойыншылары Қ.Тұрғанбек, Е.Жарылқасын, Е.Әзімбай, Е.Камелхан, Е.Мәлімбай ұлттық құраманың сапында Алматы қаласында өткен көкпардан жастар арасындағы Азия чемпионатында І орынды жеңіп алды.

2019 жылдың 23-30 маусым аралығында Алматы облысында өткен көкпардан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында «Әулие-Ата» жасөспірімдер командасы ІІІ орынға ие болды

Аударыспақтан 2019 жылдың 19-26 мамыр аралығында Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Ережепбаев Дәулет (70кг) ІІІ орын, Әмзеев Нұржігіт (80кг) І орын және Смаилов Данияр (+90кг) ІІ орынға ие болды.

Аударыспақтан 2019 жылдың 16–22 наурыз аралығында Жаңақорған қаласында өткен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында Сүндетов Асланбек (+80кг) ІІІ орынға табан тіреді.

Ақтөбе қаласында өткен Ұлттық спорт түрлерінен республикалық фестивальде Амзеев Нұржігіт (80кг) І орын, Ынтызарбеков Сәбден (90кг) ІІ орын, Джумадилов Азат (60кг) және Смаилов Данияр (+90кг) ІІІ орынға ие болды.

2019 жылдың 23-30 маусым аралығында Алматы облысында өткен аударыспақтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Сүндетов Асланбек (70кг) ІІ орында, Жапаров Айбек (40кг) және Ахатбек Ақәділ ІІІ орынға ие болды.

Жамбы атудан 2019 жылдың 19-26 мамыр аралығында Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Тулыбеков Абзал ІІ орынға ие болды.

2019 жылдың 16–22 наурыз аралығында Жаңақорған қаласында өткен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында Бабажан Бақдәулет І орынды жеңіп алды.

Алматы қаласында өткен Жамбы атудан жастар арасындағы Азия чемпионатында Бабажан Бақдәулет І орынды жеңіп алды.

Оңтүстік Корея мемлекетінде ат үстінде садақ атудан Әлем чемпионатында Бадашев Елдос І орын, Бабажан Бақдәулет және Тулыбеков Абзал ІІІ орынға ие болды.

Атырау қаласында өткен «Дарабоз-2019» халықаралық турнирде Бабажан Бақдәулет І орында жеңіп алды.

2019 жылдың 23-30 маусым аралығында Алматы облысында өткен жамбы атудан  жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Жалғасұлы Серікболсын ІІ орынға ие болды.

 

«Ордабасы» ұлттық командалық ойыны

2013 жылы 29 қазан айында аккредиттеуден өтіп «Ордабасы» командалық ойыны федерациясы ашылды. Федереция президенті: Исмазов Руслан Бакирович.

Облысымызда қазіргі таңда «Ордабасы» командалық ойыны спорт түрінен 16 нұсқаушы және 20 дан астам ұлттық дәрежедегі төреші жұмыс атқарады. «Ордабасы» командалық ойынымен  бүгінгі күнге 484 балалар мен жасөспірім спортшылар Тараз қаласы мен облыстағы мектептер мен клубтарда шұғылданады.

2019 жылдың 1 – 3 наурыз аралығында Алматы қаласында «Спорт – есірткіге қарсы!» – «таэквон-до» және Ұлттық «Ордабасы» командалық ойынынан Халықаралық турнир өтті.

Турнирге Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарынан, Шымкент, Алматы қалаларынан және Қырғыз және Өзбекстан мемлекеттерінен барлығы 220 спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Жамбыл облысының командасы 1 орынды иеленді.

Дата публикации
19 ноября 2020
Дата обновления
19 ноября 2020
Тип
Информация

Сейчас читают

Перечень
04 июля 2025
Перечень должностей, подверженных коррупционным рискам, определенных по итогам внутреннего анализа коррупционных рисков
Реестр
04 июля 2025
ПЕРЕЧЕНЬ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ
28 мая 2025
КАРТА КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы