
Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың секциялық жұмысын ұйымдастыру және спорт түрлерін дамыту туралы ақпарат
Қазіргі уақытта облыс аумағында 3019 адам дене шынықтырумен және спортпен айналысады немесе мүмкіндігі шектеулі адамдардың жалпы санының 8,7% спортпен шұғылданумен қамтылған.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылдың 27–ші желтоқсандағы № 439 қаулысы негізінде Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» Тараз қаласында құрылды.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты: Жасерекшелігі шектеусіз мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірге белсенділігін тәрбиелеу, тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдану қажеттілігін арттыру, Паралимпиадалық, Паралимпиадалық емес және Сурдлимпиадалық спорт түрлерін дамыту. Кәсіпорын 2013 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс атқаруда.
Спорт бөлімі:
Қазіргі танда спорт клубта жүзу (ТҚАЗ, көру қабілеті төмен, есту қабілеті төмен), жеңіл атлетика (ТҚАЗ, көру және есту қабілеті төмен), пауэрлифтинг (ТҚАЗ), спорттық арбада билеу (ТҚАЗ), үстел теннисі (ТҚАЗ, есту қабілеті төмен), таеквондо (ТҚАЗ, есту қабілеті төмен), шахмат (ТҚАЗ, көру және есту қабілеті төмен), тоғызқұмалақ (ТҚАЗ, көру қабілеті төмен), еркін және грек-рим күресі (есту қабілеті төмен) спорт түрлері қамтылған.
Кәсіпорында 10 (он) жаттықтырушы жаттығу үрдістерін жүргізеді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары: жүзуден Бейсембаев Саттар Ерғалиұы, еркін және грек-рим күресінен Қонысбаев Ерназар Дүйсенұлы. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санатты 5 жаттықтырушылар: жүзуден Бейсембаев Саттар Ергалиевич, жеңіл атлетикадан Мамашаев Тахир Рахимович, пауэрлифтингтен Греев Руслан Сайдикаримович, паратаеквондодан Есильбаев Нұржан Чалобаевич және еркін күрестен Қонысбаев Ерназар Дүйсенович.
Спортшылардың ішінде: «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» - 2 спортшы, «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» - 10 спортшы, «Қазақстан Республикасының спорт шебері» - 11 спортшы, «ҚР спорт шеберлігіне кандидат» - 29 спортшы тұрақты түрде шұғылданады.
2019 жылға Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командалар тізіміне спорт клубтан негізгі құрамға 68 спортшы, оның ішінде жастар құрамына 22 спортшы жасөспірімдер құрамына 9 спортшы, кірді жалпы 99 спортшы.
2018-2019 жарты жылдыққа Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама команда тізіміне кірген спортшылардың салыстырмалы кестесі
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасы сапындағы спортшылар саны (жастар, ересектер)
|
||
|
|
2018 жыл |
2019 жыл |
|
Негізгі құрама командасы |
70 |
68 |
|
Жастар құрама командасы |
18 |
22 |
|
Жасөспірімдер құрама командасы |
9 |
9 |
|
Барлығы: |
97 |
99 |
2019 жылы спортшылардың жарыстарға қатысып «Біріңғай спорттық дәрежелер мөлшері ережесіне» сәйкес 1-спорттық разряд – 1, ҚР спорт шеберіне кандидат – 3 және ҚР спорт шебері – 1 берілді.
2018–2019 жылдыққа спортшылардың «Біріңғай спорттық дәрежелер мөлшері ережесіне» сәйкес орындаған нормавтивтерінің салыстырмалы кестесі.
|
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері, спорт шеберіне кандидат, 1-ші спорттық разряд |
|||||||||
|
2018 жыл |
2019 жыл |
||||||||
|
1 с.р. |
СШК |
СШ |
ХДСШ |
ЕССШ |
1 с.р. |
СШК |
СШ |
ХДСШ |
ЕССШ |
|
1 |
1 |
3 |
2 |
- |
1 |
3 |
1 |
- |
- |
2018-2019 жылдыққа Қазақстан Республикасының, Азия, Әлем чемпионаттары, облыстық жарыстарда спортшылардың иеленген орындарының салыстырмалы кестесі
|
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны |
||||||
|
Жарыс денгейі |
2018 ж |
2019 ж |
||||
|
1 орын |
2 орын |
3 орын |
1 орын |
2 орын |
3 орын |
|
|
Әлем чемпионаты |
1 |
2 |
6 |
- |
- |
1 |
|
Әлем Кубогы |
6 |
1 |
2 |
3 |
8 |
4 |
|
Пара Азия ойындары |
1 |
2 |
1 |
- |
- |
- |
|
Азия чемпионаты |
- |
- |
- |
- |
1 |
- |
|
ХТ (кемінде 5 мемлекет қатысқан) |
2 |
4 |
4 |
4 |
1 |
6 |
|
ҚР чемпионаты |
35 |
31 |
24 |
52 |
31 |
29 |
|
(ҚР спартакиадасы-2018ж) ҚР 5-ші жазғы Паралимпиада ойындары-2019ж |
13 |
10 |
12 |
10 |
14 |
13 |
|
ҚР Кубогы |
9 |
3 |
3 |
2 |
- |
- |
|
Жамбыл облысының чемпионаты мен паралимпиадалық ойынға іріктеу жарысы |
63 |
36 |
17 |
65 |
29 |
18 |
|
«Тең мүмкіндіктер спорты» атты мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы интеллектуалдық спорт түрлерінен облыстық турнирі |
- |
- |
- |
9 |
8 |
3 |
Бүгінгі күні «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК-да
Жүзуден 2016 жылдың 7-18 қыркүйек аралығында Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен XV жазғы Паралимпиалық ойындарының жеңімпазы, 2013-2015 жылдары Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, 2013-2016 жылдар аралығында 14 дүркін Әлем рекордын жаңартушысы, Бүкілдүниежүзілік ойындарының жеңімпазы, 2014 жылы Инчхон (Оңтүстік Корея) қаласында өткен Пара Азия ойындарының жеңімпазы, Халықаралық және ҚР чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, 2018 жылы Джакарта (Индонезия) қаласында өткен Пара Азия ойындарында 1 алтын, екі күміс және 1 қола медаль ұтып алған, ҚР 5-ші жазғы Паралимпиадалық ойындарының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Зульфия Габидуллина.
2019 жылдың 6-9 маусым аралығында Берлин (Германия) қаласында паралимпиадалық жүзушілер арасында Әлем Кубогында 4х100 метр аралас эстафетасында Айбек Искра екінші орынды иеленді.
Еркін күрестен 2016 жылы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2017 жылы 18-30 шілде аралығында Самсун (Түркия) қаласында өткен XХІІІ жазғы Сурдлимпиялық ойындарында 61кг салмақ дәрежесінде 5 орынды иеленген, 2019 жылдың 17-22 ақпан аралығында Талдықорған қаласында өткен Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы ҚР чемпионатында 65 кг-1 орынды жеңіп алған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ғабит Есжанов.
Еркін күрестен ҚР чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпаз-жүлдегері. 2016 жылы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2017 жылы 18-30 шілде аралығында Самсун (Түркия) қаласында өткен XХІІІ жазғы Сурдлимпиялық ойындарында 57 кг салмақ дәрежесінде 5 орынды иеленген, 2019 жылдың 17-22 ақпан аралығында Талдықорған қаласында өткен Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы ҚР чемпионатында 61 кг-1 орынды жеңіп алған, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Дүйсембиев.
Еркін күрестен 2019 жылдың 17-22 ақпан аралығында Талдықорған қаласында өткен Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы ҚР чемпионатында 79 кг-1 орынды жеңіп алған, «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» Бағдат Сабитов.
Еркін күрестен 2018 жылы Владимир (Ресей) қаласында өткен Әлем чемпионатында ересектер арасында 79 кг салмақ дәрежесінде қола жүлде иегері, 2019 жылдың 17-22 ақпан аралығында Талдықорған қаласында өткен Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы ҚР чемпионатында 86 кг-2 орынды жеңіп алған, ХДСШ Әлдибаев Шынғысхан.
Еркін күрестен 2018 жылы Владимир (Ресей) қаласында өткен Әлем чемпионатында жастар мен ересектер арасында 74 кг салмақ дәрежесінде екі қола медаль иегері, 2019 жылдың 17-22 ақпан аралығында Талдықорған қаласында өткен Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы ҚР чемпионатында 74 кг-1 орынды жеңіп алған, ХДСШ Ғасыр Тұрғынбай.
Еркін күрестен 2018 жылы Владимир (Ресей) қаласында өткен Әлем чемпионатында жасөспірімдер арасында 80 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз болған 2019 жылдың 17-22 ақпан аралығында Талдықорған қаласында өткен Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы ҚР чемпионатында 61 кг-1 орынды жеңіп алған, ҚР спорт шеберлігіне кандидат Амангелді Нұргелді.
Шахматтан 2019 жылы 1-10 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен ҚР чемпионатында ҚР СШ Берик Нұрымов шахматтан классика түрінен 3 орын иегері, 2019 жылдың 16-22 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында өткен ҚР командалық чемпионатында классика түрінен 2 орын, блицтен 3 орын.
Арбадағы спорттық биден 2019 жылдың 17-23 сәуір аралығында Куик (Голландия) қаласында өткен Халықаралық турнирде ҚР спорт шебері Ахметова Наргиза мен Аванесов Серж Комби Латина-1орын, Комби стандарт-3 орын; Ахметова Наргиза мен Аманбеков Талғат -Дуо Фристайл-3 орындарға ие болды. 2019 жылдың 31 мамыр- 2 маусым аралығында Атырау қаласында өткен ҚР чемпионатында жұппен Аманбеков Талғат пен Ахметова Наргиза Дуо фристайл (2 класс) жеңімпаз атанды. 2019 жылдың 6-8 қыркүйек аралығында Санк-Петербург (Ресей) қаласында өткен Әлем кубогында Мусаева Асель 3 орынды иеленді.
Паратаеквондодан 2017 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2017жылы 15-20 қазан аралығында Лондон (Ұлыбритания) қаласында өткен Әлем чемпионатының +75 кг салмақ дәрежесінде жеңімпазы, 2019 жылы 18-22 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласында өткен ҚР чемпионатында К+75кг салмақта жеңімпаз атанған, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Өміралі Нышан.
2019 жылдың 15-20 шілде аралығында Амман (Иордания) қаласында өткен Азия чемпионатында 75 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған, 2019 жылы 18-22 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласында өткен ҚР чемпионатында К+75кг салмақта жеңімпазы Ержанов Жумағали.
Жеңіл атлетикадан 2019 жылғы 25-28 ақпан аралығында Қарағанды қаласында өткен ҚР чемпионатында жеңімпаз атанған Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сибирякова Яна мен спорт шебері Қырықбай Қуаныш.
Үстел теннисінен Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы ҚР 2 спартакиадасында 3 орынды жеңіп алған Қазақстан Республикасының спорт шебері Адилова Кулжамиля.
Үстел теннисінен ҚР чемпионатырының бірнеше дүркін жеңімпаз-жүлдегерлері, ҚР Паралимпиялық ойындарының және ҚР Спартакиадаларының жеңімпаз-жүлдегерлері, Қазақстан Республикасының спорт шеберлері Приданова Вера мен Ем Флора.
Пауэрлифтингтен Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 5-9 мамыр аралығында өткен ҚР чемпионатында Жуманов Асхат 88 кг салмақта 1 орынды жеңіп алса, Акрамов Фахритдин 54 кг салмақ дәрежесінде 2 орынға ие болды.
2019 жылдың 12-20 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Әлем чемпионатында жастар арасында Карибай Ерболат 49 кг салмақта қола жүлдегер атанды.
Тоғызқұмалақтан Тараз қаласында 2019 жылдың 10-16 маусым аралығында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Игиликова Мадина 2 орынды жеңіп алса, Шәміл Ришат 3 орынды иеленді.
Аталған спортшылар және де елімізде өткен осы бағыттағы спорт турлері бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен Спартакиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жаттығады.