Тұрсыналіы Тоғжан Тұрсыналықызы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының директоры лауазымына тағайындалды
Қазақстан Республикасының 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында 13 негізгі бағыт бойынша 52 шараны қамтитын жоспар жүзеге асырылуда.
Бұл жұмыс қолжетімді орта қалыптастыру, инклюзивті білім беруді дамыту, жұмыспен қамтуға қолдау көрсету, әлеуметтік және құқықтық қорғау, медициналық әрі кәсіби оңалту сияқты көптеген бағытты қамтиды.
Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға да ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық, экономикалық және әлеуметтік өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау көзделген.
Жоспардағы шаралардың басым бөлігі өңірлерде жүзеге асырылады. Бұл әр аймақтағы азаматтардың нақты қажеттіліктерін ескеріп, соған сәйкес қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Инклюзивті саясаттың жүзеге асырылуы туралы ақпаратты азаматтар тұрғылықты жері бойынша әкімдіктен ала алады. Сондай-ақ өз құқықтарын қорғау және қажетті қызметтерді алу мәселелері бойынша да сол жерге жүгіне алады.
▶️ Инклюзивті саясат аясында не өзгереді және азаматтарға қандай жаңа мүмкіндіктер беріледі? Бұл туралы толығырақ бейнематериалымыздан көріңіздер.
Салтанатты шарада аймақ басшысы жеңімпаздарды қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күнімен құттықтады.
– Еңбек – ел дамуының, қоғам тұрақтылығы мен халық әл-ауқатының негізі. Өңірде жүзеге асырылып жатқан әрбір жобаның және қол жеткізілген әрбір нәтижелі көрсеткіштің артында адамдардың қажырлы еңбегі тұр. Халқымыз: «Еңбегімен ер өсер» дейді. Бұл – тек адал әрі табанды еңбек қана игі нәтижеге жеткізетінін білдіретін өмірлік қағида. Мемлекет басшысы еңбек адамының мәртебесін көтеруге, еңбекқорлық пен кәсібилікті қоғамның басты құндылықтары ретінде дәріптеуге ерекше көңіл бөледі. «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатының түпкі төркіні де жауапкершілік пен адал еңбекпен тапқан табысқа саяды, – деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.
Облыс әкімі тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және азаматтардың табысын арттыру өңірдің басым міндеттерінің бірі екенін баса айтты.
Бүгінгі таңда Жамбыл облысының экономика салаларында 517 мыңнан астам азамат еңбек етуде. Биыл Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 42,6 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған. Сегіз айдың қорытындысы бойынша 31 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, оның 24,1 мыңы – тұрақты.
– Біздің міндетіміз – тек жұмыс орындарын көбейту ғана емес, сонымен қатар азаматтарға тұрақты әрі қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, лайықты жалақы төлеу. Бұл бағытта өңірге инвестиция тарту, жаңа кәсіпорындар ашу және жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Инвестициялық жобалар пулына 2031 жылға дейін 116 жоба енгізілді. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде 21 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл жобалар өңір экономикасының дамуына тың серпін беріп, халықтың табысын арттыруға және жұмысқа орналасу үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді, – деді облыс әкімі.
Шара барысында «Еңбек жолы» байқауының өңірлік кезеңінде жүлделі орын алған азаматтарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.
«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша Байзақ ауданынан келген Айгерім Қойшығұлова III орынды, Жамбыл ауданынан Аян Серік II орынды, Шу ауданынан Ыкыласбек Мейірхан I орынды иеленді.
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында Байзақ ауданынан Гульбакира Кошкарбаева III орынды, Тараз қаласынан Қымбат Нурманалиева II орынды, Дана Султашева I орынды жеңіп алды.
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Жуалы ауданынан бірнеше буыны өмірін білім беру саласына және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге арнаған Мамытовтар отбасы III орынға ие болды. Тарихы Балқаш көліндегі балық кәсіпшілігімен тығыз байланысты Мойынқұм ауданының Теңізбаевтар әулеті II орынды иеленді. Ал I орын Қордай ауданында білім беру саласында көп жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан Молдажановтар әулетіне берілді.
– Бұл жеңіс – бір адамның еңбегінің ғана емес, бір ғасырға жуық уақыт бойы қалыптасқан еңбектің бағасы деп ойлаймын. Бізге жол көрсеткен аға буынның алдында бас иеміз және олардың үлгілі жолымен мақтанамыз. Біздің ұстаздар әулетіміздің дәстүрі жалғасып, кейінгі ұрпаққа беріле беретініне сенімдімін, – деді «Үздік еңбек әулеті» номинациясында бірінші орын алған Асқарбек Молдажанов.
Айта кетейік, 2016 жылдан бері Жамбыл облысында «Еңбек жолы» байқауына 400-ге жуық азамат қатысты. Биыл байқаудың өңірлік кезеңіне өздерінің кәсіби жетістіктері мен еңбек жолын ұсынған 21 үміткер қатысты.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында 2026 жылғы 13 қазан мен 2 қараша аралығында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» жүргізілетінін хабарлаймыз.
Өмірде күтпеген қиындықтар әркімнің басынан өтуі мүмкін. Өрт, табиғи апат, әлеуметтік маңызы бар ауру немесе отбасы табысының төмендеуі кезінде азаматтарға жергілікті бюджет есебінен қосымша әлеуметтік көмек беріледі.
Бұл көмекті кімдер ала алады? Қандай жағдайда тағайындалады? Адрестік әлеуметтік көмек алмайтын отбасы да көмекке жүгіне ала ма?
▶️ Әлеуметтік көмектің кімдерге және қандай тәртіппен берілетіні туралы толық ақпаратты видеодан көріңіз.
Бүгінгі таңда халықаралық қылмыстық топтар жұмыс іздеу үшін цифрлық технологияларды, әлеуметтік желілерді және интернет-платформаларды белсенді қолданады. Жоғары ақы төленетін жұмыс орындарының атын жамылып, адамдарды жаңылыстырады, бас бостандығынан айырады және заңсыз әрекеттерге қатысуға мәжбүрлейді.
Қанаудың бұл түрі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың ең тез таралатын қауіптерінің біріне айналуда. Адам саудасының құрбандары әр түрлі жастағы, кәсіптегі және білім деңгейіндегі адамдар болуда.
Қазіргі заманғы адам саудасы тек жыныстық қанау немесе мәжбүрлі жұмыс емес. Барған сайын адамдарды алаяқтық, киберқылмыс, заңсыз көші-қон, есірткі саудасы, ұрлық және басқа да қылмыстарға қатысуға мәжбүрлейді.
Сондықтан алдын-алу қылмыстың осы түріне қарсы тұрудың ең тиімді құралдарының бірі болып қала береді.
Адам саудасына қарсы іс – қимыл жөніндегі халықаралық күш-жігерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 24-30 шілде аралығында «Адам саудасы – ауыр қылмыс!» атты республикалық ақпараттық науқан өткізеді.
Науқанның басты мақсаты – қоғамның назарын ұйымдасқан қылмыстың осы қауіпті түріне аудару, халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, адамдарды тартудың заманауи тәсілдері және зардап шеккендерді мемлекеттік қорғау шаралары туралы айту.
Науқанға мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімшелері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар қатысады. Апта ішінде бүкіл ел бойынша халықпен кездесулер, құқықтық консультациялар, профилактикалық материалдарды тарату және адам саудасының алдын алуға бағытталған басқа да науқандар өтеді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі азаматтарды жұмысқа орналасу туралы ақпаратты мұқият тексеруге шақырады, әсіресе ол ақпарат шетелде жұмыс істеу туралы болса, құжаттарды бейтаныс адамдарға бермеуге, күмәнді ұсыныстарға келіспеуге және адам саудасының ықтимал жағдайлары туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Әрбір адам қырағылық таныту, сенімді ақпарат тарату және қиын өмірлік жағдайға тап болғандарды қолдау арқылы бұл қылмыстың алдын алуға үлес қоса алады.
Адам саудасы қазіргі заманның маңызды сын-қатері болып қала береді, алайда мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың бірлескен күш-жігерімен адамның қадір-қасиетін, бостандығын және әрбір адамның қауіпсіз өмір сүру құқығын қорғауға болады.
Жыл сайын 30 шілдеде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні атап өтілетінін айта кету керек.
Биыл ол қанаудың жаңа түрі адам саудасының құрбандарын ең алдымен онлайн-алаяқтық саласында қылмыс жасауға мәжбүрлеу нысанына назар аударуға арналған «Алаяқтық тұзағында» ұранымен өтеді.
Адам саудасы – ауыр қылмыс. Бей-жай қарамаңыз.
Басқарма басшысының орынбасары Абдибекова Айтолқын төрағалығымен өткен жиында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызы кеңінен талқыланды. Басқосу барысында құқықтық мемлекет құрудағы бұл қағидаттың орны, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі және қызметтік тәртіпті нығайту мәселелері сөз болды.
Жиында атап өтілгендей, «Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты тетігі. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасында заң үстемдігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға бағытталған маңызды идеологиялық негіз болып табылады.
Заңның үстемдігі әрбір азаматтың, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер мен лауазымды тұлғалардың өз қызметін қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асыруын көздейді. Аталған қағидатты сақтау мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып қана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және құқықтық мәдениетті дамытуға ықпал етеді.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілер үшін заңдылықты сақтау ерекше маңызға ие екені айтылды. Қабылданатын әрбір шешім әділдікке, ашықтыққа және заң талаптарына негізделуі тиіс. Қызметтік міндеттерді адал әрі кәсіби орындау – азаматтардың мемлекетке деген сенімін қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі.
Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп» идеологиясын қоғамда кеңінен насихаттау құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әсіресе жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Бұл бағыттағы жұмыстар азаматтық қоғам институттарымен, білім беру ұйымдарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе жүзеге асырылып келеді.
Жиын қорытындысында қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жалақының уақытылы төленуі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, жұмыс уақыты мен демалыс тәртібін қамтамасыз ету, әлеуметтік кепілдіктер беру, сондай-ақ жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек дауларын заң аясында шешу – басқарма қызметінің маңызды бағыттарының бірі екені айтылды.
Аймақта 18 306 адам жұмыссыздар санатында. Олардың 46, 6 пайызы ерлер, 53, 4 пайызы нәзік жандылар. Осы мәселенің алдын алу мақсатында биыл 42 875 жаңа жұмыс орнын құру жоспары бекітілген. Жауапты басқарма бұл бағыта бүгінге дейін қандай көрсеткіштерге қол жеткізді? Қаражаттың жұмсалу жайы мен көрсетілетін қызметтер барысы қалай жүзеге асуда? Осы сынды төрт негізгі бағыт бойынша облыстық қоғамдық кеңес мүшелері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына мониторинг жұмысын бастады.
Мониторинг барысында жаңа жұмыс орындарының құрылуы мен бюджет қаражатының жұмсалуы, мүгедектерді әлеуметтік қолдау және көші-қон мәселелері зерделенеді. Сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби оқыту, еңбек нарығын дамытудың бес жылдық тұжырымдамасының іске асырылу барысы назарға алынады. Ал, бүгінгі басқосуда комииссия мүшелері басқарма ұжымымен кездесіп, мониторнг жүргізуге арналған жадынама негіздерін талқылады.
2021 жылдан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бөлініп келеді.
2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант беріледі.
Грантқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.
Грант конкурстық негізде келесі 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі:
«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық дәстүр мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2026 жылғы 21 сәуірден 21 маусым аралығында (21 маусым күні сағат 24:00-ге дейін) қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):
Анықтама үшін байланыс телефондары:
8 (7172) 74-12-78, 8 777-114-66-82
E-mail: t.urpaqtary2026@gmail.com
(жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы негізгі мақсат – азаматтардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, оңалту қызметтерінің сапасын арттыру, олардың қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету.
Осыған байланысты тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жоспарланған. Соның ішінде Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылатын техникалық оңалту құралдары мен қызметтердің құнын өтеуге арналған кепілдендірілген соманы есептеу әдістемесі қайта қаралуда.
Бұған дейін кепілдендірілген сома бірнеше ақпарат көзі негізінде анықталса, жаңа тәсіл бойынша ол әлеуметтік қызметтер порталы мен электрондық сауда алаңдарының нақты нарықтық деректері арқылы есептелетін болады. Бұл үшін мемлекеттік цифрлық жүйелермен интеграция жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта кепілдендірілген сома адам араласуынсыз автоматты түрде қалыптастырылып, ашықтықты, объективтілікті және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді.
Жаңашылдықтардың негізгі нәтижелері ретінде техникалық оңалту құралдарының құнын қалыптастыру процесін толық цифрландыру, адам факторын азайту, әділ баға белгілеу және бюджет қаражатын тиімді пайдалану көзделіп отыр. Үнемделген қаражат заманауи, технологиялық әрі сапалы оңалту құралдарын енгізуге бағытталмақ.
Сонымен қатар, Әлеуметтік қызметтер порталындағы қызмет көрсету сапасын арттыру, көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен тиімділігін күшейту бойынша да жүйелі жұмыстар қолға алынған. Өнім берушілердің жұмысын жетілдіру, порталдағы қызмет көрсету тәртібін реттеу және көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мәселелері басты назарда.
Портал арқылы қызмет көрсету барысында заң талаптарын сақтау, азаматтарға сапалы әрі уақтылы қызмет ұсыну – барлық өнім берушілер мен мердігерлердің негізгі міндеті. Осыған байланысты барлық тараптардан жауапкершілікпен жұмыс жүргізу, азаматтардың өтініштеріне мұқият қарау және белгіленген талаптарды сақтау сұралады.
Қабылданып жатқан өзгерістер мен жаңартулар жөніндегі ресми ақпараттар тұрақты түрде жарияланып отырады.
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы халыққа сапалы қызмет көрсету және мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту – баршамыздың ортақ міндетіміз.