Меню

Страницы

Статья

Жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері туралы

17  мамыр 2022 жылғы

сағат 11-00 де

аппараттық кеңеске

 

Жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері туралы

Құрметті Нұржан Молдиярұлы! Құрметті әріптестер!

№1  слайд

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49500 адам тартылады деп жоспарлануда. Жыл басынан бері 12290 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, оның 12038-ы- жұмысқа орналастырылды. 6216-ы –тұрақты жұмысқа орналасты.

№2 слайд

2022 жылы «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында 2630 адамға қайтарымсыз грант беруге 3222,2 млн.теңге қаралды.

Ағымды жылдың 1 мамырына  107 адам 131,0 млн. теңге қайтарымсыз грант алды. Алушылардың санаттарына келетін болсақ, 107 адамның ішінде 4 – аз қамтылғандар, 41- көпбалалы отбасы мүшелері,  13 – еңбекке қабілетті мүгедектер, 36 - 29 жасқа дейінгі жастар, 13 - мүгедек  балаға күтім жасаушылар.

Барлық алушылардың  арасынан 55 - малға грант алса,  3 адам - құсқа, 23 - технологиялық жабдықтарға, 5 - еңбек құралдарына, 21- инвентарға грант алды. Грант алған 107 адамның 8–і  салық органында тіркелсе, 99- БЖТ төледі.

Қазіргі уақытта Еңбек министрлігі тарапынан грант берудің жаңа Қағидалары дайындалу үстінде. Осыған орай, Министрлік тапсырмасына байланысты жаңа Қағида бекітіліп келгенге дейін грант беру жұмыстары уақытша тоқтатылды. Жаңа Қағида бекітілісімен грант беру жұмыстары қайта басталады.

№3 слайд

Әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған 980 адамның 37-і тұрақты жұмысқа орналасты. Осы бағытқа бюджеттен 307,7 млн тг бөлінді.  Жастар практикасына 611 түлек қатысты,  661,0 млн тг бөлінді. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 4211 адам қатысып, бюджеттен 3,1 млрд. тг қарыстырылды.

 №4 слайд

Алғашқы жұмыс орындарына жыл басынан 19 адам жолданды, жоспар 124 адам. Осы іс-шараға бюджеттен 49,0 млн тг бөлінді.

№ 5 слайд

Облыс бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған азаматтар қатарынан 30,2 пайызы жұмысқа орналасты, жоспар- 55,0 пайыз, жеке сектор жұмыс берушілердің пайызы 48,9, жоспар -58 пайыз. Ұлттық жоба аясында 2022 жылдан бастап Күміс жас, Ұрпақтар келісім шарт жобалары іске асырылуда. Мұндағы негізгі міндет: халықтың табысын арттырып, азаматтарды әлеуметтік қолдаудың белсенді шараларына тарту болып табылады.   Ұрпақтар келісім шарт бойынша  2022 жылы 29 адам тартылады, осы бағытқа қазіргі таңда тек Мойынқұм ауданында  қаражат қарастырылған. Қалған аудандарға және Тараз қаласына осы бойынша тиісті жұмыстар жүргізу керек. Сонымен қатар Күміс жас жобасы бойынша 249 адам жолданады, республикалық бюджеттен   282,0 млн теңге қарастырылған. 

№ 6  слайд

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатарынан жұмыспен қамту деңгейі облыс бойынша 20,3 пайыз құрады, жоспар 22,5 пайыз.

№ 7,8  слайд

Өңірлік карта аясында 2022-2025 жылдары аралығында облыста 79730 жұмыс орны ашылады деп күтілуде, оның  2022 жылы 17870-і бұл   ашылатын жұмыс орындарының  12392-і бюджет  арқылы, 5478-і инвестициялар арқылы. Өзіңіздің өткен кеңесте берген  тапсырмаңызға сәйкес облысты дамыту  бағдарламасы аясында  2022-2025 жылдары аралығында жеке  инвестициялық жобалар құрылып, 14827 жұмыс орын ашылуы жоспарлануда. Ал бюджет арқылы жасалатын жобалардың тізімдері жинақталуда.

№ 9  слайд

 «Аманат» партиясының «Өзгеру жолы: әрқайсысына лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша 2022 жылдың соңына қарай стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі шамамен 40%-ды құрауға тиіс. Осыған байланысты облыс бойынша 2021-2025 жылдары 1295 нысанды бейімдеу, ал 2022 жылы Тараз қаласы мен аудандарда259 нысанды бейімдеу жоспарланған.

Тараз қаласы мен аудандық бөлімдердің мәліметі бойынша 2022 жылы бейімделуге тиісті, осы 259 нысанның тек 2-і ғана бейімделуден өтіп (Байзақ ауданы), жұмыстар  аяқталған.

№ 10  слайд

Тараз қаласы мен аудандар бөлінісінде, есепті мерзімге облыс бойынша 26 нысанға 19797,6 мың теңге қаржы бөлініп отыр Тараз қаласы мен Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм және Сарысу аудандарында қаржы бөлінбеген.

№ 11  слайд

Сала бойынша қарасақ, мысалы:

Мемлекеттік басқару саласындағы 92 нысанның 10-на, Денсаулық сақтау  саласындағы бейімдеуге тиісті 26 нысанның 5-не, Мәдениет саласындағы 28 нысанның 11-не, ал Білім беру саласындағы 69 нысанға, Спорт саласындағы 16 нысанға және басқада мекемелер саласындағы 22 нысанға қаржы бөлінбеген.  

Ұлттық жоспарға сәйкес бейімдеу жұмыстарды ұйымдастыратын, жүргізетін және қадағалалайтын жергілікті атқарушы органдар болып табылады, сондықтан бейімдеу жұмыстарының нәтижесі бойынша сұраныс қала мен аудан әкімдерінен болатынын атап өткім келеді .

Дегенменде көп жағдайда, атқарылған жұмыстардың сапасы сын көтермейді. Орнатылған пандустары бүгінгі күнге дейін стандартта белгіленген нормаларына сәйкес келмейді, тактильді жолдар жүргізілмеген, Брайль қаріпімен басылған тақтайшалар негізінен мекеме кіре-берісінде ғана орнатумен шектелген. Бейімдеу жұмыстарын тек ғимараттарды бейімдеумен шектелмей, қоршаған ортаны, оның ішінде: тротуарлар, жол қиылыстары, аялдамалар, саябақтар, демалыс орындарын бейімдеуге көңіл бөлулеріңізді сұраймын.

Жалпы бұл  нысандар мүмкіндігі шектеулі жандардың жиі баратын нысандар болғандықтан бейімдеу  жұмыстарын тездетіп, оларды міндетті түрде бейімдеуден өткізу қажет деп санаймын.

Құрметті Нұржан Молдиярұлы!

Осыған орай, облыс әкімдігінің басқарма басшыларына,  Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне және орталық атқарушы органдардың облыстық департамент басшыларына:

- Әуежай, темір жол вокзалдарын және авто бекеттерді  бейімдеу жұмыстарын 2022 жылы аяқтау;

- 2-ші деңгейдегі банктердің және Казпошта бөлімшелерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуді 2022 жылдың соңына дейін аяқтау;

- 2022 жылы белгіленген бейімделетін нысандардың бейімдеу жұмыстарын 2022 жылдың қараша айына дейін аяқтау;

- 2022 жылы жоспарланған нысандарды бейімдеуге тиісті қаражаттардың толық бөлінуін ағымдағы жылдың 01 шілдесіне дейін қамтамасыз ету қажеттігі туралы тапсырмалар беруіңізді сұраймын. 

Құрметті әріптестер!

Осы жерде бейімделуге тиіс барлық нысандардың республикалық «Қолжетімділіктің интерактивті картасына» енгізілгенін және министрліктің бақылауында тұратын екендігін назарларыңызға ұсына отырып, тиісті шешімдерді қабылдап, аталған интерактивті картаға қосымша нысандардың мәліметтерін енгізу бойынша жұмыстарды жандандыра отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын жақсартудағы ауқымды жұмыстарды дұрыс жолға қойып, үкіметтік емес үйымдармен бірлесіп атқару қажет екендігін тағы да назарларыңызға салып, бәріміз бірдей атсалысып жұмыстарды атқаруға шақырамын!

№ 12  слайд

 2021 жылы облыс бойынша 11 874 отбасынан 61 441 азаматқа АӘК тағайындалды. Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша. АӘК 7340 отбасындағы  38 319 азаматқа тағайындалды.  Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда АӘК алушылардың саны 21,9%-ға азайды.

 

АӘК

Шартты

Шартсыз

отбасы

адам

отбасы

адам

отбасы

адам

 01.05. 2020 ж.

9 432

51 456

7 697

44 285

1 735

7 171

 

 

 

 

 01.05. 2021 ж.

9 588

(+1,7%)

49 063 (-4,7%)

7 658

41 692

1 930

7 371

 

 

 

 

 01.05. 2022 ж.

7 340

(-23,4%)

38 319

(-21,9%)

5 456

30 682

1 884

7 637

 

 

 

 

 

№ 13 слайд

АӘК алушылардың құрылымы:          АӘК алушылардың ішінде негізгі үлесті балалар – 66,0%, жұмыспен қамтылғандар – 14,6%, Балаларға, мүгедектерге, қарттардың күтімімен отырған  адамдар  – 14,1% құрайды.           Балалар мен  балаларға, мүгедектерге, қарттардың күтімімен отырған  адамдар объективті себептермен табысы жоқ және бұл санаттар мемлекет тарапынан шартсыз көмек алуға құқылы. АӘК алатын балалары бар отбасылардың үлесі 99,7%-ды құрайды, ал 44,2%-дан астамы көп балалы отбасыларда (4 және одан да көп бала) тұрады.         

№ 14 слайд

Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына аз қамтылған еңбекке қабілетті азаматтардың арасынан 1206 адам тартылды. (тұрақты жұмысқа орналастырылғандар – 830 адам, қоғамдық жұмыстарға – 270 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 101 адам, жастар тәжірибесіне – 3 адам, кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу арқылы – 2 адам).

 Еңбекке қабілетті Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың  жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы жылдық жоспар 77,6% болса,

орындалуы 71,1 % құрап отыр. Жылдың соңына дейін көрсеткіштің орындалуын қамтамасыз ету қажет.

№ 15  слайд

Созылмалы АӘК алушылардың талдауы көрсеткендей, соңғы 5 жылда АӘК  83,5 мың отбасына тағайындалған (429,8 мың адам).

Бұл ретте АӘК алушылардың 10,6%-ы 3 және одан да көп жыл қатарынан көмек алуда. Созылмалы АӘК алушылардың ең көп саны (3 жыл және одан да көп) екенін  атап өту қажет.

Сонымен қатар, егер жергілікті атқарушы органдар осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болса, халық арасында масылдық көңіл күйді тудыруы ықтимал.

АӘК уақытша шара болып табылады және тоқсанға тағайындалады, оның барысында отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару үшін жан-жақты көмек көрсету (ақшалай төлем, жұмысқа орналастыру шаралары, әлеуметтік бейімдеу шаралары, кепілдендірілген әлеуметтік пакет) қажет.

АӘК алушылар қатарынан, еңбекке  қабілетті мүшелерін, бірінші кезекте электронды еңбек биржасында қолжетімді жұмыспен қамту шараларына тарта отырып, кедейшілік шегінен шығару қажет.

№ 16  слайд

        Жыл сайын, жылдың басында АӘК төлеуге қаражат 80% - РБ және 20% - ЖБ қатынасында беріледі. Бұл ретте екінші жартыжылдықта берілген қаражат ЖБ кері қайтарылады.

 Ағымдағы  жылдың сәуір айынан бастап АӘК төлемі Мемлекеттік корпорация КЕАҚ  арқылы жүргізілуде. АӘК ай сайынғы  төлемге керек қаражаттың  80% РБ қаржыландырады, ал 20% ЖБ  міндетті түрде қаржыландыру қажет.

№  17 слайд

ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Заңынында көрсетілген кепілдік берілген әлеуметттік топтаманы  (бұдан әрі -КӘТ)  ұсыну мемлекеттік сатып алу конкурсы және  әлеуметтік қызмет көрсету Порталы жүзеге асыралады делінген.

Басқарма  тарапынан а.ж  10 наурызда  №915  хатымен ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Тауарларды және (немесе) көрсеиілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер Порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 16 ақпандағы №60 бұйрығы басшылыққа алу үшін  жолданған.

Бірақ, оған қарамастан Мойынқұм,  Талас   мамыр айында қайта мемлекеттік сатып алуға конкурс жариялаған.           

Бүгінгі күнге дейін  1 мамырдағы  есепті мерзімге  Мойынқұм,  Талас ауданындарында   бала   кепілдідік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілмеген. Бұл аз қамтылған отбасылардың арасында әлеуметтік шиеленіске алып келуі  әбден мүмкін.

Назарларыңызға рахмет.

Баяндамаға дайындалған слайд

Дата публикации
17 мая 2022
Дата обновления
17 мая 2022
Тип
Доклад

Сейчас читают

04 июля 2025
Должности, подверженные коррупционному риску
20 мая 2025
КАРТОГРАММА КОРРУПЦИИ
Пресс-релизы
03 марта 2025
Пресс-релиз

Социальные медиа

Управление координации занятости и социальных программ акимата Жамбылской области
Управление координации занятости и социальных программ акимата Жамбылской области

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы