Абай Нариман Жетпісбайұлы
Руководитель аппарата акима Шуского района
Жалпы ақпарат, білімі
1994 жылы туған, жоғары білімді. 2016 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесімен бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 2016 жылы Шу ауданы әкімі аппаратының компьютерлік-техникалық операторы және көшірмелі-көбейту жұмыстарының операторы қызметінен бастаған.
2016–2017 жылдары – Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы;
2017 жылы – Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2017–2018 жылдары – Шу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы;
2018–2019 жылдары – Жамбыл облысы Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінде ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ветеринария мәселелері бойынша аудан әкімінің бас инспекторы;
2019–2021 жылдары – Жамбыл облысы Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы;
2021 жылғы сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Жамбыл облысы Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.