Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Т. Әшімбаев атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Сонымен қатар, жастар арасында өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру, агрессия мен қақтығыстардың алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шара барысында жастарға интернет кеңістігіндегі жауапты мінез-құлық, кибербуллингтің алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және бір-біріне құрметпен қараудың маңыздылығы туралы түсіндірілді.
13.02.2025 жылы Далақайнар ауылы әкімі аппаратында Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Н.Айжарыковтың ауыл тұрғындарымен кездесу жиыны өткізілді.
Казахская национальная одежда - это история, культура и душа народа.