«Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ міндеттері:
Аймақта ақпараттық күн тәртібін жоспарлау бойынша ұсыныстар, Жамбыл облысы әкіміне тікелей бағынатын және есеп беретін жергілікті атқарушы органдар үшін медиа-сценарийлер мен ақпараттық хабарламалар әзірлейді.
Аймақтық брифинг, пресс-конференциялар ұйымдастырады және өткізеді.
Өңірдегі маңызды және әлеуметтік мәнге ие ақпараттық мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін ресми ақпарат дайындайды және ұсынады.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланған материалдарға мониторинг жүргізеді.
Жиналған материалдар негізінде ақпараттық алаңның талдамалық және болжамдық құжаттарын, сценарийлік даму жоспарларын дайындайды.