Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 – бабы, 9 тармағына сәйкес Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сарысу ауданы Жаңаарық, Досбол ауылдық округтеріне әкімдікке «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы Сарысу аудандық филиалынан және «Ауыл» Халықтық- демократиялық патриоттық партиясы ҚБ Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалы ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Жаңаарық ауылдық округіне Алдабергенов Куандык Шалкыганович, 1982 жылы туған, Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, Сарысу ауданы Ұ.Сыздықбайұлы ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының мүшесі.
Жаңаарық ауылдық округіне Балыкбаев Багдат Саурович, 1982 жылы туған, Байқадам ауылдық округі әкімі аппараты, бас маман, Сарысу ауданы Игілік ауылының тұрғыны, «Ауыл» партиясының мүшесі.
Досбол ауылдық округіне Молдабеков Нурлан Онгарбекович, 1977 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Сарысу ауданы Досбол ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының мүшесі.
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы