Меню

Страницы

Статья

САРЫСУ АУДАНЫНДА АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАРДЫҢ, АУЫЛДАРДЫҢ, КЕНТТЕРДІҢ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУҒА ҚАТЫСАТЫН ҮМІТКЕРЛЕРГЕ САЙЛАУ АЛДЫ ҮГІТ- НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН «SARYSÝ» ГАЗЕТІНІҢ БЕТІНДЕ БАСПАСӨЗДЕН ОРЫН БЕРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ, ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ» КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫНЫҢ 28-БАБЫНЫҢ 3-ТАРМАҒЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС АУДАНДЫҚ «SARYSÝ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ- НАСИХАТ МАТЕРИАЛДАРЫН КӨЛЕМІ 0,1 БАСПА ТАБАҚТАН АСПАЙТЫН МАҚАЛА ТҮРІНДЕ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ҮГІТ-НАСИХАТ МАТЕРИАЛДАРЫН КАНДИДАТТАРДЫҢ ӨЗДЕРІ ДАЙЫНДАЙДЫ.

Үгіт материалын газетке жариялау үшін тіркелген кандидат немесе оның сенімді өкілі мынадай құжаттар ұсынады:

1.Редакцияға кандидат немесе сенімді өкілдің толық аты-жөні, тіркелу нөмірі, мерзімі, уақыты, сайлау округі толық жазылған, кандидат немесе сенімді өкілдің қолы қойылған жазбаша өтініш береді.

  1. Құжаттардың көшірмесі және жеке куәлігі нотариалды бекітіліп берілуі керек. Онда кандидаттың жеке куәлігі және кандидаттық куәлігі, сенімді өкілдің жеке куәлігі және сенімді өкілдігін растайтын куәлігі қоса болуы қажет.

Үгіт материалдарын жариялау тәртібі

Редакция кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен, егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе материалдардың жариялану ретін жеребе бойынша белгілейді. Жазбаша өтініш келіп түскеннен кейін үгіт материалына басылым бетінде тиісті орын берілгені үшін редакция және кандидат мақаланың жариялану ақысын алдын ала төлеу жайында екі жақты келісім- шарт жасасады.

Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі редакцияның есепшотына 100 пайыз көлемінде түскеннен  кейін барып  жарияланады.

Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі

Кандидат үгіт материалының  мәтінін редакцияның  жарнама бөліміне «SARYSÝ»  газетінің келесі саны жарыққа шығардан үш  жұмыс күні бұрын ұсынуы тиіс.  Материалдың мәтіні қағазға  басылып шығарылып, оған кандидат  немесе оның сенімді өкілі қол қою қажет. Сонымен қатар электронды нұсқасы  қоса болу керек. Берілген мерзімі, уақыты, тіркеу нөмері көрсетіліп, екі данамен шығарылған материалдың жазбаша  нұсқасының  біреуі газеттің жарнама бөліміне тіркеліп, екіншісін  тапсырыс берушінің өзі алып кетуі тиіс.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары қабылданбайды.

Үгіт материалдарды жариялаудың төлем тәртібі

Кандидат немесе оның сенімді өкілі  үгіт материалдарының  жариялану құнын 100 пайыз төлейді.  Төлемақы алдын ала  келісімшартта  қарастырылғандай, редакцияның реквизиті көрсетілген есепшотына  аударылуы керек.

Қызмет көрсету құны

-1 (бір)  шаршы сантиметрі 110 (жүз он) теңге, ҚҚС-сыз;

ПРАЙС-ПАРАҚША

Сарысу аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауға қатысатын үміткерлердің үгіт материалдарын орналастыруға «SARYSÝ» газетінде орын беру туралы

«SARYSÝ» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, газеттің меншік иесі:

«SARYSÝ» газеті (формат D2; шығу жиілігі аптасына 2 рет: сәрсенбі, сенбі; тілі - қазақ, орыс; бір реттік таралымы 2700 дана);

Материалдарды орналастыру бағасы:

1 (бір) шаршы сантиметр үшін 110 (жүз он) теңге, ҚҚС-сыз.

Дата публикации
03 июля 2021
Дата обновления
03 июля 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
О включении граждан в списки избирателей

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы