Меню

Страницы

Статья

Үстіміздегі жылдың 25 мамырында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және сайлау мәселелері бойынша басқа да заңнамалық актілерге қол қойғаны мәлім. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Сарысу аудандық сайлау комиссиясының ұйытқы болуымен «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» аудандық семинар – кеңес болып өтті.

Аудан орталығы Жаңатас қаласы аудандық мәдениет үйі ғимаратының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқу залында санитарлық талаптарға сәйкес өткізілген жиынға облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Марат Әбдіре, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Махсат Әбділбәсіл, бірқатар тиісті бөлім басшылары, аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары мен мүшелері қатысты.

Д.Шортанбаевтың төрағалығымен өткен семинар – кеңес барысында әкімдердің тікелей сайлауын өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері, сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру, науқанды қаржыландыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық сүйемелдеу мәселелері қаралды.

Мәселелер ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауға байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып қаралды.

Семинар – кеңес бағдарламасына сай, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Шортанбаев «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері», «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуге қатысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына түзетулерді іс жүзіне асыру туралы», «Әкімдерді сайлау мәселелері бойынша түзетулерді іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының заңға тәуелді актілері туралы» баяндамаларын жасады.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы М.Әбділбәсіл «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру мен өткізуде жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі мен өзара іс – қимылы туралы» сөз қозғаса, аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Л.Ерсейтова «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау құжаттары нысандарының жобалары» жайлы және «Ауылдық деңгейдегі әкімдердің сайлау науқанын қаржыландыру мәселелері» жайында баяндама жасады. Басқосуда сұрақ-жауапқа кезек беріліп, өзара пікір алмасты.

Кеңес барысында Д.Шортанбаев сайлау жүйесінің және сайлауды ұйымдастыруға тартылған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың алдында тұрған үлкен міндеттерді толыққанды заңнамаға сәйкес өткізуді қамтамасыз ету барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерінен құзыреттілікті, жұмыстарының үйлесімділігін ерекше талап ететінін жеткізді.

Жергілікті атқарушы органдарға сайлаушылармен сайлау өткізуде біраз міндеттер жүктелген:

- сайлау рәсімдерін мүлтіксіз сақтап, сайлауды заңнамаға сәйкес өткізуді қамтамасыз ету;

- сайлау күні санитарлық нормаларды сақтау мәселесіне айрықша көңіл бөлу;

- сайлауға қатысатын сайлаушылардың тізімін айқындау және нақтылау жұмыстарының дұрыс болуы;

 - сайлаушыларды тасымалдау мәселесі мен үйде дауыс беретін сайлаушыларды қамту мәселесіне жіті назар аудару -деді Д.Шортанбаев.

Бұған қоса шарада «Пандемия жағдайында ауылдық деңгейдегі әкімдердің сайлауын өткізу туралы» аудандық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілі, «Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету» жөнінде аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Қ.Тлеубаев баяндама жасады.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен семинар-кеңеске қатысқан комиссия мүшелері қашықтан оқытылудан өтіп, «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру» бойынша тест тапсырды.

Дата публикации
22 июня 2021
Дата обновления
22 июня 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
О включении граждан в списки избирателей

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы