|
№ |
Өзекті мәселелер |
Шешілу жолдары |
|
1 |
Ауылдағы интернет мәселесі, интернеттің жылдамдығы мүлдем төмен және ұялы байланыс жоқ |
Жалпы ауданда интернетке қосылу мүмкіндік төмен 4 елді мекен бар, олар: Ақтам (69 адам), Шағалалы (190 адам), Кіші көкдала (36 адам), Қамқалы (307 адам) елді мекендері. Облыстық цифрландыру басқармасының жоспарына сәйкес, 2022-2023 жылдары Ақтам, Шағалалы елді мекендерін мобильді интернетпен қамту жоспарланған. Қамқалы ауылдық округіне байланысты, бүгінгі күнге ұзындығы 35 метрді құрайтын мачталарды орнату жұмыстарын жүргізді (мектеп, кітапхана, медпункт нысандары транстелеком желісіне қосылған), ендігі кезекте «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес, мердігерді анықтау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. |
|
2 |
Шығанақ-Қамқалы ауылдары және Шығанақ-Досбол ауылдары арасындағы облыстық маңыздағы автокөлік жолын жөндеуден өткізу |
Жалпы облыстық маңызы бар «Тоғызкент-Досбол-Шығанақ» автожолын күрделі жөндеу облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2022-2025 ж.ж. жол картасына еңгізілген. Бүгінгі күнге, «Тоғызкент-Досбол-Шығанақ» автожолының 20-42 шқ аралығында орта жөндеу жұмыстары жүргізілді (жоба құны - 736,3 млн.тг., мердігер - «Тараз Көлік Жолы» ЖШС, тапсырысшы - облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы) |
|
3 |
Жайлаукөл ауылында жаңадан соғылған дәрігерлік амбулаториялық пункттің жылу жүйесі және электр энергиясын қайта жабдықтау
|
2023 жылы 254,3 млн.теңгеге Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан Жайлаукөл ауылынан 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысын жүргізді, мердігер «Нұртұрсын» ЖШС. Жылу жүйесі және электр энергиясын қайта жабдықтау мәселесі тиісті басқармамен пысықталуда.
|
|
4 |
Мал азығын дайындау мақсатында өңірден ағатын Шу өзенін қаңтар-ақпан айларында келуін ұйымдастыру |
Бүгінгі күнге Мойынқұм ауданы Тасөткел ауылынан секундына 80 кубпен шығып жатыр. Қамқалы ауылдық округіне жобамен 10 шақырым қалып отыр, айдың аяғына дейін келуі күтілуде.
|
|
5 |
Жайлаукөл ауылы көпір маңындағы «Саудакент-2019» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне берілген 3400,0 га жерді қайтару |
«Саудакент-2019» АШӨК-не берілген 3 400,0 га жердің ішінен көпір маңындағы 1000,0 га бөлігі мемлекетке қайтарылды. Алдағы уақытта, қайтарылған жер учаскесі ауылдық округ жеріне бекітіледі. |