Меню

Страницы

Статья

Порядочность-главная ценность!

Әдептілік – басты құндылық!

Кез келген мемлекеттік қызметші жұмысқа тұрғаннан кейін үш күн мерзімде Әдеп Кодексінің мәтінімен таныстырылуы тиіс. Алдымен ол қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің негізгі міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға тырысуы керек. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы қатаң сақталады. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс. Тағы бір айта кетерлігі, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты сыпайы нысанда жүргізуге міндетті.

        Осы мемлекеттік қызметшілердің әдебін сақтауда, олардың құқықтарын қорғауда Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі тиімді жүзеге асырылған. Мемлекеттік қызметшілер әр түрлі жағдайдағы жеке сұрақтарымен алдымен Әдеп жөніндегі Уәкілге жүгініп, консультациялық көмектер алады. Аудан әкімі аппаратында Әдеп жөніндегі уәкілдің функционалдық міндеттері аудан әкімі аппаратының басшысы Атаева Нұрзия Ахатқызына жүктелген.

         Айта кететін жайт, қазіргі уақытта пандемия талаптарын сақтау мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілге жеке сұрақтармен онлайн байланыс арқылы жүгінуге болады. Телефон нөмірлері 87264224399, 87778766192

Дата публикации
30 июня 2021
Дата обновления
30 июня 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

23 октября 2026
Интернет СМИ
23 октября 2026
Печатные СМИ
23 октября 2026
Пользователи онлайн платформ

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы