Меню

Страницы

Статья

О начале принудительного изъятия земельного участка, предоставленного в аренду Алиеву Алмазу Тулеубаевичу для ведения крестьянского (фермерского) хозяйства.

Меркі ауданы әкімдігінің қаулысы

 

11.11. 2025 жыл

 

№320

 

 

Алиев Алмаз Тулеубаевичке шаруа қожалығын жүргізу үшін жалға берілген жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың

басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының                      31-бабына, Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 84-бабының                       2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 1, 2-тармақтарына, «ҚазАвтожол ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының 2025 жылғы 22 қазандағы №22-01/22-03/1308-И хатының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меркі ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 шілдедегі №253 қаулысымен Андас батыр ауылдық округінің аумағынан «Тарақты» шаруа қожалығын жүргізу үшін Алиев Алмаз Тулеубаевичке жалға берілген жалпы ауданы 13,0 гектар оның ішінде суармалы егістік 8,84 гектар, жайылым                       2,35 гектар, бөгде жер 1,81 гектар (есептік кварталы 064, реттік нөмірі 364) жер учаскесінің бір бөлігі ауданы 3,5 гектар суармалы егістік жер учаскесін «Сыпатай батыр» автомобиль өткізу пункттері мен жинақтау алаңдарын салу мақсатында мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару рәсімі басталсын.
  2. Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың шілде айының 31-не дейін.
  3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгіну орны Меркі ауылы, Әзімбек Ысмайылов көшесі №169 мекенжайында орналасқан «Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің салалық орынбасарына жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                                Е.Жиенқұлов

 

Дата публикации
12 ноября 2025
Дата обновления
12 ноября 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
20 октября 2026
Информация
18 октября 2026
Акермен
Информация
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы