Меню

Страницы

Статья

Жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 

ҚАУЛЫ

 

 №222

«12»   «08»   «2025»  жыл

 

 

Жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 84-бабының 2-тармағының                                 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 13-бабына, 15-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 2-тармағына, 2025 жылғы                     13 мамырдағы Андас батыр ауылдық округінің тұрғындарымен өткен жиналыстың №6 хаттамасы және аудан мәслихатының 2025 жылғы                          07 ақпандағы №39-4 шешімінің негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меркі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 07 қарашадағы №427 қаулысымен Андас батыр ауылдық округінің аумағынан «Төлеубай» шаруа қожалығын жүргізу үшін Абдуллаев Жумахан Махажановичке жалға берілген жалпы ауданы           93 гектар жер учаскесінің, бір бөлігі 69 гектар жайылым (кадастрлық нөмірі          06-092-064-001) жер учаскесі жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару басталсын.
  2. Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың желтоқсан айының 31-не дейін.
  3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгіну орны Меркі ауылы, Әзімбек Ысмайылов көшесі №169 мекенжайында орналасқан «Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Арғымбаев Қайрат Рахымбайұлына жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                                Е.Жиенқұлов

 

 

 

 

 

Енгізуші:

Аудан әкімдігінің жер

қатынастары бөлімі басшысы                                                                                Д.Нурпеисов

Дата публикации
13 августа 2025
Дата обновления
13 августа 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
20 октября 2026
Информация
18 октября 2026
Акермен
Информация
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы