ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№134
«05» «05» «2025» жыл
Меркі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 наурыздағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №103 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабын, «Жер кодексінің» 84-бабының 2-тармағының 4-1) тармақшасын, «Жайылымдар туралы» Заңының 13-бабын, 15-бабының 1-тармағын, «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, аудан мәслихатының 2025 жылғы 07 ақпандағы №39-4 шешімінің негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 Меркі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 наурыздағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №103 қаулысының 1-тармағына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
«жалпы ауданы 33,0 гектар» деген сөздер «жалпы ауданы 20,0 гектар деп өзгертілсін»;
«13 гектар жайылым (есептік кварталы 054, реттік нөмірі 585)» деген сөздер алынсын.
Аудан әкімі Е.Жиенқұлов
Енгізуші:
Аудан әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі басшысы Д.Нурпеисов