Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімінің 2024 жылғы І тоқсанда ауылдық округ тұрғындарымен жоспарлы кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар бекітілісінің орындалуы бойынша АҚПАРАТ

Аудан әкімінің 2024 жылғы І тоқсанда ауылдық округ тұрғындарымен жоспарлы кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

бекітілісінің орындалуы бойынша

АҚПАРАТ

 

 

Жалпы: - 66 тапсырма

Орындалғаны: -  19 тапсырма

Орындалу үстінде: - 47 тапсырма

Орындалмаған: -

 

№

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

2

3

4

5

6

Меркі ауылдық округі, Меркі ауылы

1.      

Аудан аумағында орналасқан көлік жуу, сауна, монша және т.б нысандарының меншік түріне қарамастан ауыз суды пайдаланып отырған мекемелерді зерделеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, заң талаптарына сәйкес тиісті шараларды қабылдау

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

тоқсан сайын

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (жинақтау), аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы,

ауылдық округ әкімдері

Меркі ауданы аумағында автокөлік жуу орталығының ешқайсысы орталықтандырылған ауыз ауыз су құбырына қосылмаған. Одан бөлек үш монша ауыз суға қосылған, су есептегіш құралдары орнатылған, осы аталған үш монша кезінде тұрғын үйге деп ауыз суы кіргізілген.

ОРЫНДАЛДЫ.

2.      

Ұлттық идеялогияны дамыту мақсатында Меркі ауылындағы «Меркі қалашығын» жаңғырту және аудан аумағында орналасқан ескерткіштер, билбордтар, аркалардағы нақыл сөздерді жаңалау және «Аманат» партиясы аудандық филиалының шығыс жағында орналасқан «Қазақтың үш биі» портретін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін,

тұрақты

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек,

аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі (жинақтау),

аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Меркі» тарихи өлкетану мұражайы,

ауылдық округ әкімдері

Меркі ауылдық округінде орналасқан билбордтар мен аркалардың ақыл сөздері қайта қалпына келтіріліп, түнгі жарық шамдары қосылды.

«Аманат» партиясы аудандық филиалының шығыс жағында орналасқан «Қазақтың үш биі» портретін жаңарту

2024 жылға жоспарланып отыр. Ұлттық идеялогияны дамыту мақсатында Меркі ауылындағы «Меркі қалашығын» жаңғырту бойынша облыстық «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мекемесіне хат жолданды, аталған мекеменің жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

3.      

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары және ауылдық округтердегі көше жолдарының жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын наурыз айының бірінші онкүндігіне дейін пысықтау

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

наурыз айының бірінші онкүндігі

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (жинақтау), аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі,

ауылдық округ әкімдері

Меркі ауылдық округіндегі ауыл ішілік  көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, ашық конкурс тәсілімен, бірыңғай ұйымдастырушыға жолданатын болады.

ОРЫНДАЛДЫ

4.      

Меркі ауылы Н.Торғаев көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жолда орналасқан жабайы сауда нүктелері мен автокөліктердің ретсіз орналасуын ретке келтіруді және Н.Торғаев көшесін жөндеу жұмыстарын жүргізу 

 

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін,

тұрақты

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Меркі ауылдық округінің әкімі

Меркі ауылы Н.Торғаев көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жолда орналасқан жабайы сауда нүктелерінің иелеріне ескерту беріліп, күнделікті жұмыстар жұргізілуде және Н.Торғаев көшесін ағымды жөндеу жұмыстары  2024 жылға жоспарланған. ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

5.      

Меркі ауылы, Е.Есімбеков көшесіне  түнгі жарықтандыру шамдарын орнату, ауыз су мәселесін және көшенің басына аншлаг орнату мәселесі бойынша жұмыстар жүргізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін,

тұрақты

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Меркі ауылдық округі

Меркі ауылы, Е.Есімбеков көшесіне күн сәулесімен қуатталатын түнгі жарық шамдарын орнатуға қаражат бөлінген, бірақ қайта қарастыру жұмыстары жүргізілуде.

Аншлаг орнату мәселесі бойынша , 2024 жылы ақпан айында аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне өтінім берілген. ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

6.      

Меркі ауылындағы  Шаңырақ, Самал көшелеріне ауыз су мұнарасын орнату жұмыстарын пысықтау

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ                                                                                                                                                                                           бөлімі (жинақтау),

Меркі ауылдық округінің әкімі

Меркі ауылының ауыз су жүйесін жаңғырту бойынша ЖСҚ әзірленіп, бюджеттік өтінім тапсырылып, 2024-2025 жылдары құрылыс жұмыстары басталатын болады, аталған көшелер жалпы жүйеге қосылады. ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

Сарымолдаев ауылдық округі, Сарымолдаев ауылы

7.      

Сарымолдаев амбулаториялық пунктіне жаңа жедел жәрдем көлігін алу туралы жолдарын қарастыру

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

мамыр

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек,

Аудандық орталық ауруханасы, Сарымолдаев ауылдық округі (жинақтау)

 

Меркі аудандық орталық ауруханасының 2024 жылғы 11 наурызында №799 шығыс хатымен 2024 жылы 24 қантарда мемлекеттік сатып алу порталы арқылы бірінғай ұйымдастырушыға 2 дана көлемде  «LADA NIVA Travel» «Медициналық қызмет» маркалы жедел жәрдем көлігі сатып алуға келісу үшін №372613 өтінім жолданғандығы, жалпы сомасы 28,3 млн.теңге құрайтын көліктерді сатып алу ауылды дәрігерлік амбулаториямен қамтамасыз ету мақсатында жоспарланып отырғандығы туралы жауап алынды.

ОРЫНДАЛДЫ

8.      

С.Омарходжаев (тұйық) көшесінің жолын асфальттау бойынша ұсыныс енгізу

 

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев, Сарымолдаев ауылдық округі

 

С.Омарходжаев (тұйық көше №9 Меркі колледжі) көшесінің ұзындығы-0,584 км жолын (асфальттау) орташа жөндеу үшін 2023 жылы «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы бойынша ұсыныс енгізіліп, 2024 жылға қаржы қарастырылды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес ашық конкурс жүргізілуде. Жұмыстар шілде-тамыз айларында жоспарлануда.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

9.      

Сарымолдаев ауылдық округіндегі мектептерге барар жолдарға жаяу жүргіншілер (тротуар) жолдарын төсеу бойынша толық ақпарат ұсыну

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев, Сарымолдаев ауылдық округі

 

Сарымолдаев ауылы орталық Ә.Исмайлов, Т.Рысқұлов көшелері арқылы  №9, №1 мектептерге және «Нұршуақ», «Таңшолпан» балабақшаларына барар жолдарға жаяу жүргіншілер (тротуар) жолдарын төсеу бойынша округ тарапынан 2021 жылы ЖСҚ әзірленген болатын. Жоба қолдау таппады. Өйткені аталған орталық көшелер аудандық маңызы бар «Қырғыстанға батыстан кірме 7,7 км» автожолы болғандықтан, сол автожолдың тозығы жеткеніне байланысты тиісті бөлім тарапынан автожолды қайта жаңғырту бойынша ЖСҚ әзірленуде және сараптамдан өтуде. Аталған автожол іске асқан соң жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланатын болады. Сонымен қатар 2024 жылға аудандық бюджеттен Сарымолдаев ауылы С.Омарходжаев көшесінен №1 мектепке дейін ұзындығы 470 метр құрайтын жаяу жүргіншілер жолын салуға 13,3 млн. теңге қаржы қарстырылды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес ашық конкурс жүргізілуде. Жұмысы маусым-шілде айында жоспарлануда. Қосымша О.Қарбозов, С.Ахтамбердиев көшелерінің бойына жаяу жүргіншілер жолын салуға ЖСҚ әзірленді.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

10.  

Ауылдық округтердегі күл-қоқысты шығару, тиісті мекемемен немесе ауыл тұрғындары тарапынан жеке кәсіпкермен келісім-шартқа тұру  мәселесін зерделеп, шешу жолдарын қарастыра отырып толық ақпарат ұсыну

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (жинақтау), ауылдық округ әкімдері

 

Бүгінгі таңда, аудан аумағында  "Андас тазалық" ЖШС, ЖК "Ашибаев", ЖК "Ақарал тазалық" ҚТҚ шығарумен айналысады. Тұрғындармен келісім шарт рәсімдеу  жұмыстары мекемелер тарапынан жүргізілуде. Сонымен қатар, келісім шарт рәсімдеу жұмыстарын бақылауға алып, түбегейлі орындалуы ауылдық округ әкімдік тарапынан жүргізілуде.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

 

Ақтоған ауылдық округі, Ақтоған ауылы

11.  

Ақтоған ауылындағы  «Тілеміс батыр» атындағы №4  ЖББОМ-не күрделі жөндеу өтетін мерзімі бойынша ақпарат ұсыну

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек,

Аудандық білім бөлімі (жинақтау),

Ақтоған ауылдық округі

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы  мердігерді анықтауға ашық конкурс жарияланды.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

12.  

Ауылдық дәрігерлік амбулаторияда  тіркеуде тұрған созылмалы ауруы бар тұрғындарға дәрі дәрімек жеткіліксіздігі бойынша ақпарат ұсыну

 

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

тұрақты

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек,

Аудандық орталық ауруханасы (жинақтау),

Ақтоған ауылдық округі

2024 жылы Меркі ауданына ГОБМП-230 166 920 теңге; МӘМС балалар-3 782 126,8 теңге; МӘМС ересектер- 58 311 877,3 теңге. Қосымша сұраныс бойынша ГОБМП-52 253 515,09 теңге, дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдар диспансерлік есепте тұрған науқастарды қамтамасыз етудеміз.

ОРЫНДАЛДЫ

13.  

Ауыл тұрғыны (Асқар Алакозов) суармалы егістік жерін тәлімдік егістікке ауысып кеткені, бүгінде қызылша дақылын егу үшін   50 га жерге мемлекеттік акт жасатуға 250 мың теңге көлемінде ақысы бойынша тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, атқарылған жұмыстар бойынша жүақпарат ұсыну

 

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

сәуір айы

Аудан әкімінің орынбасары Б.Абжапаров,

Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі (жинақтау),

Ақтоған ауылдық округі

 

Ақтоған ауылының тұрғыны Асқар Алакөзовке тәлімдік егістік жерін суармалы егістік алқап түріне ауыстыру бойынша заң талаптары түсіндірілді. ҚР Жер кодексінің 98-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi жерге орналастыру жұмыстарын қаржыландыру - жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өтiнiштерi бойынша - олардың өз қаражатының есебiнен жүзеге асырылады делінген.

«Азаматтарға арналған үкімет» МККЕ АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының «Жерді іздестіру, мониторингілеу және зертханалық зерттеу басқармасы» бөлек мекеме болып құрылуына байланысты қазіргі таңда алқап түрін ауыстыру жұмыстары уақытша тоқтатылған. Наурыз айының ортасынан бастап аталған жұмыстарды атқаруға өтініштер қабылданатын болады деп түсіндірілді. ОРЫНДАЛДЫ

14.  

Ақтоған ауылында 60 га тұрғын үй алқабына электр желілерін қосу  бойынша  мердігер мекемемен пысықтау жұмыстарын жүргізіп, ақпарат ұсыну

 

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі (жинақтау),

Ақтоған ауылдық округі

 

Ақтоған ауылындағы 60 га тұрғын үй алқабының электр жүйесі бекітілген жобалау сметалық құжатқа сәйкес құрылысы аяқталған. Аудандық электр жүйесі мекемесінің талаптарын орындау үшін қосымша қаржы қажеттігі анықталып отыр.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл ауылы

15.  

Жеміс Жидек ауылы №44 Орта ЖББОМ-нің спорт залы кіші болғандықтан, аталған ауылға спорт кешенін салу бойынша нақты шараларды қабылдау, ұсыныс енгізу (аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі спорт кешенге ЖСҚ әзірлеп, жоспарға енгізу)

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2025-2026 жылдар

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі (жинақтау),

Жамбыл ауылдық округі

 

Аудандағы жобалау сметалық құжаттары облыс әкімдігінің спорт және денешынықтыру басқармасының 5 жылдық даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта ауданға бекітілген жоспардың тізімінде Жеміс Жидек ауылына спорт кешенін салу жоспарланбаған. Аудан әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімі арқылы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізілетін болады. ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

16.  

Жамбыл ауылы, Б.Момышұлы көшесіне жөндеу жұмысын жүргізу бойынша ақпарат ұсыну сұрады

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

қараша-желтоқсан айлары

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Жамбыл ауылдық округі

Жамбыл ауылы, Б.Момышұлы көшесіне ішінара жөндеу жұмысын жүргізуге 31 млн 017 мың тенге   ЖСҚ әзірленген. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

17.  

Жеміс жидек ауылына мәдениет үйі құрылысын жүргізу үшін жер телімін анықтап, ЖСҚ әзірлеу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2025-2026 жылдары

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,

Жамбыл ауылдық округі (жинақтау)

Жеміс Жидек ауылы, Достық көшесінің төмен жағынан мәдениет үйін салу үшін 50 соттық жер телімі белгіленген. Жеміс жидек ауылына мәдениет құрылысын жүргізу үшін жер  телімін  таңдалып, мемлекеттік актісі алынып кәзіргі таңда тіркеу жұмыстары жүргізілуде.ЖСҚ әзірлеу жұмыстары бойынша аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы  және құрылыс бөліміне ұсыныс берілді. ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

18.  

Жамбыл ауылына мал дәрігерлік пункті ғимараты қажеттігін ескеріп, аудандық «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ КМК  жоспарға енгізу жұмыстарын пысықтасын

 

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Б.Абжапаров,

аудандық «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ КМК ,

Жамбыл ауылдық округі (жинақтау)

Жамбыл ауылдық округіне мал дәрігерлік пункті ретінде пайдалану үшін тұрғын үй сатып алуға аудандық «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ КМК бөлімі тарапынан 7 млн тенгеге бюджетік өтінім берілді.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

19.  

Жамбыл ауылында жер асты сулары көтерілуіне байланысты кәріз жүйелерін (дренаж) тазарту бойынша жұмыстарын жүргізу керек, ЖСҚ әзірлеу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін,

тұрақты

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Жамбыл ауылдық округі

 

Жамбыл ауылы «Ертөстік» бала бақшасының төмен жағынан және  Құрманғазы көшесі мен Ш.Уалиханов көшесінің ортасынан, «Кошали» мейрамханасының астынан  арық қазу үшін (дренаж) 3 млн 667 мың тенгеге ЖСҚ әзірленіп, қаржыландыруға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсыныс берілді.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

Кеңес ауылдық округі, Кеңес ауылы

20.  

Кеңес ауылының тұрғындарының бастамасымен спорт кешенің құрылысы жүргізу кезінде, кешен аумағын абаттандыру, кіші футбол алаңшаларын салу және т.б жұмыстарын жүргізу үшін мерзімінде бюджеттік өтінім беруілін бақылауда ұстау

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Кеңес ауылдық округі

 

Кеңес ауылына спорт кешенін салу үшін ауыл тұрындары демеушілік арқылы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жұмыстар атқаруда.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

21.  

Кеңес ауылындағы Байдаулет көшесіне асфальт салу және аталған көшеге түнгі жарықтандыруды қамтамасыз ету бойынша ақпарат ұсыну

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Кеңес ауылдық округі

 

Кеңес ауылындағы Байдаулет көшесін асфальт салу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлініп, қазіргі таңда конкурсқа қою жұмыстары жүргізілуде. Байдаулет көшесін жарықтандыру бойынша ЖСҚ жасалынған бюджеттен қаражат қарастырылған жағдайда жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

22.  

Жақыпбай көшесінде орналасқан 3 үйдің жолын асфальттау бойынша ЖСҚ әзірлеп, бюджеттік өтінім беруін пысықтап, ақпарат ұсыну.

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Кеңес ауылдық округі

 

Жақыпбай көшесіндегі 3 үйдің жолына асфальт салу үшін ЖСҚ жасалынып бюджеттік өтінім беру жұмыстары жүргізіледі.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

23.  

Ауыл әкімі Е.Джапарқұловтың ауыл тұрғындары алдында қайтадан есеп беруін, есеп беру кезінде салықтан түскен қаражаттардың жұмсалуы бойынша толық және нақты ақпарат беруін қамтамасыз ету

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

ақпан айы

Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Нәметқұлов,

Кеңес ауылдық округі

 

Ауыл әкімі Е.Джапарқұлов  тұрғындар алдында есеп беріп, 2023 жылы салықтан түскен қаражаттардың жұмсалуы туралы есеп берілді.

ОРЫНДАЛДЫ

24.  

Ауылдық округтердегі электр жарығының жиі өшуі, электр бағаналарының тозуы және т.б проблемалық мәселелерді зерделеп, әр ауыл бойынша жоспар әзірлеп, аудан әкіміне ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2025 жыл

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (жинақтау),

«Меркі электр желілері» ЖШС мекемесі,  ауылдық округ әкімдері

2025 жылы Меркі аудандық электр тарату жүйелерінің «Инвест» бағдарлама аясында Кеңес ауылындағы көшелердегі электр бағаналарымен сымдарына толығымен жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

25.  

Ауылдық округке мал қорымын құрылысының басталу мерзімі мен қолданысқа енгізу туралы нақты ақпарат ұсыну.

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Б.Абжапаров,

аудандық «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ КМК ,

Кеңес ауылдық округі

Ауылдық округтегі мал қорымына ЖСҚ жасалынып қаражат бойынша бюджеттік өтінім берілді.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

26.  

Меркі - Мыханды және Қызылқыстақ – Кеңес ауылдарын байланыстыратын автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін бюджеттік өтінім ұсынуын және ЖСҚ әзірлесін

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (жинақтау),

Кеңес ауылдық округі

 

Меркі ауданы аумағындағы аудандық мәндегі «Меркі – Мыханды» автомобиль жолына ағымды жөндеу жұмыстары бүгінгі күнге басталып мердігер «Alaman Stroy Group KZ» тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар облыстық мәндегі «Нововоскресеновка-Аспара» автомобиль жолын күтіп ұстауға басқарма тарапынан қаражат қарастырылып мердігер анықталуда.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

27.  

Ауылдық дәрігерлік амбулаторияда жөндеу жұмыстары жүргізілуіне қарамастан, мерзіміне жетпей қайта бұзылуы фактілері орын алып жатқандығын ескеріп, мердігер мекемемен кемшіліктерді қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүргізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

ақпан айының соңы

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек,

Аудандық орталық ауруханасы (жинақтау),

Кеңес ауылдық округі

Ауылдық дәрігерлік амбулаторияда 2023 жылдың наурыз-шілде айларында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта пайдалануға берілген. Пайдалану барысында ішкі қабырғаның керамикалық плиткамен орындалған қаптамасы ажырап, түсіп қалған. Мердігер ақпан айында кепілдік міндеттемесі аясында қалпына келтірді. Кемшіліктер қайта пайда болса, мердігердің кепілдік міндеттемесі щеңберінде жою ұйымдастырылады.

ОРЫНДАЛДЫ

Андас батыр ауылдық округі, Андас батыр ауылы

28.  

Андас батыр ауылының тұрғындары үшін демалатын орын немесе саябақ құрылысы жүргізу үшін нақты ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Андас батыр ауылдық округі

 

Андас батыр ауылының тұрғындары үшін демалатын орын немесе саябақ құрылысы жүргізу үшін жер қарастырылуда.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

29.  

Шекарадағы жүк көліктерінің жергілікті тұрғындар үшін қолайсыздық тудырмау мақсатында тиісті мекеме басшыларымен зерделеп, ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Андас батыр ауылдық округі

 

Шекарадағы жүк көліктерінің жергілікті тұрғындар үшін қолайсыздық тудырмау мақсатында ауылдық учаскелік полиция испекторлары және мемлекеттік автоинспекторлар тиісті жұмыстар жүргізуде.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

30.  

Андас батыр ауылындағы Әбен Шотайұлы орталық көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, облыстық «ҚазАвтоЖол» филиалы мекемесі арқылы шешу жолдарын қарастырып, ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі(жинақтау),

Андас батыр ауылдық округі

 

Меркі ауданы аумағында республикалық мәндегі «Қырғыстан мемлекетіне батыстан кірме жол» автомобиль облыстық «ҚазАвтоЖол» филиалы мекемесі тарапынан ағымды жөндеу жұмыстарына тиісті  басталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

31.  

Ауылдық емханаға қан сынамаларын (анализ) талдау орталығы (лаборотория) қажеттілігі туындау мақсатында, нақты шаралар қабылдап, ұсыныс енгізу

 

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

ақпан айының соңы

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек,

Аудандық орталық ауруханасы (жинақтау),

Андас батыр ауылдық округі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-257/2020 Зертханалық диагностика жүргізуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы бұйрығына сәйкес Меркі АОА  зертхана орталықтандырылған– экономикалық тиімділік мақсатында біріктіру және орталықтандыру жолымен әртүрлі патологиялық жай-күйдің диагностикасы үшін қажетті сериялы жоспарлы және жоспардан тыс, сирек кездесетін, қымбат тұратын зертханалық зерттеулерді орындау не жоғары технологиялық зертханалық зерттеулер жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы атқарушы органның шешімімен ұйымдастырылған денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі.

Әр дәрігерлік амбулаторияда өзінің өндірістік базасы негізінде қажетті материалды алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді.

ОРЫНДАЛДЫ

32.  

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында, жоғары оқу орнын бітіріп ауылға келген жас мамандар үшін арнайы семинар кеңес ұйымдастырып, оларды жұмысқа орналастыру мақсатында әр ауылда тиісті мекеме басшыларымен көшпелі жиын ұйымдастыру мәселесін қарастырып, атқарылған жұмыстар бойынша нақты ақпарат ұсыну

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

ақпан айының соңы

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (жинақтау),

Ауылдық округ әкімдері

Дипломмен ауылға бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің               2014 жылғы 6 қарашадағы             № 72 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Тиісті салалар бойынша  2024 жылға арналған аудан әкімдігінің 2023 жылдың 28 желтоқсанындағы №487 қаулысымен сала мамандарымен бірлесіп сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі қалыптастырылды. 2024 жылы  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы алу үшін 48 маманға 17 721,6 мың теңге (1 маманға 100 АЕК, тұрғын үй сатып алуға 33  маманға 282 438  мың теңге қаражат бөлінді.Дипломмен ауылға бағдарламасы аясында  әлеуметтік желіде түсіндіру мақсатында 2024 жылдың 18 қаңтарында аудан әкімдігінің merki.info инстаграм желісінде аталған бағдарлама бойынша онлайн жәрмеңке өткізілді. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 07 ақпанында «Жастарға кеңес» жобасы аясында Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлескен кеңес беру өткізілді.

ОРЫНДАЛДЫ

33.  

Ауылдық округтегі мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының малдарын шомылдыратын орнының (купка) қажеттілігін ескеріп, ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Б.Абжапаров,

аудандық «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ КМК ,

Андас батыр ауылдық округі

Ағымды жылы мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының малдарын шомылдыратын орнының (купка) құрылысына  аудандық «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ КМК арқылы облыстық басқармаға ұсыныс берілетің болады, құрылысқа қаржы бөлінген жағдайда купка соғылатын болады.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

34.  

Қарпық батыр көшесінің қалып қалған жолға қиыршық тас төсеу қажеттілігін ескеріп, ЖСҚ әзірлесін

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Андас батыр ауылдық округі (жинақтау)

Қарпық батыр көшесінің аяғындағы қалып қалған жолға қиыршық тас төсеуге сметалық құжат әзірлеу үшін бюджеттен қаржы бөлу туралы ұсыныс хат жолданды.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

35.  

«Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында 2,5% несие туралы ауыл тұрғындарына тәртібін, қажетті құжаттар тізімі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу (фотосуреттер ұсыну)

 

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

ақпан айының соңы

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімі,

Андас батыр ауылдық округі(жинақтау)

«Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында 2,5% несие туралы ауыл тұрғындарына тәртібін, қажетті құжаттар тізімі бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде бүгінгі кунге 138 азамат несие алуға ниет білдіруде. 

ОРЫНДАЛДЫ

36.  

Андас батыр ауылдық округі шекаралық аймақ болғандықтан округтегі кәсіп иелерімен заң аясында тиісті жұмыстарды жүргізе отырып, кәсіп нысандарының сыртқы келбетін ретке келтіру, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды пысықтау, атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат ұсыну

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

тұрақты

Аудан әкімінің орынбасары Б.Абжапаров,

Андас батыр ауылдық округі

Сыпатай Батыр кеден бекетіне жақын орналасқан кәсіпкерлердің кәсіп нысандарының сыртқы келбетін ретке келтіру, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, үнемі бақылауға алынған.

ОРЫНДАЛДЫ

37.  

Т.Рысқұлов көшесінің ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында тиісті шараларды қабылдап, ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Андас батыр ауылдық округі

Андас батыр ауылы Т.Рысқұлов көшесінің ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ескі су мұнарасын жөндеп, ескірген су құбырларын ауыстыруға сметалық құжат әзірленіп, қаржы бөлу туралы аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөліміне ұсыныс хат жолданды. Қаражат бөліндін

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

Аспара ауылдық округі, Аспара ауылы

38.  

Аспара ауылындағы ескі мектептің бір бөлігін бала-бақша, екінші бір бөлігін спорт залы ретінде пайдалану үшін нақты ұсыныс енгізу және аталған ғимаратты пайдалану үшін (электр жарығы, жылу жүйесі және т.б бір болғандықтан), теңгерімге алу мәселесін  заң аясында шешу жолдарын қарастырып, ақпарат енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

 

Аудан әкімінің орынбасарлары М.Өмірбек, Қ.Арғымбаев,

Аспара ауылдық округі (жинақтау),

аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі,

Аудандық білім бөлімі,

Аудан әкімдігінің қаржы бөлімі (теңгерім мәселесін шешу)

 

Аспара ауылындағы ескі мектеп ғимаратының бір бөлігін спорт үйірмелерін ашу үшін аудан әкімінің орынбасары Қ. Арғымбаев,  N- 20, 21, 22 балалар- жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары, спорт бөлімі, бұқаралық спорт орталығы зерделеп ғимараттың стандартқа сәйкес келмеуіне байланысты спортқа пайдалануға болмайтыны анықталды.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

39.  

Аспара ауылының мал жайылым жерлерін заңсыз жыртып, егін айдаған тиісті тұлғалар заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қажетті жағдайда шара қолдану жолдарын қарастырып, ақпарат ұсыну

 

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

сәуір айы

Аудан әкімінің орынбасары Б.Абжапаров,

Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі (жинақтау),

Аспара ауылдық округі

 

2023 жылдың сәуір айында Аспара елді мекенінің жайылым жерлерін жырту фактісі анықталды. Аспара ауылының мал жайылым жерлерін заңсыз жыртып, егін еккен тұлғалар Е.Баймырзаев, «Алдияр-71» шаруа қожалығына заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ауызша ескертілді. Екінші мәрте қайталанған жағдайда ҚР Жер кодексінің 93-бабының талаптарын бұзған жер пайдаланушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңына сәйкес шара қолданылатыны хабарланды.

ОРЫНДАЛДЫ

40.  

Ауылда «ArtSport» жобасын ашуға ниет білдірген кәсіпкерге тиісті мемлекет тарапынан берілетін көмектерді түсіндіре отырып, аталған жобаның іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша нақты жұмыстарды жүргізу,  ақпарат ұсыну

 

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

тұрақты

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек, Аспара ауылдық округі (жинақтау),

аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі,

аудандық бұқаралық спортты дамыту орталығы

 

Қазіргі таңда ауданда «Art Sport» пен  4 кәсіпкер айналысады, ол облыс бойынша  2-ші көрсеткіш Тараз қаласынан кейінгі. Осы жылдың 22-ақпанында облыстық спорт басқармасының білікті мамандарын ауданға шақыртып,  бұқаралық спорт мамандары мен кәсіпкерлердің қатысуымен  «Art Sport» бойынша семинар кеңес өткізілді. Бұл жұмыс келешекте жоспарға сай жүйелі түрде жүргізілінетін болады.

ОРЫНДАЛДЫ

Ақермен ауылдық округі, Ақермен ауылы

41.  

Кентай ауылы, Келдібай көшесінде орналасқан трансформаторды ретке келтіру бойынша жұмыстарды жүргізу

 

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (жинақтау),

«Меркі электр желілері» ЖШС мекемесі,  Ақермен ауылдық округі

 

Аудандық «Меркі электр желілері» ЖШС мекемесі тарапынан трансформатор бойынша тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп жаңа трансформатор қою керектігі анықталды. Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі тарапынан ІІ тоқсанда ЖСҚ әзірленетін болады.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

42.  

Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебіне көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдау

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі,

«АлатауСу жылу» мекемесі,

Ақермен ауылдық округі (жинақтау)

 

Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебіне көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша «Алатау Су-Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны          тарапынан ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін ЖСҚ әзірленетін болады.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

Жаңатоған ауылдық округі, Қостоған ауылы

43.  

Қостоған ауылындағы Жамбыл көшесінің бұрылысы, Құлбаев көшесінің 2-ші бұрылысы және

Мыңқазан ауылындағы Ынтымақ көшесінің бұрылысына орташа жөндеу (асфальт) жұмыстарын жүргізу бойынша ЖСҚ әзірлеп, қаражат қарастыру мәселесін шешсін

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі,

Жаңатоған ауылдық округі (жинақтау)

 

Жамбыл көшесінің бұрылысы, Құлбаев көшесінің 2-ші бұрылысы және Мыңқазан ауылындағы Ынтымақ көшесінің бұрылысына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленді, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне өтінім берілді, ЖСҚ әзірленді.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

44.  

Қызыл сай ауылының электр сымдарын мен ескі бағаналарды ауыстыру бойынша ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (жинақтау),

«Меркі электр желілері» ЖШС мекемесі,  Жаңатоған ауылдық округі

 

2026 жылы Меркі аудандық электр тарату жүйелерінің «Инвест» бағдарлама аясында Қызыл сай ауылындағы көшелердегі электр бағаналарымен сымдарына толығымен жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

45.  

Қостоған ауылындағы әкімдік ғимаратының ауылдық кітапхана орналасқан бөлмесіне ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеп, қаражат көздерін қарастыру бойынша ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,

Жаңатоған ауылдық округі (жинақтау)

 

Қостоған ауылындағы әкімдік ғимаратының ауылдық кітапхана орналасқан бөлмесіне ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленді, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне өтінім берілді, ЖСҚ әзірленді.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

46.  

Қостоған ауылындағы «Айбөбек» балабақшаға ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы;

 

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек,

Аудандық білім бөлімі (жинақтау),

Жаңатоған ауылдық округі

Ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, сметалық құжат әзірленуде.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

47.  

Қостоған ауылындағы №14 ЖОББМ ғимаратына қосымша құрылыс жүргізу туралы.

 

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек,

Аудандық білім бөлімі (жинақтау),

Жаңатоған ауылдық округі

Қосымша ғимарат құрылысын жүргізу үшін зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

Ойтал ауылдық округі, Меркі станциясы

48.  

Т.Рысқұлов атындағы №20 ЖББОМ-нің төңірегін асфальттау бойынша ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек,

Аудандық білім бөлімі (жинақтау),

Ойтал ауылдық округі

Мектеп қоршауының ішкі жағына тас төсеуіш (брусчатка) жұмыстары бойынша аудандық білім бөлімі тарапынан ЖСҚ әзірленіп  мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілетін болады. Ақау актісі әзірленіп, жөндеу жұмыстарын сәуір-мамыр айларына жүргізу жоспарлануда.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

49.  

Ойтал ауылындағы саябақта малдардың жайылуы, салдарынан жас тал-тарақтарды құртуы бойынша аудандық полиция бөлімімен бірлесе пәрменді шаралар қабылдау, мал иелеріне заң талаптарын түсіндіру, қайталанған жағдайда айыппұл салу мәселесін ескерту, сонымен қатар аталған саябаққа бейнекамера орнату бойынша ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

орынбасары Қ.Арғымбаев,

Ойтал ауылдық округі (жинақтау),

Аудандық полиция бөлімі

 

Ойтал ауылдық округіндегі учаскелік инспекторлармен бірлесіп тұрғындарға саябаққа малдарды жайуға болмайтындығы түсіндірілді қайталанған жағдайда айыппұл салынатындығы есертілді. Сонымен қатар саябаққа бейнебақылау орату бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне өтінім берілді.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

50.  

Ойтал ауылы, Меркі стансиясында ауыз жүйесін жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеп, қаражат қарастыру бойынша ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2025 жыл

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (жинақтау),

Ойтал ауылдық округі

 

Ойтал ауылы, Меркі стансиясында ауыз жүйесін жүргізу үшін аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан ЖСҚ әзірленіп, бюджеттік өтінім берілді

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

51.  

Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында ветеринарлар                (8 вет.дәрігер) бөлмесі орналасқан,  аталған бөлменің тар және қолайсыз жағдай туғызуына байланысты бөлек ғимаратқа ауыстыру жолдарын қарастыру, ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Б.Абжапаров,

аудандық «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ КМК ,

Жамбыл ауылдық округі (жинақтау)

Меркі ауданы ветеринария бөлімі басшысының мәліметіне сәйкес, Ойтал ауылдық округіндегі ветеринар мамандарға ғимарат сатып алып беру үшін қаражат қарастырып беруге Меркі ауданы ветеринария бөлімі аудан әкіміне ұсыныс енгізді.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

52.  

Ауылдық дәрігерлік амбулаторияда күндізгі стационарда ем алушыларға барлық аурулар түріне «Магнезия» дәрі-дәрмегі беріледі, аталған мәселе бойынша зерделеп, ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек,

Аудандық орталық ауруханасы,

Ойтал ауылдық округі (жинақтау)

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес емделіп шыққан жағдайларды – жүргізілген емдеу-диагностикалық іс-шаралардың клиникалық аудит жүргізілген: клиникалық хаттама белгілі бір ауру немесе пациенттің жай-күйі кезінде емдеу жөніндегі ғылыми дәлелденген ұсынымдарға сәкес «Магнезия» дәрі-дәрмегі беріледі. ОРЫНДАЛДЫ

Рысқұлов ауылдық округі, Рысқұлов ауылы

53.  

Интернациональный ауылында ауыз суы жиі өшіп қалуына байланысты, «ГазПлюсСервис» ЖШС мекемесінің жұмысын толық зерделеп, ақпарат ұсыну

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (жинақтау),

Рысқұлов ауылдық округі,

«ГазПлюсСервис» ЖШС мекемесі

Қазіргі таңда, аудан аумағындағы ауыз су жүйесін коммуналдық меншікке қайтару мақсатында сот рәсімдері жүргізілуде. ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

54.  

Рысқұлов ауылына жүретін қоғамдық көліктің (автобус) шағын болуына байланысты, тасымалдаушы мекемемен бірлесе шешу жолдарын қарастырып, ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (жинақтау),

Рысқұлов ауылдық округі,

«Меркі жолаушы» ЖШС мекемесі

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта шешімін табады.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

55.  

Рысқұлов ауылы арқылы өтетін республикалық маңызы автодәлізінің көпірінің («Атабек» мал базарына қарама-қарсы) төменгі жағында ойық орын алуына байланысты, облыстық «ҚазАвтоЖол» филиалы мекемесін хабардар етіп, аталған мәселені шешу бойынша ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі,

Рысқұлов  ауылдық округі (жинақтау)

 

Жамбыл облысы «ҚазАвтоЖол» филиалымен келіссөздер жүргізіліп, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

56.  

Рысқұлов ауылында орналасқан су мұнарасының жұмысын бақылау мақсатында, аталған мұнараға қарауыл қажеттігі ескеріліп, шешу жолдарын қарастырсын

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

сәуір айы

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (жинақтау),

Рысқұлов  ауылдық округі

Рысқұлов ауылында орналасқан су мұнарасының жұмысын бақылау мақсатында «ГазПлюсСервис» ЖШС мекемесінен қарауыл бекітілген.

ОРЫНДАЛДЫ

57.  

Интернациональный ауылы, Н.Гоголя көшесінің электр бағандарының тозығы жетіп ескіруіне байланысты, жаңарту бойынша шешу жолдарын қарастырсын

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

ақпан айының соңы

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (жинақтау),

«Меркі электр желілері» ЖШС мекемесі,  Рысқұлов ауылдық округі

Ағымдағы жылдың наурыз айында электр желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша электр желі тартылып, электр кернеуі тұрақтандырылды

ОРЫНДАЛДЫ

Тәтті ауылдық округі, Тәтті ауылы

58.  

Тәтті ауылы, Бәйтерек көшесінің  қиылысына жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2025 жыл

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Тәтті ауылдық округі

 

Бәйтерек көшесінің жөндеу жұмыстары бойынша ағымдағы жылы ЖСҚ әзірленіп, 2025 жылы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

59.  

Тәтті стансасы, Қорағаты көшесі қиылысына жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастырып, ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2025 жыл

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

Тәтті ауылдық округі

 

Қорағаты көшесін жөндеу жұмыстары бойынша ағымдағы жылы ЖСҚ әзірленіп, 2025 жылы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

60.  

Тәтті ауылының электр энергиясы қуатының төмендігі және электр бағандары мен сымдарын ауыстыру мәселесін зерделеп, ақпарат ұсыну

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

наурыз-сәуір айлары

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (жинақтау),

«Меркі электр желілері» ЖШС мекемесі,

Тәтті ауылдық округі

Ағымдағы жылдың наурыз айында электр желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, электр кернеуі тұрақтандырылды.

ОРЫНДАЛДЫ

61.  

Ақжол ауылындағы ескі мектептің ғимаратын  бала бақша ретінде пайдалану үшін зерделеп, ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек,

Аудандық білім бөлімі (жинақтау),

Тәтті ауылдық округі

№15 мектеп жанынан шағын орталық ашу үшін ескі мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Қазіргі таңда  жобалық-сметалық құжат әзірленуде.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

Ақарал ауылдық округі, Ақарал ауылы

62.  

Ақарал ауылы дәрігерлік амбулаторияның жедел жәрдем көлігі ескіруіне байланысты,  жаңа көлікпен қамтамасыз ету жолдарын шешсін

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

наурыз

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек,

Аудандық орталық ауруханасы,

Ақарал ауылдық округі (жинақтау)

 

2024 жылғы 24 қаңтарда мемлекеттік сатып алу порталы арқылы бірыңғай ұйымдастырушыға 2 дана көлемінде «LADA NIVA Travel» «Медициналық қызмет» маркалы жедел жәрдем көлігін сатып алуға келісу үшін №372613 өтінім жолданды. жалпы сомасы 28 392 857,14 теңге. Бұл көліктерді сатып алу ауылды дәрігерлік амбулаториямен қамтамасыз ету мақсатында жоспарланып отыр.

ОРЫНДАЛДЫ

63.  

Созылмалы бүйректің жетіспеушілгі (Гемодиалез)   ауруына шалдыққан тұрғындарды орталық ауруханаға (Гемодиалезге арналған құрылғысына) жеткізу үшін арнайы көлікпен қамтамасыз ету жолдарын қарастырсын.

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

тұрақты

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек,

Аудандық орталық ауруханасы,

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,

Ақарал ауылдық округі (жинақтау)

 

Созылмалы бүйректің жетіспеушілгі (Гемодиализ)   ауруына шалдыққан тұрғындарды орталық ауруханада орналасқан Гемодиализге арналған құрылғысына («BB DIACER KAZAKHSTAN» ЖШС-і арқылы көрсетіледі) жолақысы және тамақтану үшін орталықта тұратын адамға бір сеанска 1000 теңге, қашықтан қатынайтындарға 1350 теңге төленеді. Сондықтан гемодиализ емін қабылдайтын азаматтарға  Инватакси қызметі көрсетілмейтінін хабарлаймыз.

Қазіргі таңда, инватакси қызметін көрсететін мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмысы жүргізілуде, жеңімпаз ағымдағы жылдың наурыз айының ортасында белгілі болады. Жеңімпаз анықталғаннан кейін бұл мәселені қосымша қарастырылатыны хабарланады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № ҚР ДСМ-114 Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы бұйрығына сәкес BB Diacare Kazakhstan амбулаториялық гемодиализ орталығында ем қабылдайды.

2023 жылдың қазан айында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бар пациенттерге ТМККК шеңберінде көрсетілетін гемодиализ қызметтеріне тарифтерді қайта қарауға қатысты сұрау салуды жариялады. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне сұрау салуды қарап, жан-жақты талдау жүргізіп, қолданыстағы тарифті сақтау туралы шешім қабылдады. Мәселен, ҚР ДСМ  және гемодиализ орталықтары қауымдастықтарының өкілдері гемодиализ қызметтерін алатын науқастарды тасымалдаумен және тамақтандырумен қамтамасыз етуге арналған шығыстарды қосу қажеттігі туралы мәлімдеді. Тариф белгілеу мәселелері жөніндегі жұмыс органы пациенттерді көлік қызметтерімен қамтамасыз етудің, сондай-ақ гемодиализ қызметтерін алатын пациенттерді тамақтандырумен қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесіне талдау жүргізді; пациенттерді гемодиализ қызметтеріне тасымалдауға арналған шығыстарды тарифтерге қосу және кейіннен қаржыландыру орынды емес. Пациенттерде I топтағы мүгедектік болған жағдайларда көлікпен қамтамасыз ету және сүйемелдеуді әлеуметтік қызметтер жүзеге асырады. Сонымен қатар, гемодиализ қызметтерін көрсететін пациенттерді тамақтандыру мәселесіне қатысты Кодекске өзгерістер енгізу қажет, оң шешім қабылданған жағдайда мәселені республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылды.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

Сұрат ауылдық округі, Сұрат ауылы

64.  

Сұрат ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияға  дәрігер тапшылығы, сонымен қатар жедел жәрдем автокөлігін жаңартып беруі бойынша ұсыныс енгізсін

 

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл,

сәуір айы

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек,

Аудандық орталық ауруханасы,

Ақарал ауылдық округі (жинақтау)

 

Меркі аудандық орталық ауруханасында бүгінгі күнге  төмендегі мамандар тапшылығы бар. Шешім: Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және мамандар тапшылығын болдырмау мақсатында Меркі аудандық орталық ауруханасы С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне, Қазақстан-Ресей медициналық университетіне, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне, Қарағанды медицина университеті, Семей медицина университетіне, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына, Астана медицина университеттерінің ректорларына оқу бітіруші резидент дәрігерлермен кездесуге хат дайындалып, келісім берген жағдайда бас дәрігер, бас дәрігердің орынбасарлары және кадр бөлімінің басшысының шығу кестесі жоспарлануда.

Сұрат дәрігерлік амбулаторияда УАЗ -171 автокөлік 2012ж қызмет көрсетуді.

2024 жылғы 24 қаңтарда мемлекеттік сатып алу порталы арқылы бірыңғай ұйымдастырушыға 2 дана көлемінде «LADA NIVA Travel» «Медициналық қызмет» маркалы жедел жәрдем көлігін сатып алуға келісу үшін №372613 өтінім жолданды. жалпы сомасы 28 392 857,14 теңге.

Бұл көліктерді сатып алу ауылды дәрігерлік амбулаториямен қамтамасыз ету мақсатында жоспарланып отыр

ОРЫНДАЛДЫ

65.  

Сұрат ауылының тұрғындарын ауыз сумен үнемі қамтамасыз ету мақсатында, №2 су мұнарасын іске қосып беру жолдарын қарастырып, ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Арғымбаев,

аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі,

«АлатауСу жылу» мекемесі,

Сұрат ауылдық округі (жинақтау)

 

Сұрат  ауылындағы №2 су мұнарасы аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің теңгерімінде, 2024 жылдың наурыз айында болатын бюджеттік нақтылау отырысында қаражат бөлініп жасалынатын болады.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

66.  

Сұрат ауылындағы №19 Сыпатай Әлібекұлы атындағы ЖОББМ-ті күрделі жөндеуден өткізу үшін тиісті жұмыстарды жүргізу, ұсыныс енгізу

аудан әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

2024 жыл соңына дейін

 

Аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек,

Аудандық білім бөлімі (жинақтау),

Сұрат ауылдық округі

Сұрат ауылындағы №19 ЖОББМ-нің ғимараты қәзіргі таңда білім бөлімінің тарапынан ЖСҚ әзірленіп сараптамадан өткізілуде. Сараптама аяқталған соң қаржыландыруға ұсынылып үстіміздегі жылы жөндеу жоспарлануда. Күрделі  жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамадан өткізу үшін қаражат қарастырылуда.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

             

 

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы                                                                         А.Нәметқұлов

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын.: Н.Найзабеков

Тел.: 8 /72632/ 40180

Дата публикации
23 сентября 2024
Дата обновления
23 сентября 2024
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
20 октября 2026
Информация
18 октября 2026
Акермен
Информация
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы