Еліміздің барлық өңірлерінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға және халық үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Adaldyq alańy» жобасы табысты іске асырылуда.
Оның негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік органдар жұмысының тұтынушыға бағытталған үлгіге көшуі арқылы мемлекеттік қызметшілердің халық үшін ашықтығы және қолжетімділігі қағидаттарын қамтамасыз ету болып табылады.
Мұндай қызметтің нәтижесі – барлық өңірлерде ашылған сервистік әкімдіктер.
Мемлекет басшысының мемлекеттік органдардың сервистік модельге көшу бойынша тапсырмасына сәйкес, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен 2020 жылдың соңына дейін еліміздегі барлық деңгейдегі аудан және қалалық әкімдіктер сервистік қызмет көрсету үлгісіне көшірілді.
Меркі ауданының сервистік әкімдігінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін ауыл шаруашылық бөлімі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, жер қатынастары бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері орналасқан.
Аталған бөлімдерден сервистік әкімдікке жауапты қызметкерлер бөлім басшыларының бұйрықтарымен бекітілген.