Облыс әкімінің 2022-2023 жылдары Меркі ауданының тұрғындарымен кездесулерінде
берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша
АҚПАРАТ
|
|
2022 жылы – 36 Орындалғаны – 21 Орындалу үстінде – 13 Орындалмаған – 2
|
2023 жылы – 14 Орындалғаны – 3 Орындалу үстінде – 9 Орындалмаған – 2
|
|
||||
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Орындалуына жауаптылар |
Іске асыру мерзімдері |
Орындалуы |
|||
|
27.05.2022 ж. Облыс әкімінің Меркі ауданы тұрғындарымен кездесуі |
|||||||
|
1. |
Меркі ауданының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін кәсіпкермен толық келісім-шартқа тұру қажеттігі туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Меркі ауданының әкімі |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Келісім-шартқа тұрмаған аудан тұрғындарының аудан аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен айналысатын «Андас тазалық» ЖШС мекемесімен келісім-шартқа отыру керектігі бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, бақылауға алынды. Тұрақты |
|||
|
2. |
Әр ауылдық округ әкімі елді мекендегі әр тұрғынның тұрмыс жағдайын зерделеп, тұрғындардың табыс көздерін арттыру және сол елді мекенге инвестиция тарту бойынша жұмыстар атқару |
Меркі ауданының әкімі |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
2022 жылдың І жартыжылдығында Меркі ауданы бойынша 1,6 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылып, 316 жаңа жұмыс орны ашылды.
Тұрақты |
|||
|
3. |
Ауылдық округтерді дамыту бойынша жоспар құру |
Меркі ауданының әкімі |
2022 жылғы 13 маусым
|
2021-2025 жылдарға арналған Меркі ауданын дамыту жоспары әзірленді. Аталған жоспарға сәйкес барлық ауылдық округтер өз округтерін дамыту жоспарын құрды. Жоспарға сәйкес, тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Орындалды |
|||
|
4. |
Меркі ауданына қарасты ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік бағдарламаларды (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу т.б.) толық меңгеруі бойынша жұмыс атқару |
Меркі ауданының әкімі |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы аясында бизнес идеяларды жүзеге асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражатын беру ережелері мен жолдарын ауыл тұрғындарына түсіндіру мақсатында ауыл әкімдерімен бірлесе жұмыстар жүргізіліп, ауыл әкімдігінен бір маманнан бекітіліп, әр ауылдық округ аппаратының қызметкерлеріне және ауылдық округ әкімдеріне грант қаражатын беру ережелері мен жолдары түсіндірілді. 2023 жылы бүгінгі күнге дейін 49 адамға 67,6 млн теңге грант қаражаты берілді. Тұрақты |
|||
|
5. |
Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу т.б.) бойынша жұмыстарды жандандыру |
Меркі ауданының әкімі |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы аясында бизнес идеяларды жүзеге асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражатын беру ережелері мен жолдарын, жеңілдетілген несиелер мен жәрдемақылар т.с.с мемлекеттік қолдау бағдарламаларын ауыл тұрғындарына түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен INSTAGRAM интернет желісіне бірнеше рет материалдар жарияланды. Ауыл әкімдерімен бірлесе елді мекендерді аралап, түсіндірме жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар ауылдық округ әкімшілігінен жауапты мамандар бекітілген. 2023 жылдың бүгінгі күнге дейін 49 адамға 67,6 млн теңге грант қаражаты берілді. Тұрақты |
|||
|
6. |
Субсидияны және жеңілдетілген несиені алу үшін қажетті құжаттарды жинақтап, оны мемлекеттік мекемелерге, несие ұйымдарына тапсыру туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Меркі ауданының әкімі |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Мал және егін шаруашылығына тиісті субсидияны және жеңілдетілген несиені алу үшін қажетті құжаттардың тізімі туралы түсіндірме жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында бекітілген кестеге сәйкес 14 ауылдық округте сұрақ–жауап түрінде семинар кеңес өткізілді. Сонымен қатар күнделікті қабылдауға келген шаруа қожалықтарға және жеке қосалқы шаруа иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Тұрақты |
|||
|
7. |
Тиісті органдармен бірлесіп, мал басы көп шаруа қожалықтарын орман қоры жерлеріне шығара отырып, жайылым жер мәселесін шешу |
Облыс әкімдігінің жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары, Меркі ауданының әкімі (жинақтау) |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мен ауылдық округ әкімдері тарапынан ветеринариялық нормадан артық мал басын ұстап отырған тұрғындардың малдарын орман қорындағы жайылымдарға шығару және қысқа мерзімге пайдалануға беру алгоритміне сәйкес жұмыстар ұйымдастырылған. 2022 жылы аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес Ақарал ауылдық округінің аумағындағы Сыпатай батыр ауылының оңтүстік бөлігіндегі бос жатқан 3000 гектар жайылым жер елді мекеннің ортақ пайдаланудағы жайылымы болып бекітіліп берілді. Сонымен қатар 2023 жылы «Тәтті-Сарғобы» орманшылығының жерінен Ақарал ауылдық округінің малын жаю үшін 2000 гектар жайылым жер жалға берілді. Орман қоры жеріндегі жайылым және шабындық жерлерді барынша тиімді пайдалану мақсатында таулы және құмды аймақтағы орман жер қорындағы жайылымдық жерлерге округтер малдарын шығаруда. Тұрақты |
|||
|
8. |
Меркі ауылында орналасқан полигонның орнын ауыстыру бойынша жер телімін анықтап, тиісті құжаттарын рәсімдеу |
Меркі ауданының әкімі |
2022 жылғы 1 қараша
|
Меркі ауылында орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының экологиялық эмиссияға рұқсат қағазы 2028 жылға дейін болғандықтан, орын ауыстыру жұмыстары алдағы уақытта іске асырылатын болады. Орындалу үстінде. |
|||
|
9. |
А.Асқаровтың 100 жылдығын атап өту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, ұсыныс беру |
Меркі ауданының әкімі |
2022 жылғы 20 маусым
|
Мемлекет және Қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына орай Меркі ауданында бірқатар ауқымды іс-шаралар өтті (№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясына Асанбай Асқаровтың есімі салтанатты түрде беріліп, мектеп ішіне қойылған кеуде мүсінінің ашылу салтанаты, мерекелік концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар, республикалық ақындар айтысы, ескерткішке гүл қою рәсімі, республикалық ғылыми-практикалық конференция және т.б.). Орындалды |
|||
|
10. |
Меркі шипажайына барар жолды кеңейту бойынша ұсыныс енгізу |
Меркі ауданының әкімі |
2022 жылғы 1 шілде |
Меркі шипажайына барар жолды кеңейту көлік кептелісінің аздығына байланысты бүгінгі күнде өзекті мәселеге жатпайды. Орындалды. |
|||
|
11. |
Меркі ауылында саз мектебін салу үшін жер телімін анықтап, ұсыныс беру |
Меркі ауданының әкімі |
2022 жылғы 1 тамыз |
«Құрманбек Жандарбеков» атындағы №1 балалар өнер мектебі КММ, мекен жайы Меркі ауданы, Меркі ауылы Ә.Исмайлов №316. Аталған ғимарат 2023 жылы аудан бюджеті есебінен сатып алынды, жұмсалған сомма көлемі 275 млн теңге. Орындалды. |
|||
|
12. |
Жамбыл ауылының тұрғыны А.Қырғабақовтың өзінің тұрғын үй ауласына соққан мұз алаңын спорт кешеніне ауыстыру бойынша жұмыс атқару |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау) |
2022 жылғы 20 маусым
|
2022 жылы жеке кәсіпкер Е.Қырғабақов мұз алаңын Пейнтбол ойын алаңына айналдырған. 2023 жылы «ArtSport» бағдарламасы арқылы еркін күрес залын ашу жоспарлауда. Жеке кәсіпкерге өз кәсібін одан ары дамытуға аудан әкімдігі тарапынан құжаттарды рәсімдеу үшін, сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Орындалды |
|||
|
13. |
А.Қырғабақовтың балық шаруашылығын ашу үшін жеңілдетілген несиелерді алуы бойынша құжаттарын әзірлеуді сүйемелдеу |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау) |
2022 жылғы 20 маусым |
А.Қырғабақовтың балық шаруашылығын ашу үшін жеңілдетілген несиелерді алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Орындалды |
|||
|
14. |
Дәрігерлердің тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуін жандандыру
|
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармаcы |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
12.10.2021 жылы Меркі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Облыс көлемінде алғаш рет Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының «Салауатты халық жобасы» аясында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен кешенді іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мақсатында азаматтардан түскен шағымдарды тез арада «кәзір, осы жерде» лозунгымен аудандық орталық емхананың кіреберісінде Пациенттерді қолдау қызметі, шұғыл байланыс орталығы іске қосылды. Осы қызметтердің жұмысы және ол арқылы біріктірілген MIOMOS жүйесін енгізу арқылы шағымдардың саны азайтылды, пациенттер мен медициналық ұйым арасындағы байланысты және ведомствоаралық байланыстар жақсартылды. Халықпен 30 фокус-топ кездесулері және қызметкерлермен 11 кездесу өткізілді. Фокус-топтық талқылаулар барысында 60 ұсыныс айтылып, 45 ұсыныс шешімін тапты, 15 ұсыныс тұрақты бақылауға мониторингке алынды. Тұрақты |
|||
|
15. |
Меркі ауылындағы орталық аурухананың алдындағы автокөлік кептелісін ретке келтіру |
Облыстық полиция департаментінің бастығы А.Баймурзин (келісім бойынша) |
тұрақты |
Орталық аурухананың алдындағы автокөлік кептелісін ретке келтіру мақсатында тиісті жол белгілері орнатылды, автокөлік тұрағы жасалынды. Орындалды |
|||
|
02.11.2022 ж. Облыс әкімінің Меркі ауданы Ойтал, Сұрат а/о тұрғындарымен кездесуі |
|||||||
|
16. |
Жамбыл ауылдық округінде орналасқан «Жеміс жидек» ШҚ құлпынай алқабына су тапшылығын болдырмау мақсатында ұңғыма қазу жұмыстарын ұйымдастыру |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Меркі ауданының әкімдігі (жинақтау) |
тұрақты, аралық ақпарат 15.12.2022 ж. |
«Жеміс жидек» ШҚ құлпынай алқабына су Меркі өзенінен Чон каналы арқылы тамшылатып суғарылуда. Қазсушар РМК мекемесімен келісім шарт жасалынған, ағын суға тапшылық жоқ. Орындалды |
|||
|
17. |
Жамбыл ауылдық округінде құлпынай алқабын дамыту мақсатында «Бір ауыл - бір өнім» жобасы шеңберінде ауыл кәсіпкерлерін тарта отырып, тәжірибемен бөлісу арқылы құлпынай шаруашылығын дамыту жолдарын қарастыру |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Меркі ауданының әкімдігі (жинақтау) |
тұрақты, аралық ақпарат 12.12.2022 ж. |
Жамбыл ауылдық округінде құлпынай алқабын дамыту мақсатында «Бір ауыл - бір өнім» жобасы шеңберінде ауыл кәсіпкерлерін тарта отырып, тәжірибемен бөлісу арқылы құлпынай шаруашылығын дамыту жолдары бойынша «Жеміс-жидек» ЖШС-нің басшыларымен ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Орындалды |
|||
|
18. |
Жамбыл ауылдық округінде орналасқан «Жеміс жидек» ШҚ құлпынай алқабын қолдау мақсатында мемлекет тарапынан берілетін субсидияларын белгіленген заңнама талаптарына сәйкес берілуін қамтамасыз ету, субсидия беру тәртіптері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Меркі ауданының әкімдігі (жинақтау) |
тұрақты, аралық ақпарат 12.12.2022 ж. |
Жамбыл ауылдық округінде орналасқан «Жеміс жидек» ШҚ құлпынай алқабына сатып алынған көшеттеріне ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан субсидиясы толық көлемде төленіп берілді. Орындалды |
|||
|
19. |
Ақарал ауылдық округінде орналасқан «Гүлдер» ШҚ көкөніс, жеміс-жидек сақтайтын қоймасына керекті мемлекеттік қолдаулардың түрлері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Меркі ауданының әкімдігі (жинақтау) |
тұрақты, аралық ақпарат 01.12.2022 ж. |
АШБ тарапынан «Гүлдер» ШҚ басшысына көкөніс, жеміс-жидек сақтайтын қоймасына керекті мемлекеттік қолдаулардың түрлері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Орындалды |
|||
|
20. |
Ақарал ауылдық округінде орналасқан «Гүлдер» ШҚ-на мемлекет тарапынан берілетін субсидиялар түрлерін қарастыру барысында көшеттерді бір жерден тұрғындарға арзан бағамен сатып алу жолдарын қарастыру |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Меркі ауданының әкімдігі (жинақтау) |
тұрақты, аралық ақпарат 01.12.2022 ж. |
«Гүлдер» шаруа қожалығы аудандағы элиталық көшеттер өндіруші шаруашылық ретінде аттестаттаудан өткен шаруашылық. Ағымдағы жылы шаруашылықта сатылымға дайындалған көшеттері жоқ. 2023 жылдың күзгі сатылымға көшет дайындау жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде |
|||
|
21. |
Ақарал ауылдық округіндегі №5 мектеп-лицейінің күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарланған уақытында аяқтау және оқушыларды оқу жылының |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Меркі ауданының әкімдігі |
23.12.2022 ж. |
Ақарал ауылындағы №5 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 3-тоқсаннан бастап оқушылар мектеп қабырғасынан білім алуда. Орындалды |
|||
|
22. |
Қант қызылшасының тұқымдарын дамытып, шаруашылықтарды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету жолдарын қарастыру. 2023 жылға «Меркі қант зауыты» ЖШС-н толығымен қант қызылшасымен қамтамасыз етуді қолға алу |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Меркі ауданының әкімдігі (жинақтау), аудан әкімдері |
тұрақты, аралық ақпарат 01.12.2022 ж. |
Меркі ауданына қарасты «Сыпатай Батыр» ЖШС-нің қоймасын жалға алған «LLC Check Point Kazakhstan» ЖШС Францияның қант қызылшасы тұқымының буданын өндіретін «Фларимон Депре» ЖШС-мен тікелей келісім шарт жасалып, Меркі қант зауыты арқылы облысымыздағы қант қызылшасын егумен айналысатын шаруашылықтарға жеткізіп беру жоспарланған. 2023 жылғы 11 қаңтарында қант қызылшасы дақылын өндіретін шаруашылықтармен кездесу өткізіліп, «Меркі» қант зауыты» ЖШС-і қант қызылшасының тұқымымен шаруаларды 60% пайызын қамтуға келісім сөздер жасалды. Орындалу үстінде |
|||
|
23. |
Ойтал ауылдық округіндегі мәдениет үйінде балаларға арналған түрлі үйірме кабинеттерін ашу жолдарын қарастыру |
Білім, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармалары, Меркі ауданының әкімдігі (жинақтау)
|
тұрақты, аралық ақпарат 25.12.2022 ж. |
Бүгінгі күнде Ойтал ауылдық округінде мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін мәдениет үйінде балаларға арналған түрлі үйірмелер ашылатын болады.
Орындалу үстінде.
|
|||
|
24. |
Ақермен ауылдық округіндегі «Ілияс» ШҚ-да пилоттық жобаны іске асыру жұмысын жандандыру (барлық құжаттарды жинау және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу). Ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізу |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Меркі ауданының әкімдігі (жинақтау) |
тұрақты, аралық ақпарат 02.12.2022 ж. |
Ақермен ауылдық округінің тұрғындары пилоттық жобаға қатысу үшін 129 ауыл тұрғыны өтінім беріп 104 ауыл тұрғынының құжаты мақұлданып тиісті қаражатын алды. 15 ауыл тұрғынына қаражат жетіспеуіне байланысты алдағы уақытта қаржыландыратын болады. Қаржы алған 104 ауыл тұрғыны «Ақермен-Бірлік» АӨК – не мүше болып кіргізілді. Орындалды |
|||
|
25. |
«Тараз» ӘКК» АҚ-ы жанында ашылған агротехникалық кооперативтің қызметін пилоттық жобаны іске асыру барысында қолдану |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасы (жинақтау) |
тұрақты, аралық ақпарат 25.12.2022 ж. |
«Тараз» ӘКК» АҚ-ы жанында ашылған агротехникалық кооперативтің сүйемелдеуімен 10 ауыл шаруашылығы 116 млн 550 мың теңгеге өтінім берілді. Орындалды
|
|||
|
26. |
Ақермен ауылында спорттық нысан салу мәселесін зерделеп, нақты ұсыныстар енгізу |
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Меркі ауданының әкімдігі (жинақтау) |
тұрақты, аралық ақпарат 22.12.2022 ж. |
Спорттық нысан салу үшін жері анықталып мемлекеттік актісі алынып, аудан әкімдігінің құрылыс бөліміне ЖСҚ әзірлеуге тапсырылды, қазіргі уақытта ЖСҚ әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алу амалдары жүргізілуде. Даму жоспарына енгізілді. Орындалды
|
|||
|
27. |
Ақермен ауылында жаңа балабақша салу бойынша жеке кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу |
Меркі ауданының әкімдігі |
тұрақты, аралық ақпарат 12.12.2022 ж. |
Ақермен ауылында 2 мектепке дейінгі ұйым жұмыс атқаруда: «Бүлдіршін» мемлекеттік бөбекжай-бақшасы және жекеменшік «Шахнұр» бөбекжай-бақшасы. «Шахнұр» бөбекжай-бақшасы қосымша ғимарат салып жұмысын жүргізуде. Орындалды |
|||
|
28. |
Ақермен ауылының көшелерін жөндеу, жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізу |
Меркі ауданының әкімдігі |
тұрақты, аралық ақпарат 12.12.2022 ж. |
Ақермен ауылының көшелерін жөндеу бойынша «ГарантСтрой-2017» ЖШС-мен келісім шартқа отырып жөндеу жұмыстары басталды. Жарықтандыру бойынша Қонаев, Ә.Молдағұлова көшелеріне жүргізілді, қосымша ЖСҚ әзірленіп, 2023 жылдың бюджетіне енгізілді. Қазіргі уақытта «ГарантСтрой-2017» ЖШС-мен келісім шартты екі жақты бұзу жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде |
|||
|
29. |
Ойтал ауылдық округінің мүмкіндігі шектеулі азаматтарының медициналық-еңбек сараптау комиссиясынан өту барысын зерделеу
|
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жинақтау), Меркі ауданының әкімдігі |
тұрақты, аралық ақпарат 02.12.2022 ж. |
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарының медициналық- еңбек сараптау комиссиясынан өту барысы аурухананың мультидисциплинарлық комиссия мамандарының қатысуымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жургізіледі. Азамат Әділет Әшімбаевтың шағымы бойынша: Диспансерлік есепте «Морфана синдромы, Туа біткен кифоскалиоз» диагнозымен есепте тұрады. Соңғы рет 2015 жылы медициналық куәландырудан өтіп, өмір бойына 3-топ мүгедіктігін алған. Орындалды |
|||
|
30. |
Меркі ауданындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тасымалдау көліктерінің (инватакси) мәселесін шешу |
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Меркі ауданының әкімдігі (жинақтау) |
тұрақты, аралық ақпарат 02.12.2022 ж. |
Аудан көлемінде жалпы мүгедектігі бар адамдар саны 2458 адамды құрайды, оның ішінде: 1-топ - 187 адам, 2-топ - 976 адам, 3-топ – 905 адам. 16 жасқа толмаған мүгедектігі бар балалар саны – 390 адам. Инватакси қызметі «Қоғамдық Тараз» қоғамдық бірлестігі арқылы 73 азаматқа 2 инватакси автокөлігі қызмет көрсетілуде. Аталған қызмет үшін 11,655 млн. теңге бөлінген, есепті кезеңге 3,136 мың теңге қаражат төленіп берілді. «Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығының 33 тармағында «Инватакси қызметтерін алу үшін өтінім жоспарланған сапар күніне дейін бір күн бұрын инватакси қызметін көрсететін ұйымға телефон арқылы беріледі» деп нақты көрсетілген. Орындалды |
|||
|
31. |
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды үйде оқыту бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізу (мұғалімдердің жұмыстарын зерделейтін арнайы топ құру) |
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, білім басқармасы (жинақтау), Меркі ауданының әкімдігі |
тұрақты, аралық ақпарат 02.12.2022 ж. |
Бүгінгі таңда Меркі ауданының білім бөліміне қарасты 23 мектепте 113 балаға «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №223 бұйрығына) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Балаларға барлық мектептен арнайы ата-анамен келісілген кестеге сәйкес мұғалімдер барып, жүйелі түрде сабақ жүргізуде. Мұғалім мен ата-ана арасында жүргізілетін байланыс дәптері арқылы мектеп әкімшілігі ата-анамен байланысып отырады. Аудандық білім бөлімі тарапынан қатаң бақылауға алынған. Орындалды |
|||
|
32. |
Ойтал ауылының тұрғыны Наубахан Тілеуованың ұсынысы бойынша аудандық аурухананың жұмысына зерделеу жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), Меркі ауданының әкімдігі |
тұрақты, аралық ақпарат 02.12.2022 ж. |
Ұлы Жұлдызбаев Нұркен Рахатович 17.04.2014 ж.т. 18.08.2022 ж. жақ сүйегінің жарақатымен өздігімен аурухананың қабылдау бөліміне келген. Науқасты кезекші дәрігер қарап тексерген соң, бас сүйегін рентгенге түсіріп «Сол жақ төменгі жақ сүйегінің сынығы» диагнозы қойылған. Науқасқа отаны мамандандырылған көмекті Тараз қаласындағы көпсалалы ауруханада жақ суйек бет хирургия бөлімінде көрсетілетін болғандықтан жолдама берілген. Егер науқастың жағдайы ауыр болса, өзі қозғалмайтын, журе алмайтын, сана өзгерген кездерде, медициналық қызметкердің сүйемелдеуімен санитарлық автокөлікпен тасымалданады. Жағдайы тұрақты, амбулаториялық науқастар өз жолымен жіберіледі. Аудандық аурухананың жұмысына зерделеу облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жүргізілмеген. Орындалмаған |
|||
|
33. |
Ойтал ауылдық округінен өтетін темір жолдарынан мектеп бағытында аспалы көпір салу мәселесін шешу жолдарын қарастыру |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Меркі ауданының әкімдігі |
02.12.2022 ж. |
Ойтал ауылдық округінен өтетін темір жолдарынан мектеп бағытына қарай аспалы көпір салу бойынша жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде, бұл мақсатқа аудан бюджетінен 4570,0 мың қаражат бөлінген. ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін бюджеттік өтінім тапсырылатын болады. Орындалу үстінде |
|||
|
34. |
Сұрат ауылындағы интернет желісінің сапасын арттыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу |
Облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы, Меркі ауданының әкімдігі |
тұрақты, аралық ақпарат 02.12.2022 ж. |
Меркі ауданы Сұрат елді мекені Билайн, Актив операторларының 4G және Теле2 операторының 3G мобильді байланысымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, елді мекендегі мемлекеттік мекемелер «Қазақтелеком» АҚ талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылған. Сондай-ақ, «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы шеңберіндегі «2023-2027 жылдары Жамбыл облысының елді мекендерінің интернет желісіне және байланысына сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі» Жол картасына сәйкес аталған елді мекен тұрғындарын талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету жоспарланған. Орындалды |
|||
|
35. |
Сұрат ауылдық округіндегі су каналын жүргізу барысында жұмысшылардың жалақыларының берілмеуіне байланысты зерделеу жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы (жинақтау), Меркі ауданының әкімдігі |
тұрақты, аралық ақпарат 12.12.2022 ж. |
Облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы тарапынан жұмысшылармен кездесіп. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алайда, арыз-шағымның түспеуіне байланысты тексеру жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі болмады.
Орындалмаған |
|||
|
36. |
Аққайнар ауылындағы Т.Рысқұлов көшесінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды жол кедергісін орнату бойынша ұсыныс енгізу |
Меркі ауданының әкімдігі |
тұрақты, аралық ақпарат 02.12.2022 ж. |
Сұрат ауылдық округіне қарасты Аққайнар ауылындағы Т.Рысқұлов көшесінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды жол кедергілері орнатылды.
Орындалды |
|||
|
10.02.2023 ж. Облыс әкімінің Меркі ауданы Ақтоған, Т.Рысқұлов а/о тұрғындарымен кездесуі |
|||||||
|
37. |
Ақтоған ауылдық округтеріндегі ескірген электр желілері мен электр бағаналарын жаңарту жоспарына енгізіп, ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)
|
2023 жылғы 1 маусым |
Ақтоған ауылы аумағында орналасқан ескірген электр желілер мен бағаналарын жаңарту бойынша атқарылатын жұмыстар жоспарын нақтылау мақсатында Меркі аудандық электр тарату жүйелерінің мекемесіне (Аудандық электр желілерді күтіп-ұстаушы) хат жолданған. Орындалу үстінде |
|||
|
38. |
Т.Рысқұлов ауылдық округінде интернет жылдамдығын арттыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізу |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы 1 мамыр |
Меркі ауданы Т.Рысқұлов ауылдық округіне Т.Рысқұлов және Интернациональное елді мекендері қарайды. Т.Рысқұлов елді мекені Актив, Теле2, Билайн мобильді операторларының 4G мобильді байланысымен және «Қазақтелеком» АҚ талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылған. Интернациональное елді мекені Теле2, Билайн мобильді операторларының 4G, Актив мобильді операторының 3G мобильді байланысымен және «Транстелеком» АҚ талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылған. Сондай-ақ, «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы шеңберіндегі «2023-2027 жылдары Жамбыл облысының елді мекендерінің интернет желісіне және байланысына сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі» Жол картасына сәйкес аталған елді мекен тұрғындарын талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету жоспарланған. Орындалды |
|||
|
39. |
«ҚазСуШар» РМК Жамбыл облыстық филиалымен бірлесіп, Ақтоған ауылдық округіндегі «Молалы» каналын теңгерімге қабылдап, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалы (келісім бойынша) Меркі ауданының әкімі
|
2023 жылғы 1 маусым |
Актоган ауылдық округіндегі «Молалы» каналы КазсуШар маусым РМК дан бөлім теңгеріміне алынды. Бүгінгі күнге Молалы каналынан бөлек 18 канал ЖСҚ жасау үшін конкурс амалдары жасалуда. Орындалу үстінде
|
|||
|
40. |
Меркі ауданының таулы аймағында орналасқан «Қарақыстақ» жерінде алтын өндірісі орнының жер қойнауын пайдалану заңдылығына зерделеу жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (жинақтау) Меркі ауданының прокуратурасы (келісім бойынша), Меркі ауданының әкімі |
2023 жылғы 15 наурыз |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – ҚР ИИДМ) және «Тараз» ӘКК» АҚ-ы арасында 2017 жылғы 20 ақпанда Жамбыл облысындағы (Меркі және Т.Рысқұлов аудандары) «Қарақыстақ» кен орнында шашыранды алтын өндіруге 5 жыл мерзімге №5046-ТПИ Келісім-шарты (бұдан әрі-Келісім-шарт) жасалған. Осы жобаны одан әрі іске асыру үшін «Тараз» ӘКК» АҚ-ы мен «Гео Эдельвейс» ЖШС-ы арасында жасалған 2018 жылғы 23 шілдедегі Құрылтай шартының негізінде «Altyn Tolqyny» ЖШС-ы құрылған. Келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде (2017-2021жылдары) өңірдің әлеуметтік саласын және оның инфрақұрылымын дамытуға (206114 БСН) облыстық бюджетке 33 000 000 теңге көлемінде төлемдер жасалды. Алайда, «Тараз» ӘКК» АҚ-ның («Altyn Tolqyny» ЖШС) Т. Рысқұлов және Меркі аудандарындағы Қарақыстақ кен орнынан алтынды өндіруге арналған Келісім-шарттың мерзімі 2022 жылдың 20 ақпанында аяқталған. «Тараз» ӘКК» АҚ-ы Келісім-шарттың қолданылу мерзімін 5 жылға дейін (20.02.2027 ж.) ұзарту және кен орнын игерудің ұзартылатын кезеңге арналған жұмыс бағдарламасын келісу және «Altyn Tolqyny» ЖШС-не жер қойнауын пайдалану құқығын одан әрі беру туралы өтінішпен ҚР ИИДМ-ге 2022 жылғы 11-ші ақпанында өтініш хат жолдады. ҚР ИИДМ-гі 2022 жылғы 24-ші ақпандағы №7 хаттамасында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 12-тармағына сәйкес, Келісім-шарттың мерзімін ұзартудан бас тартты. Аталған келісімшарттың қолданысы тоқтатылды. ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің талаптарына және «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі зерттеу және жұмыс нәтижелерін қабылдау қағидаларына» сәйкес жер қойнауын пайдаланушы («Тараз» ӘКК» АҚ) келісімшарттық аумақта жою жұмыстарын жүргізуі тиіс. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі зерттеу (өндіру жұмыстары жүргізілмеген жағдайда) және жұмыс нәтижелерін қабылдап алу туралы өтінішін Басқармаға жолдайды. Зерттеп-қарау немесе тарату жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін қабылдауды тиісті жергілікті атқарушы органдарының, мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушы өкілдерінен құрылатын арнайы комиссия жүзеге асырады. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою немесе зерттеу актісіне қол қойылғаннан кейін, аталған кен орны бойынша жүргізілген іс-шаралар толығымен аяқталған болып есептеледі. Орындалу үстінде |
|||
|
41. |
Т.Рысқұлов ауылдық округіндегі жайылым жер мәселесін шешу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізу
|
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы 15 наурыз |
2022 жылғы 29 шілдедегі Рысқұлов ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылының тұрғындарының «Ата-Нұр» шаруа қожалығын жүргізуге жалға берілген ауданы 15,34 га тәлімді егістік жер учаскесін қайтаруды талап етіп жолдаған арызына сәйкес Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментіне хат жолданып, Департамент тарапынан жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама толтырылды. Рысқұлов а/о әкімінің аппараты тарапынан нұсқамада көрсетілген заң бұзушылықты жою мақсатында 2022 жылғы 14 қазанда Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданып, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 17.01.2023 жылғы №3115-22-00-2/1774 шешімімен талап қоюы қанағаттандырылып, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мен Ш.Далиева арасында жасалған 12.09.2012 жылғы №136 жер учаскесін жалға беру туралы келісім шарттың күші жойылды. Жер учаскесі жер қорына қайтарылды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес Т.Рысқұлов ауылының солтүстік бөлігінде орналасқан ауданы 300 гектар жайылым жерлер ҚР Жер кодексінің 84-бабы, ҚР Мемлекеттік Мүлік туралы Заңына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын болады. Бұдан бөлек, Рысқұлов ауылдық округі, Интернациональный ауылының тұрғындарынан жалпы ауданы 14,6 гектар егістік жерді қайтару туралы келіп түскен өтініші бойынша Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментіне хат жолданып, жер заңнамасының талаптары бұзылғандығы анықталған жағдайда сотқа талап арыз жолданады. Орындалу үстінде |
|||
|
42. |
Ақтоған ауылында 60 га жеке тұрғын үй алқабының ауыз су жүйесін жүргізу жұмыстарының мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету
|
Меркі ауданының әкімі |
2023 жылғы 1 маусым |
Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Ақтоған ауылында 60 га тұрғын үй алқабына қәзіргі таңда қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жоспар бойынша тапсырылу уақыты 1 шілде. Жоба құны - 337,420 млн тг құрайды. Орындалу үстінде. Орындалу үстінде
|
|||
|
43. |
Т.Рысқұлов ауылдық округіндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
Меркі ауданының әкімі
|
2023 жылғы 1 қыркүйек |
Рысқұлов ауылдық округіндегі көшелерді асфальттау үшін 39434,425 мың теңгеге ЖСҚ дайындалды, аудандық маслихат сессиядан қаржы қаралуы күтілуде. Жөндеу жұмыстары 2023 жылы жоспарлануда. Орындалу үстінде |
|||
|
44. |
Аудан көлеміндегі елді мекендердегі жолаушыларды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыру мақсатында зерделеп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу
|
Меркі ауданының әкімі
|
2023 жылғы 15 наурыз |
Аудан аумағындағы елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету бойынша Меркі ауданы аумағында 2 ай зерделеу жұмыстары жүргізіліп, «Меркі-Ақжол», «Меркі-Ойтал», «Меркі-Ақермен», және «Меркі-Т.Рысқұлов» елді мекендері облыстық маслихатқа ұсынылып, шешім бекітілді. Аталған бағыттар тұрақты қоғамдық көлікпен қамтылған. Орындалды |
|||
|
45. |
Интернациональный ауылына дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының қажеттілігін зерделеп, ауданның даму жоспарына енгізу мүмкіншілігін қарастыру
|
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсембаев, Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы 15 наурыз |
Т.Рысқұлов ауылдық округі Интернациональный елді мекенінде 2724 халық саны бар, Интернациональный елді мекенінде орналасқан бұрыңғы №7 жалпы орта білім беретін мектептің ескі спорт залы Т.Рысқұлов ауылы әкімі аппаратының теңгеріміне 2020 жылдың 20 мамырында берілген. 2023 жылы ағымдағы жөндеу құрылысы жүргізіледі, жалпы бөлінген қаржы көлемі 32323,0 млн. ауданның даму жоспарына енгізілген. Орындалды
|
|||
|
46. |
Т.Рысқұлов ауылында орналасқан мал қорымын қоршау жұмыстарын жүргізу |
Меркі ауданының әкімі |
2023 жылғы 1 наурыз |
«Меркі ауданы Рысқұлов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР Заңының 37-бабына сәйкес, Рысқұлов ауылдық округінде биотермиялық шұңқыр (мал қорымы) құрылысы үшін жалпы сомасы 4 706 120 теңгеге мемлекеттік сатып алу веб-порталында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жариялаған. Конкурс нәтижесі бойынша ең төменгі баға ұсынған жеке кәсіпкер «Адиль» жеңімпаз болып танылып, 2022 жылдың 9 қарашасында жалпы сомасы 3 200 000 тг. шарт жасалды. Келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындау мерзімі күнтізбелік 20 күн. Алайда мердігер тарапынан қазылуы тиіс 10 м. шұңқырдың тек 7,5 м. тереңдікке қазылып, шартта көрсетілген мерзім өтіп кеткен. Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР Заңының талаптарына сәйкес 2022 жылдың 22 желтоқсанында Тараз қаласындағы Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жеке кәсіпкер «Адиль» (басшысы А.Бердибеков) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану жөнінде талап арыз жасалған. Келісім-шарт талаптары орындалмағандықтан мердігерге қаражат төленбей, игерілмеген ретінде кері қайтарылды. Мал қорымы уақытша қоршаумен оқшауланды. Мал қорымына жақын орналасқан малшылар мен ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Орындалмаған |
|||
|
47. |
Т.Рысқұлов ауылында №28 орта мектебінің теңгерімінде тұрған су мұнарасын аудандық «ГазПлюсСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теңгеріміне өткізу жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы 20 қазан |
Меркі ауданының білім бөлімінің теңгеріміндегі барлық су ұңғымаларын аудандық ауыз су жүйесін күтіп-ұстаушы «АлатауСу-Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне өткізу мақсатында су ұңғымаларының жер телімін білім нысандарының жер телімінен бөліп, сәйкестендіру құжаттарын (мемлекеттік акті) әзірлеп, тиісті өткізу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету туралы Жамбыл облысының білім басқармасына тиісті хат жолданды. Орындалу үстінде |
|||
|
48. |
Т.Рысқұлов ауылдық округіндегі көшелердің түнгі жарықтандыру жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу |
Меркі ауданының әкімі
|
2023 жылғы ақпан |
Рысқұлов ауылдық округінің Интернациональный ауылы Қ.Мұхамеджанов пен Талапты көшелерінде 39 дана, Т.Рысқұлов ауылындағы №28 орта мектебі алдындағы жол бойында 11 дана күндіз күн сәулесінен қуат алатын және түнде жасанды жарық ұсынатын көше шамдары орнатылған. Жасанды жарық қыс мезгілінде орнатылғандықтан, күннің сәулесі аз түсіп, шамдардың жарығы да әлсіз болған. Кәзіргі уақытта күн жылынуына байланысты түнгі көше шамдарының жарығы жақсарды, тұрғындар тарапынан шағым-талаптар түскен жоқ. Сонымен қатар Интернациональный ауылындағы С.Сейфуллин көшесіне түнгі жарықтандыру жүргізуге 41154,0 мың тг. ЖСҚ әзірленіп, әрі қарай аудандық маслихат сессиясына қаражат қарастыру үшін 16.01.2023 жылы №07-12/9а хатымен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс жолданды. Орындалмаған |
|||
|
49. |
Т.Рысқұлов ауылдық округіне балалар, спорт (стрит воркаут) алаңшысының құрылысын жүргізу |
Меркі ауданының әкімі |
2023 жылғы 30 тамыз |
Т.Рысқұлов ауылдық округінің Интернациональный ауылында спорт алаңшасы (стритворкаут) бар, Р.Рысқұлов ауылында 2 футбол алаңшасы, 1 балалар ойын алаңшасы бар. Р.Рысқұлов ауылында стрит воркаут құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленуде. Орындалу үстінде
|
|||
|
50. |
Ақермен ауылдық округі, Алтын арық ауылына 100 орындық мектеп құрылысына ЖСҚ әзірлеу |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы 30 қараша |
Мектеп құрылысын салу үшін жер таңдау актісі алынып, Білім бөліміне тапсырылды. Орындалу үстінде |
|||