Меню

Страницы

Статья

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы                      20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабының 2-тармағының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 13-бабына, 15-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 2-тармағына, Андас батыр ауылдық округі Гранитогорск елді мекенінің тұрғындары арасында 2023 жылғы 25 ақпанда өткен жиналыстың хаттамасына сәйкес және аудан мәслихатының 2022 жылғы                    27 сәуірдегі №25-4 шешімінің негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меркі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 тамыздағы №438 қаулысымен Андас батыр ауылдық округінің аумағынан Курымбаева Оразкуль Сундетовнаға «Мунарбек» шаруа қожалығын жүргізу үшін жалға берілген жалпы ауданы             62,0 гектар, оның ішінде тәлімді егістік 20 гектар, жайылымдық 42 гектар (кадастрлық нөмірі 06-092-064-003) жер учаскелері қосымша сызбаға сәйкес, халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару басталсын.
  2. Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың сәуір айының 27 күніне дейін.
  3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгіну орны Меркі ауылы, Әзімбек Ысмайылов көшесі №169 мекенжайында орналасқан «Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Арғымбаев Қайрат Рахымбайұлына жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                                  Ж.Баубеков

 

 

 

Меркі ауданы әкімдігінің

2023 жылғы «___» __________ 

№_____ қаулысына қосымша

 

Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, халықтың   жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің

СЫЗБАСЫ

 

Дата публикации
14 июля 2023
Дата обновления
14 июля 2023
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
20 октября 2026
Информация
18 октября 2026
Акермен
Информация
18 октября 2026
Аспара

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы