Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабының 1-1) тармағының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 13-бабына, 15-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 2-тармағына сәйкес және аудан мәслихатының 2022 жылғы 27 сәуірдегі №25-4 шешімінің негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Меркі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №221 қаулысымен Ақермен ауылдық округінің аумағынан «Меркі асыл тұқымды зауыты» акционерлік қоғамына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға берілген ауданы 22 151 гектар (кадастрлық нөмірі 06-092-080-014) жер учаскесінің бір бөлігін ауданы 2805,4638 гектар жайылым қосымша сызбаға сәйкес, халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару басталсын.
- Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың сәуір айының 27 күніне дейін.
- Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгіну орны Меркі ауылы, Әзімбек Ысмайылов көшесі №169 мекенжайында орналасқан «Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Абжапаров Бақытхан Жаханұлына жүктелсін.
Аудан әкімі Ж.Баубеков