Жиі қойылатын сұрақтар
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін тиісті құжаттар тізімін аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және жолдары бөлімінен алып, «еgov» порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналаған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы ХҚКО (Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы) арқылы өткізуі қажет. Құжаттары толық, қолданыстағы Қазақстан Республикасының Заң талаптарына қайшы келмеген жағдайда тиісті санатқа (категория) жатқызылып, кезекке (тұрғын үй заң аясында кезекке сәйкес беріледі) алынатын болады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табысы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар(2022 жылдың І тоқсанына кедейшілік шегі 25646 теңгені құрайды).