
Жамбыл облысы, Меркі ауданы Сыпатай ауылында 1985 жылы 31 қазанда дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2008 жылы Д.Қонаев атындағы университетті «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.
Алғашқы еңбек жолын 2011 жылы Меркі ауданы әкімі аппаратында келісім шарт маманы болып бастаған. .
2012-2019 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2019-2022 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы;
2022-2023 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы;
2023-2024 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы;
2024-2025 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы болып қызмет атқаруда.
2 025 жылдың ақпан айынан бастап Меркі ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімшесінің басшысы болып қызмет атқаруда.